Микотоксикология – саңырауқұлақтармен бөлінетін улы заттар мен олар туғызатын ауруларды зерттейтін медицинаның саласы.
Микотоксиндер – токсинді (улы) заттар, саңырауқұлақтар метаболизмінің өнімі. Олар шартты екі топқа бөлінеді: бауыр мен бүйректі зақымдайтындар және басқа мүшелерді зақымдайтындар.
Микофильді саңырауқұлақтар, микомицеттер – басқа саңырауқұлақтарды мекен ететін саңырауқұлақтардың ерекше тобы. Паразиттік немесе сапротрофты тіршілік етеді. Мысалы, дарлюка (Darluca, қат. Sphaeropsidales) тат саңырауқұлағының эциялары мен урединияларында, ал цицноболюс (Cicinobolus, қат. Sphaeropsidales)– ақұнтақ саңырауқұлағының мицелиінде паразиттік етеді.
Микофлора – белгілі бір ерриторияны мекен ететін саңырауқұлақтардың түрлік құрамы. Терминнің тарихи маңызы бар, өйткені, қазіргі пікірлер бойынша саңырауқұлақтар өсімдіктерге жатпай, өзіндік бөлек дүние болып табылады.
Микромицеттер (гр.micros – кіші) – микроскоппен ғана көрінетін, мөлшері микронмен өлшенетін, микроскопиялық саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар ішінде мөлшерінен ең көбі.
Достарыңызбен бөлісу: |