ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»


Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу



бет10/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу.


  • Коронарлық жеткіліксіздігіне (стенокардия, инфаркт) тән белгілерді анықтау.

  • Артериалды гипертонияға тән белгілерді анықтау.

  • Жүрек жеткіліксіздігіне тән белгілерді анықтау.

  • Коронарлы жеткіліксіздікке алып келетін себептерді бекіту.

  • Артериалды гипертонияға алып келетін себептерді бекіту.

  • Жүрек жеткіліксіздігіне алып келетін себептерді бекіту.

  • Қосымша зерттеу әдістері көмегімен науқастарды тексеру.

    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Коронарлы қанайналымның физиологиясы.

    2. Коронарлы жеткіліксіздік туралы түсінік және анықтамасы.

    3. Жүрек жеткіліксіздігі туралы түсінік және анықтамасы.

    4. Қандай патологиялардың түрлерінде миокардты біріншілік зақымдайтын және ондағы зат алмасуын бұзатын, аурулармен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?

    5. Қандай патологиялардың түрлерінде жүректің өзінде немесе қанайналымындағы патологияларда туындайтын миокардтың жүктемесімен және зорығуымен байланысты жүрек жеткіліксіздігі байқалады?

    6. Қандай жағдайларда сол қарыншаның жүктемесі байқалады?

    7. Қандай жағдайларда оң қарыншаның жүктемесі байқалады?

    8. Қандай жағдайларда екі қарыншаның да жүктемесі байқалады?

    9. Жіті жүрек жеткіліксіздігі қашан дамуы мүмкін?

    10. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қалай дамиды?

    11. Айқын жүрек жеткіліксіздігінде қандай гемодинамикалық өзгерістер байқалады?

    12. Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерін атаңыз.

    13. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары.

    14. Жүрек жеткіліксіздігінің диагностикалық әдістері.

    15. Жүрек демікпесі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

    16. Өкпе ісінуі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.

    5) Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірибелік дағдыларды жасау

    6) Әдебиет:

    негізгі:

    қосымша:

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

    Сұрақтар:

                1. Артериалды гипертонияның анықтамасы.

                2. Артериалды гипертонияның себептері.

                3. Артериалды гипертонияның қауіп факторлары.

                4. Артериалды гипертонияның симптомдары.

                5. Артериалды гипертонияның диагностикалық әдістері.

                6. Артериалды гипертонияның ЭКГ белгілері.

                7. Коронарлы жеткіліксіздігі туралы түсінік.

                8. Коронарлы жеткіліксіздігінің себептері.

                9. Коронарлы жеткіліксіздігінің түрлері.

                10. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің кезеңдері және функционалдық класстары бойынша жіктелуі.

    Тесттер:

    1. Қандай артериалды гипертензия «жеңіл» болып саналады?

    а) САҚ 180-209; ДАҚ 10-109

    б) САҚ 290 жоғары, ДАҚ 115 жоғары

    в) САҚ 140-154, ДАҚ 40 төмен

    г) САҚ 140-154, ДАҚ 30-54

    д) САҚ 160-179, ДАҚ 100-109

    2. Қандай артериалды гипертензия «орташа» болып саналады?

    а) САҚ 209 жоғары, ДАҚ 120

    б) САҚ 159 төмен, ДАҚ 90 төмен

    в) САҚ 140 жоғары, ДАҚ 94 жоғары

    г) САҚ 140 төмен, ДАҚ 94 жоғары

    д) САҚ 160-179, ДАҚ 90-99 жоғары

    3. Қандай артериалды гипертензия «ауыр» болып саналады?

    а) САҚ 160-179, ДАҚ 90-99

    б) САҚ 180-209, ДАҚ 100-109

    в) САҚ 169, ДАҚ 94

    г) САҚ 169, ДАҚ 94

    д) САҚ 180, ДАҚ 160

    4. Гипотензивті препараттардың қайсысы склерозға қарсы әсерге ие?

    а) пропронолол

    б) апрессин

    в) празозин

    г) гипотиозид

    д) клофелин

    5. Қатерлі артериалды гипертензии жиі ... дамиды.

    а) гипертониялық ауруда

    б) созылмалы пиелонефритте

    в) феохромоцитомада

    г) альдостерономада

    д) барлық аталған ауруларда бірдей жиілікте кездеседі

    6. АГ жүректің қай бөлімі жиі ұлғаяды?

    а) оң қарынша қабырғалары

    б) қарыншааралық перде

    в) сол қарыншаның бос қабырғалары

    г) оң жүрекше қабырғалары

    д) сол жүрекше қабырғалары

    7. Қай жағдайға реноваскулярлы гипертензия дамуы мүмкін:

    а) гломерулонефритте

    б) пиелонефритте

    в) бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясында

    г) Кимпельстил-Уилсон синдромында

    д) гипертониялық ауруда

    8. Вазоренальной АГ анықтау үшін ... басқасы қажет:

    а) урографиядан

    б) бүйрек көктамырларының ангиографиясынан

    в) қан плазмасындағы хинин деңгейінен

    г) бүйрек тамырларының доплерографиясынан

    д) Реберг сынамасынан

    9. АГ І сатысының критерийлеріне ... жатады.

    а) өмірлік маңызы жоғары мүшелердің зақымдалу белгілерінің болмауы

    б) АҚ аздап көтерілуі (мысалы, 180/100 мм с.б.б. жоғары емес)

    в) АГ транзиторлы сипаты

    г) барлық аталғандар

    10. АГ ІІІ сатысының критерийлеріне ... жатады.

    а) жүрек жеткіліксіздігінің дамуы

    б) гипертониялық энцефалопатия

    в) барлық аталғандар

    г) ми қанайналымының бұзылуы

    д) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі




    Есептер:

    Есеп №1

    Науқас И., 58 жаста, 3 жыл алдын жіті миокард инфарктін бастан кешкен, гипертониялық аурумен 5 жыл бойы ауырады.

    Обьективті жағдайы орта ауырлықта, терісі бозарған, жүрек шекаралары – сол жағы бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 110 соққы минутына. ЭКГ-синустық тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиясы.

    Сұрақтары:



    1. Диагноз қойыңыз.

    2. Қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?

    3. Емдеу принциптері.

    Интерпретациялаңыз: Қан анализінде Эритроциттер- 4.0х10 12/л, лейкоциттер-6.4 х109/л; с-62.5; П-3-4; ЭТЖ-20 мм/сағ.

    Есеп №2

    Науқас М., 60 жаста. Тыныштық күйдегі ентігуге, тізелерінің ісінуіне, оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, тез шаршағыштыққа шағымданады.

    Анамнезінде бірнеше жылдардан бері Гипертониялық аурумен ауырады және 50 жасында трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен.

    Объективті: Толық денелі. Акроцианоз. Мойын көктамырлары ұзына бойы ұлғайып, ісінген. АҚ 140/100 мм с.б.б., төстің сол жағынан ІІІ қабарғааралықта пульсация байқалады. Салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырымен, сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары орналасқан. Аускультацияда І тон әлсіреген, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. ТЖ - 26 рет/мин. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға асты доғадан 3-4 см шығыңқы. Бел аймағы мен аяқтарда ісіну байқалады. Диурез 800 мл/тәул.

    Сұрақтары:


    1. Сіздің болжам диагнозыңыз.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері.

    Есеп №3

    Науқас С., 48 жаста, жіті трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен. Екі аптадан соң оң жақ бүйірінің ауырсынуына, жөтелге, ентігуге шағымданған, дене температурасы 380С-қа дейін көтерілген.

    Объективті: жағдайы ауыр. АҚ 100/70 мм с.б.б., РS-100 соққы мин. Тыныс жиілігі 32 рет 1 минутта. СОR-тондары тұйықталған, систолалық шу естіле бастады. Өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар, плевраның үйкеліс шуы естіледі.

    Сұрақтары:

    1. Негізгі синдром анықтау.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері.

    Есеп №4

    Науқас К., 38 жаста, ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауырады, босанар алдында тұншығу ұстамасы болған.

    Объективті: ортопноэ қалпында, суық тер, еріндердің цианозы. Мойын көктамырлары 1/3 ұзындығы бойында ісінген. Тынысы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 28 рет 1 мин. РS-142 соққы 1 мин. ЖСЖ-170 соққы 1 мин, пульс тапшылығы 28. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырынан 1 см тысқары, сол бұғана ортаңғы сызықтан 0,5 см ішкері, жоғарғы ІІ қабырғааралықта орналасқан. Соr I тон - жүрек ұшында мезодиастолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар.

    Сұрақтары:

    1. Негізгі синдром анықтау.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Шұғыл көмек.

    Есеп №5

    Науқас 63 жаста, гипертониялық аурумен ауыратын науқастың гипертониялық криз фонында тұншығу, ауаның жетіспеуі, көпіршікті алқызыл түсті қақырықты жөтел туындады.

    Объективті: ортопноэ қалпында, қозулы, ауаны аузымен жұтуда. Тері жабындары бозарған. Акроцианоз. РS-96 соққы 1 мин, аритмиялы. АҚ 200/110 мм с.б.б. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жоғарғы ІІІ қабырғааралықта орналасқан. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті. Өкпеде жауырын деңгейіне дейін әлсіреген везикулярлы тыныс және ылғалды сырылдар.

    Сұрақтары:

    1. Науқастан қандай асқыну байқап тұрсыз?

    2. Тексеру жоспары.

    3. Шұғыл көмек.

    Есеп №6

    Науқас 56 жаста, ентігу, тобықтың ісінуі, көп көлемдегі қақырықты, көбіне азанға қарай және аздаған қан аралас қақырықты жөтелге шағымданып, госпитализацияланды. Қақырық таңғы уақытта бүйірге жатқанда не отырғанда шығады, соңғы 15 жылда дене температурасы қайта-қайта көтерілген, қақырық көлемі де ұлғайған. Жылына 1-2 рет ауруы өршіп отырады.

    Соңғы 5-6 жылда физ.күш түскенде ентігетінін, бір жыл алдын аяқтарының ісінетінін байқаған. Дене температурасы көтерілген кезде тетрациклин қабылдайды, әдетте 2-3 күннен кейін температура түседі одан соң дәріні ішпей қояды. 50 жастан бері нағыз ауруы бойынша ІІ топтағы мүгедек. 30-дан 50 жасқа дейін темекі тартқан, күніне 10-15 сигареттен. Бір апта бұрын дене температурасы 39,50С-қа дейін көтерілген, қақырық көлемі артқан, оң жақ көкірек тұсында ауырсыну байқалды, демді терең алғанда ол күшейеді. 2 күн көлемінде тетрациклинді 100 мың 4 рет қабылдаған, тиімсіз, кейін госпитализацияланды.

    Объективті: тәулігіне 100 мл іріңді, иіссіз қақырық тастайды, температурасы 37,80С. Перкуторлы: төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыстың күшеюі, аускультативті: екі жақтан да ылғалды сырылдар, оң жақтан көбірек, жөтелген соң, дене қалпын өзгерткенде жойылады, көбіне төменгі бөлімдерінде; шашыраған құрғақ сырылдар.

    Сұрақтары:

    1.Науқастағы негізгі клиникалық синдромды атаңыз?

    2.Бастапқы синдромды белгілеңіз.

    3. Тексеру жоспарын құрыңыз.


    1) Тақырыбы №6: Асқорыту ағзалары аурулары кезіндегі зерттеу әдістері: (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация).

    2) Мақсаты: Асқорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену. Іш аймағын қарау, пальпация және перкуссия, аускультация жасау әдістемесін меңгеру. Асқорыту жүйесінің патологиясы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтау.


    3) Оқыту мақсаты:

    Студент білуі керек:

    • Асқорыту ағзалары ауыратын науқастардың негізгі шағымдарын.

    • Асқорыту ағзалары ауыратын науқастардың негізгі белгілерін.

    • Асқорыту ағзалары ауыратын науқастарды сұрастыруды.

    • Асқорыту ағзалары ауыратын науқастарға қарау жүргізудің әдістемесін.

    • Асқорыту ағзалары пальпациясының этаптарын.

    • Асқорыту ағзаларын перкуссиялау мен аускультациялаудың диагностикалық маңызын.

    Студент үйреніп алуы қажет:

    • Асқорыту ағзалары ауыратын науқастарды сұрастыру.

    • Асқорыту ағзалары ауыратын науқастарға қарау жүргізу.

    • Іштің беткейлі пальпациясын жасау.

    • Образцов-Стражеско бойынша ішке терең пальпация жүргізу.

    • Асқорыту ағзаларына перкуссия жүргізу.

    • Асқорыту ағзаларына аускультация жүргізу.

    4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Асқорыту жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.

    2. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі және қосымша шағымдары

    3. Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың анамнезін жинауда нені анықтау керек?

    4. Науқасты жалпы қарағанда неге көңіл аудару керек?

    5. Ауыз қуысын қараудың диагностикалық маңызы.

    6. Іш аймағының топографиялық сызықтары.

    7. Іш формасының өзгеруінің себептері.

    8. Дисфагия, асқазан және ішек диспепсиясы мен ішектен қан кету синдромдары.

    9. Құрсақ қуысы мүшелерінің алдыңғы құрсақ қуысына проекциясы.

    10. Асқорыту жүйелері ауруларындағы белгілердің диагностикалық маңызы.

    11. Ішті қарау әдістемесі, беткейлік ориентациялық және терең сырғымалы пальпациясы, бауыр мен талақтың пальпациясы.

    12. Шеменді анықтау.

    13. Алынған мәліметтерді талдау.

    14.Тексеру нәтижелерін дұрыс толтыру.



    5) Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау

    6) Әдебиет:

    негізгі:

    қосымша:

    7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

    Сұрақтар:

    1. Дисфагия синдромының негізгі белгілерін атаңыз.

    2.Асқорыту жүйесі аурулары үшін қандай белгілердің диагностикалық маңызы бар?

    3.Шеменге анықтама беріңіз.

    4.Асқазаннан және ішектен қан кетуді анықтау үшін қандай қосымша тексеру әдістері қажет?

    Тесттер:

    1. Өңеш ауруына ең тән белгіні көрсетіңіз:

    а) дисфагия

    б) ауру сезімі

    в) құсу

    г) жүрек айну



    д) қан кету

    2. Жұтынған кезде төс артының ауыруы ... зақымдалуына байланысты.

    а) диафрагмалық нервтің

    б) медиастиналды нервтің

    в) өңеш

    г) омыртқа



    д) асқазан

    3. Қорытылмаған, өзгермеген тағаммен, тұз қышқылынсыз құсу ... ауруларына тән.

    а) бауыр

    б) өт жолдары

    в) ұйқы безі

    г) өңеш


    д) асқазан

    4.Сілекей ағу - ... ауруларының жиі белгісі.

    а) асқазан

    б) ұйқы безі

    в) бауыр

    г) ішек


    д) өңеш

    5.Анорексия түріндегі тәбеттің бұзылуы ... ауруын дәлелдейді.

    а) асқазан жара

    б) жіті гастрит

    в) жіті холецистит

    г) асқазан обыры

    д) өт жолдарының дискинезиясы

    6.Ет тағамдарына қарай алмау ... тән.

    а) эзофагитке

    б) асқазан жара ауруына

    в) асқазан обырына

    г) холециститке

    д) панкреатитке

    7.Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру ... тән.

    а) эзофагитке

    б) қалтқы стенозына

    в) асқынбаған асқазан жара ауруына

    г) холециститке

    д) гепатитке

    8.Қышқылмен кекіру ... тән.

    а) өңеш обырына

    б) ұлтабар жара ауруына

    в) созылмалы атрофиялық гастритке

    г) холециститке

    д) панкреатитке

    9.Қыжылдау ... белгісі болып саналады.

    а) колиттің

    б) асқазан обырының

    в) бауыр циррозының

    г) ұлтабар жара ауруының

    д) панкреатиттің

    10.Астан кейін 15-20 минут соң құсу ... байқалады.

    а) энтеритте

    б) асқазанның кардиалды бөлімінің жарасында

    в) ұлтабар жарасында

    г) холециститте

    д) аппендицитте


    Каталог: kafedra -> terap bak
    kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
    kafedra -> Побічна дія ліків
    kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
    kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
    kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
    kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
    kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
    terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
    terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет