ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»


ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) бар болуын клиникалық белгілеріне қарай бекіту



бет15/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) бар болуын клиникалық белгілеріне қарай бекіту.


  • ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) алып келетін себептерді анықтау.

  • Науқасты қосымша тексеру әдістері көмегімен тексеру.

  • Негізгі және қосымша шағымдарды жинау.

  • Ауру таризы мен өмір тарихын жинау.

  • ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) күдік туғанда науқасты клиникалық тексеру әдістерін (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) меңгеру.

  • Бастапқы синдромды анықтау.

  • Анализдерді интерпретациялау.

    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Жүректің ишемиялық ауруы синдромын (стенокардия, миокард инфакті) анықтау.

    2. Атеросклероз туралы түсінік.

    3. Негізгі этиологиялық факторлары.

    4. ЖИА негізгі белгілері.

    5. Жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероздың даму механизмі.

    6. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасын – бұл патологияға қолданылатын негізгі препараттар.

    7. Стенокардияны емдеуге арналған препараттардың топтары.

    8. Жүрек-тамыр жүйесін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу.

    9. Жүректің ишемиялық ауруының анықтамасы.

    10. Стенокардияның анықтамасы.

    11. Миокард инфарктінің анықтамасы.

    12. Жүректің ишемиялық ауруына алып келетін себептер.

    13. Жүректің ишемиялық ауруының қауіп факторы.

    14. Атеросклероз, анықтамасы, себептері, диагностикалау әдістері.

    15. Жүректің ишемиялық ауруының симптомдары (ЖИА кезіндегі ауру ерекшеліктері).

    16. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасы (ЭКГ белгілері, ферменттері).

    17. Стенокардия кезіндегі шұғыл көмек.

    18. Миокард инфаркті кезіндегі шұғыл көмек.

    5) Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс

    6) Әдебиет:

    негізгі:

    қосымша:

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

    Сұрақтар:

    1. Стенокардияға анықтама беріңіз.

    2. Миокард инфарктіне анықтама беріңіз.

    3. Миокард инфарктіне алып келетін себептер.

    4. Стенокардияның қауіп факторлары.

    5. ЖИА кезіндегі ауырсынудың ерекшелігі.

    6. Стенокардияның ЭКГ белгілері.

    7. Миокард инфарктісінің ЭКГ белгілері.

    8. Миокард инфарктісінің ферменттері.

    Тесттер:

    1. ЖИА қауіп факторларына ... жатпайды.

    а) тұқым қуалауға бейімділік

    б) салқындау

    в) темекі

    г) семіздік

    д) гиподинамия

    2. Стенокардия ұстамасының ұзақтығы:

    а) бірнеше секундтан 1 минутқа дейін

    б) 30 минуттан 1 сағатқа дейін

    в) бірнеше сағат

    г) 1 минуттан 10 минутқа дейін

    д) бірнеше күн

    3. Стенокардияның электрокардиографиялық белгілері ... тіркеледі.

    а) ұстамадан кейін

    б) тұрақты түрде

    в) ұстама кезінде

    г) бірнеше күн көлемінде

    д) бір ай көлемінде

    4. Стенокардия ұстамасы кезіндегі дене температурасы:

    а) субфебрильді

    б) фебрильді

    в) субнормалды

    г) төмендеген

    д) қалыпты

    5. Стенокардиялық ауырсынудың орналасу орны:

    а) төс артында

    б) эпигастрий аймағында

    в) сол жауырын аймағында

    г) сол қолда

    д) сол қабырғаастында

    6. Стенокардиялық ауырсынудың сипаты:

    а) төс артында орналасады, қысып, басып ауырады

    б) шаншып ауырады

    в) жүрек ұшы аймағында орналасады

    г) корвалолды қабылдаған соң басылады

    д) оң жауырынға беріледі

    7. Жүрек бұлшықетінде бір немесе бірнеше некроз ошағымен байланысты туындайтын жіті ауру – бұл ...

    а) стенокардия.

    б) миокард инфаркті.

    в) миокардит.

    г) артериалды гипертензия.

    д) жүрек жеткіліксіздігі.

    8. Миокард инфаркті жиі … кездеседі.

    а) әйел кісілерде

    б) жастарда

    в) ер кісілерде

    г) балаларда

    д) ерлер мен әйелдерде

    9. Миокард инфарктіндегі ауырулар ... болады.

    а) қарқынды күйдіретін, басып тұратын сипатта

    б) сыздап ауыратын сипатта

    в) тұйық, екі жақты

    г) толғақ тәрізді

    д) айналдыра ауыратын

    10. Ауырсыну төс артында, жүрек аймағында орналасқан, сол қолға, иыққа беріледі – бұл ...

    а) жүрек ақаулары

    б) бронхиалды астма

    в) миокардит

    г) миокард инфаркті.

    д) диафрагмалды жарық

    11. Стенокардияның патогенетикалық белгісі:

    а) төс артының басып, қысып ауыруы

    б) тыныштық күйдегі жүрек аймағының шаншып ауыруы

    в) жүрек аймағындағы тұрақты шаншып ауыруы

    г) физикалық жүктемеден кейінгі қарыншалық экстрасистолия

    д) жүрек аймағындағы тұрақты сыздап ауыруы

    12. Миокард инфарктінің атипиялық түріне ... жатады.

    а) tumor

    б) аnginosus

    в) жүректік түрі

    г) абдоминалды (гастралгиялық) түрі

    д) аритмиялық

    13. Төс артындағы ауырсыну миокард инфарктінде ... беріледі.

    а) сол қолға, иыққа, мойынға

    б) оң қолға, иыққа, мойынға

    в) дененің екі бөлігіне де

    г) ешқайда берілмейді

    д) аяқтарға

    14. Миокард инфарктінің асқынуына ... жатпайды.

    а) кардиогенді шок

    б) жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік

    в) жүрек аневризмасы

    г) миокардит

    д ) жүрек ырғағының бұзылуы

    Есептер:

    Есеп №1

    49 жастағы ер кісі, қарқынды терапия бөліміне ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде түсті. Шағымдары төс артының қатты басып ауруы, ауру сезімінің сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуі, өлімнен қорқыныш сезімі. Нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді.

    Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындары бозарған, салқын жабысқақ тер басқан, еріндері көгерген. АҚ 70/50 мм с.б.б., РS-125 соққы/мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 17 рет 1 минутта.

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.



    Есеп №2

    Науқас Р, 53 жаста. Кардиологқа 200 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабатқа көтерілгенде суық далаға шыққанда пайда болатын төс артының ауырсынуына, оның сол иық пен мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүруді тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдаған соң 3-5 мин соң тоқтайды.

    Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар байқалады. АҚ 160/110 мм с.б.б., РS - 82 рет 1 мин. Ырғағы дұрыс аздап кернелген. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң қырымен. Сол V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығы бойымен. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, аортада ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс.

    Сұрақтары:

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері.

    Есеп №3

    Науқас С, түнгі уақытта төс артының нитроглицеринге әрең басылатын ауырсыну ұстама болған. Физикалық жүктемені жеңіл көтереді. Ұстама кезінде ЭКГ түсіргенде инфарктке ұқсас өзгеріс айқындалды, бірнеше минуттардан кейін ұстама басылғанда ЭКГ-дағы бұл өзгерістер ізсіз жоғалды.

    Сұрақтары:

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.

    2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?

    3. Бұл науқасқа қандай дәрілер тағайындаған жөн?

    4. Болжамы қандай?

  • 1) Тақырыбы №13: Артериялық гипертония.

    2) Мақсаты: Артериялық гипертониясы бар науқастарға сұрастыру және артериялық гипертензия синдромы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтауды үйрену.


    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі керек:

    • артериялық гипертония анықтамасын;

    • АГ алып келетін себептерін;

    • артериялық гипертонияның жіктелуін;

    • нысана ағзаларды;

    • АГ тән белгілерді;

    • Артериялық гипертонияны емдеуге арналған гипотензивті дәрілердің топтарын.

    Студент үйреніп алуы қажет:
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет