ЖҰмыс бағдарламасы пән: Фармакогнозия негіздері Пән коды: Мамандық: 051103



Дата28.01.2018
өлшемі182,09 Kb.
#34920
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

ФГЗ және химия кафедрасы



044 -52/15-(3)

10 беттің -беті



«Фармакогнозия негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы





қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИкалы академия

Фармакогнозия және химия кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор
________Анартаева М.У. « » 2013 ж


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Фармакогнозия негіздері


Пән коды:
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: – 90 ( 2 кредит)
Курс 4 Семестр 8

2013ж.


«Фармакогнозия негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы фармакогнозия және химия кафедрасы ұжымымен 051103 «Фармация» мамандығына сай құрастырылған

Кафедра мәжілісінде қайта талқыланды

хаттама № 2013ж.
Кафедра меңгерушісі

х.ғ.д., проф._ Ә.Қ.Патсаев


Химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында қаралды

« » 2013ж хаттама №

Төрағасы


х.ғ.д., проф._ Ә.Қ.Патсаев

Әдістемелік кеңесте мақұлданды

« » 2013ж. хаттама №

2 Бағдарлама:

2.1 Кіріспе – Жоғары фармацевтикалық білімді мамандар дайындау жүйесінде фармакогнозияны оқытудың маңызы ерекше, себебі қазіргі заманғы дәрілік заттар арсеналында өсімдіктерден алынатын дәрі-дәрмектер үлкен орын алады. Фармакогнозия негіздері фармакогнозияны негізгі пән ретінде оқып үйренуге қажетті арнайы пән болып саналады.

2.2 Пәннің мақсаты – студенттерді фармакогнозияның даму тарихымен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастырумен, дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамымен және жіктелуімен, табиғи тиімді пайдалану негіздерімен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау процесстерімен және оны стандарттаумен, сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі бағыттарымен таныстыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

Пәнді оқытудың негізгі тапсырмаларына студенттерге келесі білімдер мен біліктілікті үйрету жатады:

- сапалы фитоөнім мен дәрілік өсімдік шикізатына сұраныстың үнемі өсіп отыруына сәйкес дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен қасиетін оқып зерттеу;

- қазіргі фармакотерапевтикалық препараттар арсеналында кеңінен қолданылатын жануар тектес, минералды заттардың қасиеттері мен химиялық құрамына бағытталған оқып зерттеу жұмыстары;

- табиғи тектес шикізатқа фитохимиялық және тауарлық талдау жасау.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент:

Білуі тиісті:

- фармакогнозияның даму тарихын және оның қалыптасуының негізгі сатыларын;

- табиғи тектес дәрілік шикізаттың атауы мен химиялық құрамы;

- өсімдік, жануар және минерал тектес дәрілік шикізатының дайындау негіздері.



Істей алуы тиісті:

- қалыпты құжаттар мен анықтама және ғылыми әдебиеттермен пайдалануды;

- дәрілік өсімдік шикізаттарын қолдану, жинау, кептіру және сақтау бойынша дәріхана пациенттеріне және тұрғындарға кеңес беруді;

- дәрілік өсімдік шикізатын дайындау, кептіру және сақтауды тиімді жасау және олардың қорын анықтау.



Дағдыларын меңгеруі тиісті:

- дәрілік өсімдік шикізаттарын макро- және микроскопиялық талдау бойынша;

- анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша дәрілік өсімдіктерді анықтау бойынша;

- табиғи шикізаттарды тауарлық талдау бойынша;

- химиялық құрамына және биологиялық белсенді затарына қарай дәрілік шикізатты сақтау бойынша.



2.5 Реквизитке дейінгі: ботаника, латын тілі, органикалық химия, аналитикалық химия, биологиялық химия, экология.

2.5 Реквизиттен кейінгі: дәрілер технологиясы, фармацевтикалық химия.


2.7 Тақырыптық жоспар

Дәрістің тақырыптық жоспары






Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




1 Кредит







1.

Фармакогнозияға кіріспе. Фармакогнозия – ғылым және оқу пәні ретінде. Пәннің негізгі түсініктері. Фармакогнозия пәнінің дамуының қысқаша тарихи сипаттамасы.

Кіріспе


1


2.

«Жапырақтары» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

Ақпараттық

1


3.

«Гүлдері» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

Ақпараттық

1

4.

«Шөбі» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

Ақпараттық

1

5.

«Қабығы» және «Бүршіктері» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

Ақпараттық

1

6.

«Жемістері» мен «Тұқымдары» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

Ақпараттық

1

7.

«Тамырлары және басқа жер асты мүшелері» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

Ақпараттық

1




Барлығы: 7 сағат










2 Кредит







1.

Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы.

Ақпараттық

1

2.

Дәрілік өсімдік шикізатын гистохимиялық және микрохимиялық талдау.

Ақпараттық

1

3.

Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау үрдістерінің негіздері.

Ақпараттық

1

4.

Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау.

Ақпараттық

1

5.

Дәрілік өсімдіктің және дәрілік өсімдік шикізатының жіктелу жүйесі.

Ақпараттық

1




Барлығы:_____30__II_кредит'>Барлығы: 5 сағат










Жалпы: 12 сағат






Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары






Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




1 Кредит







1.

Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау. Макроскопия. Микроскопия.

Зертханалық сабақ

2

2.

«Жапырақтары» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты жапырақтары болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

Зертханалық сабақ

1

3.

«Жапырақтары» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізатын талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

Зертханалық сабақ

1

4.

«Гүлдері» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты гүлдері болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

Зертханалық сабақ

1

5.

«Гүлдері» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізатын талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

Зертханалық сабақ

1



6.

«Шөбі» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты шөбі болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

Зертханалық сабақ

1


7.

«Шөбі» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізатын талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

Зертханалық сабақ

1





Барлығы: 8 сағат










2 Кредит







1.

«Қабығы» және «Бүршіктері» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты қабығы және бүршіктері болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

Зертханалық сабақ


1


2.

«Қабығы» және «Бүршіктері» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізатын талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

Зертханалық сабақ


1


3.

«Жемістері»мен «Тұқымдары» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты жемістері және тұқымдары болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

Зертханалық сабақ


1

4.

«Жемістері» мен «Тұқымдары» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізатын талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

Зертханалық сабақ



1


5.

«Тамырлары және басқа жер асты мүшелері» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты тамырлары және басқа жер асты мүшелері болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

Зертханалық сабақ


1

6.

«Тамырлары және басқа жер асты мүшелері» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізатын талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

Зертханалық сабақ

1

7.

Дәрілік өсімдік шикізатын гистохимиялық және микрохимиялық талдау.

Зертханалық сабақ

2

8.

Дәрілік өсімдік шикізатына фармакопеялық мақалалар (МФ XI). Құру тәртібі.

Зертханалық сабақ

2




Барлығы: 10 сағат










Жалпы: 18 сағат








Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

I кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігін анықтау әдістері. Макроскопиялық талдау.

Реферат,

баяндама,

шығармашылық тапсырма, есеп шығару, презентация, тесттік тапсырма дайындау, глоссарий


4

2

Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігін анықтау әдістері. Микроскопиялық талдау.

4

3

«Жапырақтары» дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері. Жинау, кептіру, сақтау ерекшеліктері. Латынша, қазақша және орысша атаулары, қолданылуы, дәрі-дәрмектері.

4

4

«Гүлдері» дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері. Жинау, кептіру, сақтау ерекшеліктері. Латынша, қазақша және орысша атаулары, қолданылуы, дәрі-дәрмектері.

4

5

«Шөбі» дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері. Жинау, кептіру, сақтау ерекшеліктері. Латынша, қазақша және орысша атаулары, қолданылуы, дәрі-дәрмектері.

4

6

«Қабығы, бүршіктері» дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері. Жинау, кептіру, сақтау ерекшеліктері. Латынша, қазақша және орысша атаулары, қолданылуы, дәрі-дәрмектері.

4

7

«Жемістері, тұқымдары» дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері. Жинау, кептіру, сақтау ерекшеліктері. Латынша, қазақша және орысша атаулары, қолданылуы, дәрі-дәрмектері.

4

8

№1 Аралық бақылау

Сұхбаттасу,

компьютерлік тестілеу



2




Барлығы:




30

II кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

«Тамырлары және басқа жер асты мүшелері» дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері. Жинау, кептіру, сақтау ерекшеліктері. Латынша, қазақша және орысша атаулары, қолданылуы, дәрі-дәрмектері.

Реферат,

баяндама,

шығармашылық тапсырма, есеп шығару, презентация, тесттік тапсырма дайындау, глоссарий


4

2

«Тамырлары және басқа жер асты мүшелері» дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық және микроскопиялық талдау.

4

3

Дәрілік өсімдік шикізатының сапалығын анықтайтын әдістерді (құрамындағы әсер етуші заттарды анықтау) меңгеру.

4

4

Дәрілік өсімдік шикізатының сапалығын анықтайтын әдістерді (ылғалдылығын және күлін анықтау) меңгеру.

4

5

Дәрілік өсімдік шикізатының сапалығын анықтайтын әдістерді (ұсақтылығын және құрамындағы қоспаларын анықтау) меңгеру. Дәрілік өсімдік шикізатының сапалығын анықтайтын әдістерді (ұсақтылығын және құрамындағы қоспаларын анықтау) меңгеру.

4

6

Қазақстан Республикасында жабайы және мәдени дәрілік өсімдіктерді қазіргі заманғы жинау әдістері.


4

7

№ 2 Аралық бақылау

Сұхбаттасу,

компьютерлік тестілеу



2




Барлығы:




30




Жалпы:




60


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: тақырыптық, шолу.

  • Зертханалық сабақтар: тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылау (тест бойынша, ауызша және т.б.), лабораториялық жұмысты орындау, нормативті құжаттардың талабына сай дәрілік өсімдік шикізатының талдауы бойынша хаттама жазып, оны қорғау.

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ): өз бетімен оқитын сұрақтар бойынша оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, электрондық мәліметтер қорымен және компьютерлік үйретуші бағдарламаларды қолдана білу; ситуациялық есептер құрастыру және шығару, глоссария құру, тесттік тапсырмалар құрастыру және шешу, тақырып бойынша ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау, лекцияда, лабораториялық сабақтарда, ОСӨЖ-да типтік бағдарламадағы өтпеген тақырыптар бойынша презентация даярлау. Аралық бақылау өткізу.


2.9. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдағы бақылау – жазбаша, ауызша сұрау, бақылау тесттері, СӨЖ тапсырмаларының орындалу нәтижелерін тексеру, кіші топтармен жұмыс жасау кезінде топтық бағалау мен өзін-өзі бағалау.

Аралық бақылау – талқыланған тақырыптарды ауызша сұрау, және компьютерлік бақылау.

Қорытынды бақылау: компьютерде бақылау тестілеу түрінде.

Қосымша материалдармен қамтамасыз ету, жабдықтау:

Жабдықтар: комппьютерлер, мультимедиалық проектор, экран, интреактивті тақта, микроскоптар.

Қосымша материалдар: гербариилер, шикізат, жапқыш, заттық шынылар
2.10 Ұсынылатын әдебиет:

негізгі:

1. Махатов Б. Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Қадишаева Ж.А. Фармакогнозия: оқулық. – Шымкент. – 2011. – 492б.

2. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.

3. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.

4. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 1. Общие методы анализа/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1987. – 336 с.

5. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1990. – 400 с.



қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с.

2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.

3. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.

4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. Вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, В.С. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. – Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК – книга, 2004. – 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб. пособие / под ред. И.А. Самылиной. – М. ООО “Медицинское информационное агентство”, 2008. – 288 с.: ил.


Жұмыс бағдарламасын дайындағандар:

фарм.ғ.к., доценттер: Тоқсанбаева Ж.С.

Орынбасарова К.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет