Жұмыс бағдарламасы модуль, пән атауы: «Наркологиядағы психикалық денсаулық және мейіргерлік күтім»



бет2/10
Дата07.11.2022
өлшемі44,66 Kb.
#156839
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
РП Наркология мен псих МИ 4 курс

1.2.Пән/модуль мақсаты: Поликлиника жағдайында және үй жағдайында психикалық және наркологиялық ауруларды ересектер мене балаларда ерте диагностикалау үшін; емдеу-профилактикалық шаралардың кешенін жүргізу үшін; психиатриялық және наркологиялық аурулардың ауруханаға дейін және аурухана деңгейінде шұғыл жағдайларды диагностикалау және мейірбикелік көмек көрсету үшін психиатриялық және наркологиялық экспертизаларды анықтау үшін керек білімдер мен тәжірибелік дағдалырды калыптастыру.
1.3.Пән/модуль міндеттері:
1.клиника-анамнездік деректердің негізінде ең жиі тараған психиатриялық ауруларды диагностикалауды үйрету;
2.психиатриялық және наркологиялық ауруды зерттеуінің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және патологиялық белгілердің негізінде локализация мен процесстің табиғатын анықтау үшін олардың диагностикалық маңызын бағалау;
3.қосымша зерттеу әдістерінің деректерін дұрыс анықтай білу – электрофизиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, нейровизуализациялық және басқалар;
4.ем тағайындауға, профилактикалық шараларды жүргізуге және еңбекке жарамдылығын анықтауға негіз болатын жиі тараған аурулардың клиникалық диагнозын белгілеуді үйрету;
5.әртүрлі аурулар кезінде нерв жүйесінің өзгерістері туралы нақты ой қалыптастыра білу; 6.клиникалық симптомдар мен синдромдар негізінде наркотикалық заттарды дифференциалды анықтай білу
7.неврологиялық, психиатриялық және наркологиялық аурулардың негізгі алдын алу принциптері мен шараларына үйрету;
8.психиатрия және наркологиядағы құқықтық сұрақтарының принциптеріне үйрету.
1.4.Қалыптастырылатын құзіреттілік:
БҚ-1. Оқыту. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсаттын қояды.
БҚ-1.1 Өзін-өзі дамыту. өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау жауапкершілікті көрсетеді және өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
БҚ-1.2 Сыни ойлау және шешім қабылдау: қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.
БК-2. Этика және кәсіпқойлық. Мейіргерлік көмек көрсету үрдісінде пациенттермен, олардың отбасымен және әріптестерімен өзара іс қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Өз іс әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондайақ оң жұмыс жағдайын қолдайды.
БҚ-2.2 Этикалық қағидаттар: кәсіби этикалық қағидаттарға бейімділігін көрсетеді, құпияларын сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.
БнҚ-1. Денсаулықты нығайту. Пациенттерді , отбасыларды және халық топтарын тиімді бақылау және кеңес беру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулығын нығайту.
БнҚ -1.1 Салауатты өмір салты: халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған алдын алу жұмысын реттейтін нормативті құқықтық құжаттарды біледі және пайдаланады, салауатты өмір салтының ұлттық және халықаралық стратегиялық бағдарламаларының әдістері мен технологияларын меңгерген.
БнҚ -1.2 Бақылау: созылмалы және әлеуметтік маңызды аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды жүзеге асырады.
БнҚ -1.3 Кеңес беру: пациенттермен оның отбасы мүшелерін денсаулықты сақтау, күтім жасау және аурулардың алдуын алу мәселелері бойынша оқытады, қауіп пен қорғану факторларын анықтайды. Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, жеке және отбасылық деңгейде алдын алу іс әрекеттерін жоспарлайды және орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет