ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»


Артериялық гипертонияны клиникалық көріністеріне қарай анықтау



бет16/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

Артериялық гипертонияны клиникалық көріністеріне қарай анықтау.


  • АГ тән белгілерді анықтау.

  • АГ алып келетін себептерін анықтау.
  • Артериалды қысымды өлшеу әдістерін үйрену.


  • Науқастарды қосымша әдістер көмегімен тексеру.

  • Артериялық гипертензиясы бар науқастардың шағымдарын сұрастыру.

  • Ауру және өмір тарихын жинау.

  • Артериялық гипертонияға күдік туғанда науқасқа жүргізілетін клиникалық зерттеу әдістерін (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) меңгеру.

  • Негізгі синдромды айқындау.

    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиясы.

    2. Жүрек-тамыр жүйесінің физиологиясы.

    3. Үлкен қан айналым шеңберінің гемодинамикасы.

    4. Кіші қан айналым шеңберінің гемодинамикасы.

    5. Коронарлы қанайналым.

    6. Артериялық гипертония дегеніміз не?

    7. Артериялық гипертония алып келетін себептер.

    8. Негізгі этиологиялық факторлар.

    9. Артериялық гипертонияның қауіп факторлары.

    10. Артериялық гипертонияның даму патогенезі.

    11. АГ жіктелуі.

    12. Артериялық гипертонияның симптомдары.

    13. Артериялық гипертонияның диагностикасы.

    14. Артериялық гипертонияның ЭКГ белгілері.

    5) Білім берудің және оқытудың әдістері: курациялау, Cbl

    6) Әдебиет:

    негізгі:

    қосымша:

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

    Сұрақтар:

    1. Біріншілік артериялық гипертонияның анықтамасы.

    2. Екіншілік артериялық гипертонияның анықтамасы.

    3. Қауіп факторлары.

    4. Артериялық гипертония симптомдары.

    5. Артериялық гипертонияны анықтау.

    6. Артериялық гипертонияның ЭКГ белгілері.

    Тесттер:

    1. Систолалық артериалдық қысымның қалыпты деңгейі ... мм с.б.б.



    1. 90-139

    2. 100-140

    3. 100-120

    4. 120-140

    5. 100-110

    2. Диастолалық артериалдық қысымның қалыпты деңгейі ... мм с.б.б.

    1. 60-90

    2. 60-80

    3. 90-100

    4. 60-70

    5. 100-110

    3. Шынайы артериалды гипертензияның деңгейі:

    1. систолалық АҚ 139 мм с.б.б., диастолалық АҚ 89 мм с.б.б. артуы

    2. систолалық АҚ 140-160 мм с.б.б. аралығында артуы

    3. диастолического АД 90-100 мм с.б.б. аралығында артуы

    4. систолалық АҚ 160, диастолалық АҚ 100 мм с.б.б. артуы

    5. диастолалық АҚ 100 мм с.б.б. артуы

    4. Аяқтағы АҚ деңгейі:

    1. жоғарыға қарағанда 20-30 мм с.б.б. төмен

    2. жоғарыға қарағанда 20-40 мм с.б.б. төмен

    3. жоғарыға қарағанда 20-30 мм с.б.б.артық

    4. жоғарыға қарағанда 10-20 мм с.б.б.артық

    5. жоғарыға қарағанда 30-40 мм с.б.б.артық

    5. Виноградов – Дюразьенің қос шуы ... кезінде естіледі.

    1. аорталды стенозе

    2. митралды стеноз

    3. аорталды жеткіліксіздік

    4. митралды жеткіліксіздік

    5. үшжармалы жеткіліксіздік

    6. Арлан шуылы ... естіледі.

    1. мойын көктамырларында анемия кезінде

    2. сан артериясында аорталды жеткіліксіздікте

    3. қалыпты жағдайда ұйқы артериясында

    4. қалыпты жағдайда мойын көктамырларында

    5. ұйқы артериясында аорталды стенозда

    7. Аортадағы 2 тонның акценті ... анықталады.

    1. үлкен қанайналым шеңберінде АҚ жоғарылағанда

    2. жүрек жеткіліксіздігінде

    3. митралды стенозда

    4. кіші қанайналым шеңберінде АҚ жоғарылағанда

    5. анемияда

    8. Мюссе симптомы, каротидтер биі, капилярлы пульс (Квинке белгісі) түсіндірілуі:

    1. аорталды жеткіліксіздік кезіндегі жоғары пульстік қысымның болуы

    2. систолалық қысымның жоғары болуы

    3. диастолалық қысымның жоғары болуы

    4. көктамырлық қысымның жоғары болуы

    5. артериялық қысымның жоғары болуы

    9. Жоғары пульстік қысым ... байқалады.

    1. гипертониялық ауруда

    2. аорталды жеткіліксіздікте

    3. аорта коарктациясында

    4. аорта саңылауының стенозында

    5. анемияда

    10. Пульстік қысым дегеніміз:

    1. систолалық және диастолалық қысымның арасындағы айырмашылық

    2. максималды қысым

    3. минималды қысым

    4. орташа артериалдық қысым

    5. диастолалық қысым

    Есептер:

    Есеп №1

    Науқас Т. 62 жаста жіті миокард инфарктісін 4 жыл алдын өткерген, гипертониялық аурумен 12 жыл бойы ауырады.

    Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, тері беткейлерінің бозаруы байқалады, жүрек шекаралары – сол сол жақтағы бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жүрек тондары тұйықталған, АҚ 200/110 мм с.б.б., ырғағы дұрыс, ЖСЖ 118 рет 1 мин. ЭКГ - синустық тахикардия, ЖСЖ 125 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.

    Сұрақтары:



    1. Диагноз қойыңыз.

    2. Тағы қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?

    3. Емдеу принциптері.

    4. Интерпретациялаңыз.

    Қан анализінде: Эритроциттер-3,8х1012/л, лейкоциттер-7,9 х109/л; с/я-63.7; Т/я-3-4; ЭТЖ-23 мм/час.

    Есеп №2

    Науқас К. 38 жаста ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауыратын әйел кісі босану алдында тұншығу ұстамасы байқалды.

    Объективті: Қалпы ортопноэ суық тер, еріндері көгерген. Мойын көктамырлары ісінген ұзына бойының 1/3 бөлігінде. Тыныс алуы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 29 рет 1 мин. АҚ 220/110 мм с.б.б., РS - 151 соққы 1 мин, ЖСЖ - 183 соққы 1 мин пульс тапшылығы 32. Жүректің салыстырмалы шегі төстің оң жақ қырынан 1,5 см оңға қарай, жоғарғы II қабырғааралықта, сол бұғанаорта сызығынан 1,0 см ішке. Соr тондары: I тон - әркелкі дыбысты, мезодиастолалық шу жүрек ұшында, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпенің төменгі бөлімдерінде іркілістік құрғақ сырылдар естіледі.

    Сұрақтары:

    1. Негізгі синдромын анықтаңыз.

    3. Тексеру жоспары.



    4. Жедел жәрдем.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет