ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет13/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

Есеп №1


Науқас Т., 23 жаста, бас ауруына, дене температурасының субфебрильді деңгейге дейін көтерілуіне, қызыл, күңгірт несептің бөлінуіне шағымданады. Несеп анализінде: гематурия, протеинурия 1,6 г/тәул, бірен-саран воск тәрізді цилиндрлер анықталды анықталды.

Сипатталған белгілер несеп шығару жүйесінің қандай ауруларына тән?



Есеп №2


Науқас Ш., 38 жаста, бет пен аяқтардың ісінуіне шағымданады. Анамнезінде созылмалы іріңді бронхит. Қарағанда: ісіктер бозғылт, жылы, қозғалмалы, басқанда «шұнқырлар» түзілмейді.

Сипатталған ісінулер қай синдромға тән?



Есеп №3


Науқас К. несеп анализінде: ақуыз 0,9 г/тәул, лейкоциттер – 60-95 көру алаңында, грамтеріс бактериялар көп көлемде.

Бұл белгіні қандай терминмен атайды? Несеп шығару жүйесінің қандай патологияларына тән?


Есеп №4


Ш. атты созылмалы гломерулонериті бар науқас жүрек айнуға, іш өтуге шағымданды. Қарағанда: терісі топырақ (жер) түсті, қасынғын орындары бар, құрғақ, ауыздан несептің иісі шығып тұр. Аускультацияда: перикардтың үйкеліс шуы.

Сипатталған белгілер қандай патологиялық үдеріске тән екенін атаңыз?



Есеп №5


Науқастың несебінде көп көлемде ақуыз – 7,6 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 49 г/л, альбуминдер – 21,1 г/л.

Сипатталған зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға (синдромға) тән?


Есеп №6

17 жастағы науқаста баспадан кейін 10 күн өткенде бас ауруы, ентігу, таңертең көз алдының ісінуі байқалды. Несеп анализінде: ақуыз 1,65 г/л, лейкоциттеры – 0-2 к.а., эритроциттер – 10-15 к.а., цилиндрлер гиалинді 0-1 к.а., дәнді цилиндрлер – бірен-саран.

Болжам диагноз? Бас ауырудың және ентігудің себептері?


Есеп №7


Науқас Ц., 42 жаста, терісінің қышынуына, сарғаюына, таңертең ауыздағы ащы дәмге, несебінің қою-қоңыр түске боялуына шағымданады. қарағанда: тері жабындысы мен көз склерасы сарғайған, дене терісінде қышынулар орны байқалады.

Сипатталған белгілер қандай патологиялық үдеріске тән?



1) Тақырыбы №9: Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі синдромдар: несептік, нефротикалық, бүйрек функциясы жеткіліксіздігі.

2) Мақсаты: Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі синдромдар туралы білімді меңгеру. Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарды тексеру әдістерін меңгеру. Бүйрек жеткіліксіздігіне тән шағымдарды анықтауды үйрену. Негізгі зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері нәтижелерін дұрыс интерпретациялау.

3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Несептік, нефротикалық синдромдары бар науқастардың шағымдарын.

  • Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардан анамнез жинағанда нені анықтау қажет екенін.

  • Несептік, нефротикалық синдромдары бар науқастарды жалпы қарағанда неге көңіл аудару керек екенін.

  • Бүйрек жеткіліксіздігі мен бүйректік ісінулердің ерекшеліктерін.

  • Несепті Зимницкий, Нечипоренко, Реберг бойынша анықтау.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі синдромдар: несептік, нефротикалық, бүйрек функциясы жеткіліксіздігі бар науқастардың шағымдарын дұрыс әрі кезеңді түрде жинауды білу.

  • Несептік, нефротикалық синдромдары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдарын анықтау.

  • Бүйрек жеткіліксіздігі ауруының анамнезін дұрыс жинау.

  • Бүйрек жеткіліксіздігі бар бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі несеп анализін (жалпы, Зимницкий, Нечипоренко бойынша) талдау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Несептік синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

  2. Нефротикалық синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

  3. Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы бар науқастарды жалпы қарау әдістемесі.

  4. Несептік синдромының негізгі белгілері.

  5. Нефротикалық синдромының негізгі белгілері.

  6. Бүйрек жеткіліксіздігі синдромының негізгі белгілері.

  7. Дизурия, бүйрек жеткіліксіздігінің дизуриялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.

  8. Гематурия түрлері, диагностикалық маңызы.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. Несептік синдромы бар науқастардың шағымы?

  2. Нефротикалық синдромы бар науқастардың шағымы?

  3. Несептік синдромы бар науқастарды жалпы қарағандағы тән белгілерді атаңыз.

  4. Нефротикалық синдромы бар науқастарды жалпы қарағандағы тән белгілерді атаңыз.

  5. Бүйрек жеткіліксіздігі мен бүйректік ісінулердің өздеріне тән белгілерін атаңыз.

  6. Несепті Зимницкий бойынша талдауында нені анықтайды?

  7. Несепті Нечипоренко бойынша талдауында нені анықтайды?

  8. Несепті Реберг бойынша талдауында нені анықтайды?

Тесттер:

1. Зимницкий сынамасының қолдану мақсаты:

а) күн тәртібі мен диурездің байланысын анықтау

б) бөлінетін несептің көлемін динамикалық бақылау

в) несептің салыстырмалы тығыздығының тәуліктік ауытқуын бақылау

г) бүйректердің бөліп шығару қызметін анықтау

д) несептің жасушалық құрамын анықтау

2. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде Зимницкий сынамасы ... сипатталады.

а) тәуліктік несеп көлемінің төмендеуімен

б) несептің барлық порцияларының салыстырмалы тығыздығының төмен болуымен және түнгі диурездің күндізгіден артық болуымен

в) несептің барлық порцияларының салыстырмалы тығыздығының төмен болуымен

г) түнгі диурездің күндізгіден артық болуымен

д) тәулік бойы несептің бөлінуінің әркелкілігімен

3. Зимницкий сынамасын жүргізу барысында ... қажет.

а) тұзды шектеумен қатаң емдәм сақтау

б) физикалық белсенділікті шектеу

в) тұзды шектеу

г) сұйықтықты артық қабылдамау (стандартталған сулық тәртіп)

д) өткір тағамдарды шектеу

4. Нечипоренко бойынша несеп талдауында ... зерттейді.

а) бүйректің шығару және концентрациялық қасиетін

б) тәуліктік несептегі қант мөлшерін

в) бактериалды флораның болуын

г) несептің физикалық, химиялық қасиеттерін, несеп тұнбасының микроскопиясын

д) 1 мл несептегі формалық элементтер (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер) санын

5. Несептің бактериологиялық талдауын ... анықтау мақсатында тағайындайды.

а) несеп шығару жүйесіндегі ауру қоздырғышын

б) бүйректің шығару қасиетін

в) диурез ерекшелігін

г) бүйректің концентрациялық қасиетін

д) бүйректің сүзгіш қасиетін

6. Зимницкий сынамасын ... анықтау мақсатында тағайындайды.

а) тәуліктік несептегі қант мөлшерін

б) бактериалды флораның болуын

в) бүйректің шығару және концентрациялық қасиетін

г) несептің физикалық, химиялық қасиеттерін, несеп тұнбасының микроскопиясын

д) бүйректің сүзгіш қасиетін

7. Бүйректің концентрациялық қасиеті ... айқындайды.

а) несептің салыстырмалы тығыздығын (салыстырмалы үлесі)

б) несепте ақуыздың болуын

в) несенте эритроциттердің болуын

г) тәуліктік диурезді

д) несенте цилиндрлердің болуын

8. Нечипоренко әдісі бойынша зерттегенде несепті ... жинайды.

а) 10 сағат бойы (таңертеңнен кешке дейін)

б) 3 сағатта бір рет

в) таңертеңгі несептің ортаңғы ағысын

г) жеке ыдысқа тәулік бойы әр 3 сағатта

д) тәуліктік диурездің 100 мл-рін

9. Несептің жалпы талдауында ... зерттейді.

а) несептің физикалық, химиялық қасиеттерін, несеп тұнбасының микроскопиясын

б) бактериалды флораның сипатын

в) бүйректің шығару және концентрациялық қасиетін

г) 1 мл несептегі формалық элементтер (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер) санын

д) бүйректің реабсорбциялық функциясын

10. Несеп шығару жүйесінің қызметтік жағдайын зерттеу үшін ... тағайындайды.

а) несептің бактериологиялық зерттеуін

б) тәуліктік диурезді анықтау, Зимницкий сынамасын

в) жалпы несеп анализін,несептің Нечипоренко бойынша сынамасын

г) несептегі өт пигменттерін зерттеу

д) несептегіқантты, ацетонды анықтау
Есептер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет