Жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы»


Микоплазма, микоплазмалылар, микоплазматәрізді ағзалар (МПА)



бет24/107
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#79267
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   107
Микоплазма, микоплазмалылар, микоплазматәрізді ағзалар (МПА) (кл.Mollecutes) – табиғаты анықталмаған микроскопиялық тірі ағзалар. Ядролық аппараты оларды бактериялар мен вирустер арасындағы прокариоттарға жатқызуға мүмкіндік береді. Клеткалық қабықшаның жоқтығы оларды бактериялармен, ал аурудың ұқсас симптомдары (бұйралану, сарыауру, ергежейлік, гүлдердің жасылдануы) вирустармен жақындастырады. МПА-ң мөлшері өте кіші (120-250нм), қозғалыссыз. Үшқабатты алзмалық мембрананың болуы олардың пішінінің өзгергіштігін түсіндіреді. Құрамында рибосомдар, ДНҚ, РНҚ бар. Көбеюі өте күрделі. Негізінен клетка аралықтарда дамиды. Сапротрофтар, топырақта кеңінен таралған, бірақ көбінесе өсімдік, жануарлар мен жәндіктердің паразиті. Микоплазмоздарды анықтау үшін электронды микроскопия әдістерін қолданады. Негізгі тұқымдастар – микоплазма (Mycoplasma), ахолеплазма (Acholeplasma).
Микориза (гр.rhiza – тамыр) – саңырауқұлақтың жоғарғы өсімдіктермен селбесіп тіршілік етуі. Селбесудің негізі саңырауқұлақтың өсімдіктен дайын органикалық заттар, ал өсімдіктің саңырауқұлақтан су мен минералды заттарды алуында. Микориза түзушілер – негізінен қалпақты саңырауқұлақтар, сирек зигомицеттер, қалталылар және жетілмеген саңырауқұлақтар, микоризаның түрлі типтерін түзеді:
1.Перитрофты – саңырауқұлақ гифалары өсімдік тамырының ішіне енбей, тек оны шырмай орайды. Ризосферада дамып, саңырауқұлақ онда өсімдіктің өсуі мен дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
2. Экотрофты – мицелий тамырды шырмай орап, топыраққа тарайтын көптеген гифалары бар ерекше жабын түзеді.
3. Эндотрофты – саңырауқұлақ гифалары тамырды сыртынан тығыз орап, қабықтық паренхимаға енеді.
4. Эндоэктотрофты – саңырауқұлақ гифалары иесінің ұлпаларының ішінде тарап, сирек сыртқа шығады.
Микоризаның биологиялық маңызын не мутуалистік симбиоз, не саңырауқұлақтың шектелген паразитизмі ретінде қарастырады.
Микотоксикоздар – өнімдер мен жем-шөпте болатын саңырауқұлақ токсиндерімен туғызылатын тірі ағзалардың улануы. Фузарий (Fusarium, қат. Hypomycetales) тұқымдасының саңырауқұлақ токсинімен уланған ұннан жасалған нанды пайдалану асептикалық ангинаны, балалардың сүйек қалыптасуының бұзылуын, лейкопенияны, аграгулоцитозды, т.б. туғызады. Қатты жем-шөпте мекендеп, стахиботрис (Stachybotris, қат. Hypomycetales) саңырауқұлағы даму үрдісінде улы заттар түзеді. Олар жануарларға (жылқы, қой, шашқа) түскенде күрделі улану – стахиботриотоксикоздар туғызады. Мұнда оған тән ауыз, тамақтың кілегей қабаттарының некроздары, қан түзуші мүшелердің өзгеруі, сондай-ақ ішек-асқазан тракті жұмысының бұзылуы пайда болады. Мұндай жем-шөппен жұмыс істейтін адамдарда да ауру пайда болуы мүмкін. Аспергилл тұқымдасы саңырауқұлақтарының токсиндері паралич, парез, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістерін туғызады. Микотоксикоздар нашар жем-шөпте токсинді саңырауқұлақтарды табу арқылы анықталады, мұнда клиникалық және патологиялық белгілер еске алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет