ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет12/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38



Есептер:

Есеп №1


Науқас К., 52 жаста, оң жақ қабырға астындағы қарқынды төрт сағаттық ауырсынудан кейін тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған.

Сарғаюдың себебі қандай?



Есеп №2


Науқас И., 30 жаста, тамақты ішкеннен соң 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрий аймағының ауырсынуына, кезеңді түрде қабылдаған аспен құсу, құсқаннан кейін басылатын ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады.

Сипатталған жағдайлар асқорыту жүйесінің қандай ауруларына тән?



1) Тақырыбы №8: Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі зерттеу әдістері (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия).

2) Мақсаты: Несеп шығару жүйесі мүшелерінің ауруларын анықтау және ауру тарихын дұрыс толтыру мақсатында науқасты тексерудің физикалды әдістерін: сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссияны меңгеру.

3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастардың шағымдарын білу.

  • Несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастардың анамнезін жинауда неге көңіл аудару керектігін білу.

  • Жалпы қарағанда неге көңіл қою керектігін білу.

  • Полиурия, олигоурия, анурия, никтурия, поллакиурия түсініктерінің мәні.

  • Несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастардың шағымдарын дұрыс әрі кезеңді түрде жинау.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Бүйрек және несеп шығару жүйесі ауруларына тән шағымдарды анықтауды үйрену.

  • Жалпы қарағанда бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарға тән белгілерді анықтауды үйрену.

  • Бүйректерді пальпациялау әдістемесін игеру.

  • Зерттеудің зертханалық-аспаптық әдістерінің нәтижелерін дұрыс интерпретациялау.

  • Бүйрек аурулары бар науқастарды қарағанда: бүйректік ісінудің басқа текті ісінулерден ажырата білу.

  • Бүйрекке пальпация жүргізе білу, бүйректердің түсу деңгейін анықтау.

  • Несеп анализдерінің (жалпы, Зимницкий, Нечипоренко бойынша) нәтижелерін талдау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Несеп шығару жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.

  2. Нефронның құрылысы.

  3. Бүйректердің функциясы.

  4. Іштің топографиялық аймақтары.

  5. Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарды сұрастыру.

  6. Жалпы қарау және бүйрек аймағын қарау әдістемесі.

  7. Перкуссия әдістемесі: соққылау әдісі, Пастернацкий әдісі.

  8. Несеп шығару жүйесі ауруларының негізгі белгілерін анықтау.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. Дизурия, дизуриялық бұзылыстардың диагностикалық маңызы.

  2. Бүйректік ісінудің ерекшеліктері.

  3. Бүйрек жеткіліксіздігінің негізгі белгілері.

  4. Гематурия түрлері, диагностикалық маңызы.

  5. Протеинурия түрлері, диагностикалық маңызы.

  6. Цилиндрурия, лейкоцитурия (пиурия), пайда болу себептері, диагностикалық маңызы.

  7. Несепті Зимницкий, Нечипоренко, Реберг бойынша зерттеу.

  8. Нефротикалық синдромның белгілері.




Тесттер:

1. Бүйректік ісінудің жүректіктен айырмашылығы:

  1. кешке байқалады

  2. таңертең байқалады

  3. физикалық жүктемеден кейін байқалады

  4. сипағанда тығыз

  5. бірінші аяқтардан басталады

2. Бүйректік ісінулер:

  1. жұмсақ, борпылдақ

  2. тығыз

  3. кешке байқалады

  4. бірінші аяқтардан басталады

  5. терінің трофикалық өзгерістерімен жүреді

3. Гематурия ... тән емес.

  1. пиелонефритке

  2. несеп-тас ауруына

  3. гломерулонефритке

  4. бүйрек ісіктеріне

  5. бүйрек туберкулезіне

4.Ұйқышылдық, әлсіздік, шаршағыштық, апатия бүйрек аурулары кезінде ... тән.

  1. солқарыншалық жеткіліксіздікке

  2. симптоматикалық артериалды гипертензияға

  3. ангиоспастикалық ретинопатияға

  4. бүйрек жеткіліксіздігіне

  5. эссенсиалды артериалды гипертензияға

5.Бүйректік шаншу ... тән.

  1. бүйрек ісіктеріне, несеп-тас ауруына

  2. массивті лейкоцитурияға

  3. артериалды гипертензияға

  4. созылмалы пиелонефритке

  5. созылмалы гломерулонефритке

6. Сананың тежелуі ретінде бұзылуы ... тән.

  1. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысына

  2. симптоматикалық артериалды гипертензияға

  3. бүйректік шаншуға

  4. «іркілістік бүйректерге»

  5. пиелонефриттің өршуіне

7. Мәжбүрлік « боксер қалпы» ... бар науқастарға тән.

  1. бүйрек туберкулезі

  2. бүйрек амилоидозы

  3. созылмалы гломерулонефриті

  4. бүйрек ісіктері

  5. бүйректік шаншуы

8. Тұрып тұратын мәжбүрлі қалыпты ... зақымданған науқастар ұстанады.

  1. қуығы

  2. несеп жолдары

  3. бүйректердің астауша-тостағанша жүйесі

  4. бүйрек маңы клетчаткалары

  5. несепағардың қисаюында

9. «Диурез» бұл ...

  1. несептің белгілі бір уақытта бөлінуі.

  2. ауырсынған несептің бөлінуі.

  3. несептің көп мөлшерін түнгі уақыттабөлу.

  4. несепті бөлуді бұзылуы.

  5. несеп бөлінуінің тоқтауы.

10 «Дизурия» бұл ...

  1. жиі ауырсынған және қиын несептің бөлінуі.

  2. жиі несептің бөлінуі.

  3. ауырсынған несептің бөлінуі.

  4. несептің тәуліктік мөлшерінің артуы.

  5. несептің тәуліктік мөлшерінің төмендеуі.



Есептер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет