Жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы»


Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп



бет63/107
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#79267
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107

Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп


Экожүйенің негізгі қасиеттері:
1)зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
2)сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
3)биологиялық көбеюі.
Экожүйенің деңгейлері:
1)микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы
2)мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б.
3)макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т.б.
4)глобальдық экожүйе- биосфера
Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген.
Биогеоценоз екі блоктан тұрады:
1)«биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция);
2)«биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.
Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады.
Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)
Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады.
Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.
Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.
Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.
Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек.
Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:
I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер
II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы
III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.
IV- ірі жыртқыштар.
V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер .
Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек
Биоценозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады.
1) Жыртқыш-жемтік - биологиялық қарым-қатынас.
Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар.

  1. 2)Симбиоз- ұзақ , өзара тиімді байланыстар.

Бұршақ тұқымдастарының тамырындағы түйнек бактериялар, саңырауқұлақтар микоризасы, теңіз жануарларының жарық беретін фотобактериялары, т.б.
3) Комменсализм- біреуі басқасына мекен- жаймен тамақ береді, бірақ ешқандай тиімді емес: мысалы, медуза қоңырауы астындағы ставрида шабақтары, қи қоңыздары денесіндегі кенелер.
4) Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі.
5) Паразитизм – бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тірішілік ету.
6) Мутуализм - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету.
7) Амменсализм- организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынс жасаудың тағы бір түрі.
Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.
Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар).
Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады.
Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет