Жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы»


Микрон – микроскопиялық ұсақ ағзалардың мөлшерінің өлшем бірлігі. 1/1000 м-ге тең, белгіленуі – μ (гр. «мю») немесе мкм. Микроспория



бет26/107
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#79267
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107
Микрон – микроскопиялық ұсақ ағзалардың мөлшерінің өлшем бірлігі. 1/1000 м-ге тең, белгіленуі – μ (гр. «мю») немесе мкм.
Микроспория – адам (негізінен 6-12 жасар балалар) терісі мен шашын зақымдайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – микроспорум (Microsporum) тұқ-ң саңырауқұлағы және оның қалталы сатысы – наннизия (Nannizia, қат. Eurotiales). Ауру әлемде кең таралған, дерматомикоздардың ішінде екінші орында. Жануарлар сирек ауырады.
Микротүтіктерцитоплазманың субклеткалы, жіңішке, мембрансы жоқ ақуыздық құрылымдары. Клетканың бөліну үрдістеріне, органоидтардың клеткаішілік қозғалысына, секрецияға қатысады.
Микрофибриллдер – клетка қабығының клетка пішінін (цитоқаңқаны) сақтап тұратын компоненттері.
Микрофлора – микроағзалар флорасының жалпы атауы немесе олардың түрлерінің ұштасуы.
Микроциста – миксомицеттің өмірлік цикліндегі құрылым. Миксамебалар және зооспораларға қолайсыз жағдайларды өткеруге қызмет етеді.
Митохондрия (гр. chondrion – дән) – клетканың ультрақұрылымдың элементі – домалақ, созыңқы, таяқша тәрізді немесе бұрыс пішінді, ішкі және сыртқы мембрана мен мембраналық кеңістік – матрикстен тұрады. Клеткадағы митохондриялар саны 1-ден 100 000-ға дейін. Құрамында Кребс циклі мен электрондық-тасымалдаушы тізбектің ферменттері бар. Фотосинтезге қабілетсіз клеткалардағы АТФ-ң негізгі көзі. Митохондрияларда түзілетін АТФ ферменттер әсерінен ыдырап, ағза пайдаланатын энергияның үлкен мөлшері босап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет