11 Тақырып - Ағаш материалдары мен бұйымдары Жоспар 1 Ағаш матеиалдардың қасиеттері
2 Ағаштан жасалынатын құрылыс бөлшектері мен бұйымдары.
Ағаш құрылыс материал ретінде әр алуан техникалық қасиеттермен сипатталынады. Ағаштың физикалық-механикалық қасиеттерін таза тұтас келте кесіндіден, тақтайдан немесе брустан жасалынған кішкентай үлгілерді сынау арқылы анықтайды.
Нағыз тығыздығы барлық ағаш жыныстары үшін тұрақты шамада деуге болады. Себебі, олардың барлығының химиялық құрамы бірдей целлюлозадан тұрады. Сондықтан, барлық ағаштардың нағыз тығыздығы орташа шамамен 1,54 г/см3.
Орташа тығыздығы ағаштың ылғадылығына, кеуектілігіне, жер сипатына және табиғи жағдайларға байланысты кең аралықтағы шамаларда болады. Көпшілік ағаштардың орташа тығыздығы 380-1000 кг/м3 аралығында өзгереді.