Микобионт – қына қабатындағы саңырауқұлақтық симбионт
Микобиота – белгілі бір територияны мекен ететін немесе кез-келген ортада (топырақта, ауада, суда) тіршілік ететін саңырауқұлақтардың тарихи қалыптасқан популяциясы.
Микогенді сенсибилизация (лат.sensus – сезім) – саңырауқұлақтарға және олардың тіршілік әрекеті өнімдеріне ерекше сезімталдық және аллергия.
Микогоноз, ақ шірік – шампиньондар мен вешенканың ең кең таралған және ең қауіпті ауруы. Қоздырғышы – микогон саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ әрекетінен шампиньоннің жеміс денесі өзгеріп, ақ үлпілдек мицелиймен қапталған пішінсіз массаға өседі. Кейбір экземплярлардың табандары қатты ісініп, қалпақтары дамымай, кішкентай болып қалады. Кейін, жеміс денесінен қоңыр тамшылар бөлініп, жұмсарады, еті күңгірттеніп, жағымсыз иіс жығарып ыдырайды. Аурудың таралуына нашар вентиляция, жоғары температура мен басқа да қолайсыз факторлар жағдай жасайды. Күресу шаралары: ауру жеміс денелерін дереу жинау және жою (өрттеу), орындарын жаңа топырақпен толтыру, субстратты дезинфекциялау. Микогоноз, сондай-ақ ормандарда, жабайы қалпақты сңырауқұлақтарда да кездеседі.
Микодерма (гр.derma – тері) – 1) сұйықтықтың бетінде түрлі саңырауқұлақтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде қалыптастын қабықша; 2) саңырауқұлақтардың өсуімен себептелген, терідегі қотыр мен экзема тәріздес ауырсынатын түзілімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |