ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет11/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




Есептер:

Есеп №1


Науқас Ц., 42 жаста, терінің қышуына, сарғаюға, таңғы уақытта ауыздағы ащы дәмге, несебінің қою қоңыр түске боялуына шағымданады. Қарағанда: тері қабаттары мен склерасы сарғайған,дене терісінде тырналған орындар бар.

Аталған белгілер қандай патологиялық үдерістерге тән?



Есеп №2


Науқас «аш қарынға», түнгі және кеш, сода немесе аз көлемдегі асты қабылдағаннан кейін бәсеңситін ауырсынуға, қыжылдауға, ауырсыну шыңындағы құсуға, ішқатуға шағымданады. 5 жылданбері ауырады, кеш күзде өршу болып тұрады. Өршулер арасында өзін жақсы сезінеді.

Объективті: іші аздап ширыққан және эпигастрий аймағының оң жақ бөлігі ауырсынады. Мендель симптомы орталық сызық бойында кіндіктен аздап жоғары оң жағында оң мәнді.

Аталған белгілер қай ауруларға тән?


Есеп №3


Науқас С., 37 жаста, бір түні бойы екі рет құсқанына шағымданады. Құсық массасы қою-бурыл түсті. Азанда сұйық боп іші өткен. Қарағанда: бозарған, әлсіз, суық термен жабылған.

Сипатталған жағдайдың болжамды себебі қандай?





1) Тақырыбы №7: Асқорыту ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: асқазан және ішек диспепсиясы, асқазан-ішектік қан кету, сарғаю.

2) Мақсаты: Науқастың шағымдарына, ауру тарихына және физикалды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, бастапқы клиникалық синдромды анықтауды үйрету. Аурудың этиологиясын және патогенетикалық механизмдерін анықтау. Жалпы қан анализін, ФГДС, өңешішілік рН-метрия, шырышты қабаттың биоптаттарын гистологиялық зерттеу, Helicobacter pylori анықтау әдістерінің нәтижелерін талдау.


3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Іштің топографиялық сызықтарын.

  • Іштің түрінің өзгеру себептерін.
  • Асқазан және ішек диспепсиясы, асқазан-ішектік қан кету, сарғаю синдромдарын. Себептері, белгілері, олардың даму механизмі, диагностикалық маңызы.


  • Құрсақ қуысы мүшелерінің алдыңғы құрсақ қабырғасына проекциясын.

  • Ішек аурулары бар науқастардың шағымдарын.

  • Ішек аурулары бар науқастардың анамнезін жинауда нені анықтау қажет екенін.

  • Науқасты жалпы қарағанда қандай белгілерге көңіл қою керек екенін.

  • Асқазан ауруларының симптомдарының диагностикалық белгілерін.

  • Ішек ауруларының симптомдарының диагностикалық белгілерін.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Асқазан аурулары бар науқастардың шағымын дұрыс және кезеңді түрде анықтау.

  • Асқазан аурулары бар науқастардың шағымдарын нақтылап, негізгі және қосымшасын ажырату.

  • Ішек аурулары бар науқастардың шағымын дұрыс және кезеңді түрде анықтау.

  • Ішек аурулары бар науқастардың шағымдарын нақтылап, негізгі және қосымшасын ажырату.

  • Бауыры ауыратын науқастардың ауру тарихын дұрыс жинау.

  • Ішті қарау, іштің беткей және терең пальпациялау.

  • Шеменді анықтау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Іштің топографиялық аймақтары.

  2. Асқазан – ішек жолының ауруларындағы негізгі шағымдары.

  3. Асқазан – ішек жолының аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізу.

  4. Ішті қарау әдістемесі, беткейлі және терең сырғымалы пальпацияның әдістемесі, бауыр мен талақ пальпациясы.

  5. Ішек диспепсиясы, ішектен қан кетудің негізгі белгілерін анықтау.

  6. Ішек диспепсиясы және ішектен қан кетуге алып келетін себептер.

  7. Осы синдромдарды анықтау әдістері.

  8. Алынған мәліметтерді интерпретациялау.

  9. Тексеру нәтижелерін дұрыс толтыру.

  10. Ішек аурулары бар науқастардың айтатын шағымдары.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. Асқазан диспепсиясы синдромының негізгі белгілерін атаңыз.

  2. Ішек диспепсиясы синдромының негізгі белгілерін атаңыз.

  3. Асқазаннан қан кету синдромының негізгі белгілерін атаңыз.

  4. Ішектен қан кету синдромының негізгі белгілерін атаңыз.

  5. Ішек ауруларындағы белгілердің диагностикалық маңызы.

  6. Ішек ауруларының диагностикалық маңызы.


Тесттер:

1. Астан кейін 2-3 сағаттан соң құсу ... байқалады.

а) эзофагитте

б) гастритте

в) ұлтабар жарасында

г) холециститте

д) панкреатитте

2. «Кофе қойыртпағы» тәрізді құсық ... дәлелдейді.

а) эрозивті эзофагитті

б) холециститті

в) гепатитті

г) асқазан жарасынан қан кетуді

д) ұлтабар жарасынан қан кетуді

3.Бір күн алдын ішкен тамақты құсу ... тән.

а) өңеш обырына

б) жіті гастритке

в) асқазанның асқынбаған жарасына

г) пилоростенозға

д) холециститке

4. Өткір, тітіркендіргіш тағамды жегеннен соң 30-40 минуттан кейін

эпигастрий аймағының ауырсынуы ... кездеседі.

а) жіті эзофагитте

б) асқазан денесінің жарасында

в) ұлтабардың жарасында

г) холециститте

д) панкреатитте

5. Төстің төменгі бөлігі аймағының ырғақты, маусымды, сілтіні қабылдағанда басылатын ауыруы ... тән белгі.

а) жіті панкреатитке

б) жіті гастритке

в) эзофагитке

г) асқазан және ұлтабар жара ауруына

д) асқазан обырына

6. Бел аймағының майлы тағамдарды қабылдағаннан соң айналдыра ауыруы ... тән.

а) эзофагитке

б) гастритке

в) панкреатитке

г) асқазан жарасына

д) дуоденитке

7. Майлы тағамдарды қабылдағаннан кейінгі, оң жақ жауырынға, оң иыққа берілетін оң жақ қабырға астының ауырсынуы ... тән.

а) ұлтабар жара ауруына

б) жіті гастритке

в) асқазан жарасына

г) панкреатитке

д) холециститке

8.Мелена ... тән емес.

а) ұлтабар жара ауруына

б) асқазан жара ауруына

в) өңеш обырына

г) бейспецификалық жаралық колитке

д) геморройға

9.Көзге көрінетін асқазанның перистальтикасы ... тән.

а) жіті гастритке

б) қалтқы стенозына

в) асқазан жара ауруына

г) асқазан полипіне

д) дуоденитке



10. Асқазан бөліндісінің құрамын жіңішке Лепорский зондымен тексеру ... анықтауға мүмкіндік береді.

а) асқазанның моторлы функциясын

б) асқазанның қышқылды құрамын

в) глистті инвазияны

г) эхинококкозды

д) лямблиозды



Каталог: kafedra -> terap bak
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет