2.2 Пәннің мақсаты:
Өмірдің әртүрлі жастық кезеңінде физикалық және психикалық денсаулықты бағалауды, сонымен қатар оны сақтау мен күтуді үйрету.
2.3 Міндеттері:
өмірдің әртүрлі кезеңдерінде денсаулық жағдайын бағалау үшін жүйелі білімді қалыптастыру;
жеке денсаулық критерийін анықтауға және өмір сүру сапасын бағалауға үйрету;
жас шамасы әртүрлі топтағы жиі кездесетін аурулардың клиникалық симптомдарын анықтауға үйрету;
денсаулықты сақтау және күту үшін қауіп факторларын анықтап, оларды жоюға үйрету.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент
2.4.1 білуі керек:
Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық жағдайды;
адамның әртүрлі жастық кезеңдеріндегі анатомия – физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін;
жаңа туылған нәрестенің денсаулығын сақтау және күту, жас балаларды емізу ерекшеліктері, сонымен қатар егде және кәрі жастағы адамдардың өмір сүру салты мен тамақтанудағы орта білімді медицина қызметкерлерінің ролін;
репродуктивті жүйенің құрылымы мен функцияларын, жанұяны жоспарлау және контрацепция әдістерін;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативті құжаттарын.
Достарыңызбен бөлісу: |