ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»

Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу

бет32/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу.

  • Коронарлық жеткіліксіздігіне (стенокардия, инфаркт) тән белгілерді анықтау.

  • Артериалды гипертонияға тән белгілерді анықтау.

  • Жүрек жеткіліксіздігіне тән белгілерді анықтау.

  • Коронарлы жеткіліксіздікке алып келетін себептерді бекіту.

  • Артериалды гипертонияға алып келетін себептерді бекіту.

  • Жүрек жеткіліксіздігіне алып келетін себептерді бекіту.

  • Ішті қарау әдістемесі, беткейлік ориентациялық және терең сырғымалы пальпациясы, бауыр мен талақтың пальпациясы.

  • Шеменді анықтау.

  • Асқазан аурулары бар науқастардың шағымын дұрыс және кезеңді түрде анықтау.

  • Асқазан аурулары бар науқастардың шағымдарын нақтылап, негізгі және қосымшасын ажырату.

  • Ішек аурулары бар науқастардың шағымын дұрыс және кезеңді түрде анықтау.

  • Ішек аурулары бар науқастардың шағымдарын нақтылап, негізгі және қосымшасын ажырату.

  • Бауыры ауыратын науқастардың ауру тарихын дұрыс жинау.

  • Жалпы қарағанда бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарға тән белгілерді анықтауды үйрену.

  • Бүйрекке пальпация жүргізе білу, бүйректердің түсу деңгейін анықтау.

  • Несеп анализдерінің (жалпы, Зимницкий, Нечипоренко бойынша) нәтижелерін талдау.

  • Эндокринді жүйе мүшелеріне тән аурулардың шағымдарын анықтауды үйрену.

  • Эндокринді жүйе мүшелеріне тән аурулардың симптомдарын жалпы қарау арқылы анықтауды үйрену.

  • Қалқанша безін пальпациялау әдістемесін игеру.

  • Жалпы қан, қақырық талдауының, бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістері, сыртқы тыныс қызметін - спирография, пикфлоуметрия арқылы анықтау мәліметтерін интерпретациялау.
  • ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) бар болуын клиникалық белгілеріне қарай бекіту.

  • ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) тән белгілерді анықтау.

  • Артериялық гипертензиялық синдромы бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтауды үйрену.

  • Артериалды қысымды өлшеу әдістерін үйрену.

  • Асқазан ойық жара ауруы бар науқастарды зерттеу әдістерін меңгеру.

  • Ұлтабардың ойық жара ауруы бар науқастарды зерттеу әдістерін меңгеру.

  • ЭФГДС, асқазанішілік рН-метрия мәліметтерін талдау.

  • Шырышты қабаттың биоптаттарын гистологиялық зерттеу, Helicobacter pylori-ді анықтау әдістерінің мәліметтерін талдау.

  • Ұйқы безі мен өт жолдарын пальпациялау әдісіне, өт жолдары мен ұйқы безінің ауруларын зертханалық және аспаптық зерттеуге үйрету.

  • Созылмалы холецистит және панкреатиті бар науқастарды диагностикалау әдісін меңгеру.

  • Қанның биохимиялық анализдерін, бауыр, өт жолы және ұйқы безінің УДЗ нәтижелерін талдау.
  • Клиникалық белгілеріне қарай аталған патологияның бар екендігін белгілеу.

    Жағдайлық есептер

    Есеп № 1

    Науқас ұйықтап жатыр, тынысы терең, сырылды. Оны ояту мүмкін емес. Ине егуде – қолын тартады.

    Науқаста қандай жағдай?

    Бұл қандай жүйелер мен мүшелердің ауруларында байқалады?

    Есеп № 2

    Науқастың беті көгерген, көздері тереңге енген, қарашықтары бұлыңғыр, бет әлпеті салбыраған, мұрны тіктелген, беті мұздай терімен жабылған.

    Аталған симптомокешенді кім сипаттаған?

    Бұл қандай ауруға тән?

    Есеп № 3

    Науқас екі қолымен төсекке сүйеніп отыр, аяқтары салбырап түскен. Айқын акроцианоз байқалады. Анасарка.

    Науқастың оытрған қалпы қалай аталады?

    Ол қандай жүйенің ауруларын тән?

    Есеп № 4

    Науқастың тері асты май қабаты кіндік аймағында 6 см.

    Тері асты май қабатының даму дәрежесі қандай? (қанағаттанарлық, жақсы, нашар)

    Мұндай жағдай қалай аталады?

    Есеп № 5

    Науқас С., 45 жаста, терапиялық бөлімшеге тұншығу ұстамасымен келіп түсті. Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, есі анық, айқын акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар, экспираторлы ентігу. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Зертханалық: қақырық анализінде үлкен көлемде эозинофилдер, Шарко-Лейден кристалдар, Куршман шиыршықтары.

    Сұрақтар:

    Бұл қай ауруға тән?

    Диагнозды анықтау үшін тағы қандай қосымша тексерулер қажет?

    Есеп № 6

    Науқас Ж., 28 жаста, терапиялық бөлімшеге дене температурасының 390С –қа дейін көтерілуі, жөтел, ентігу, айқын әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Обьективті: жағдайы ауыр, есі анық, тері беткейлері бозарған. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, оң жақ өкпеде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ – 26 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс.

    Сұрақтар:

    Сіздің болжам диагнозыңыз?

    Диагнозды анықтау үшін тағы қандай қосымша тексерулер қажет?

    Есеп №7

    Науқастың бронхтары тарылған. Өкпені тыңдағанда қандай тынысты анықтауға болады? Оның пайда болу механизмін түсіндіріңіз.

    Есеп №8

    Өкпенің барлық беткейінде қатаң тыныс естіледі. Оның пайда болу себебін атаңыз?

    Есеп №9

    Науқаста айқын өкпе эмфиземасы. Өкпе аускультациясында қандай тынысты анықтауға болады? Оның пайда болу механизмін түсіндіріңіз.

    Есеп №10

    Рентгенологиялық тексеруде науқастың оң жақтағы 7 қабырға деңгейіне дейін плевра қуысында сұйықтық анықталды. Өкпе аускультациясында қандай тынысты анықтауға болады?

    Есеп №11

    Тыныс алу жүйесі бойынша тексеру кезінде науқаста келесі обьективті белгілер анықталды: тыныс алу жиілігі – минутына 30 рет; дауыс дірілі сол жақ жауырын астынан бірден әлсіреген. Салыстырмалы перкуссияда сол жақта - тимпаникалық тыныс. Тыныс алудың сипаты қандай болады сол жақта (везикулярлы, бронхиальды қатаң, везикулярлы әлсіреген)?

    Есеп №12

    45 жастағы ер кісі, ангинозды ұстамадан кейін 4 сағаттан соң қарқынды терапия палатасына түсті. Шағымдары төс артының қатты басыр ауыруы, ол сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа таралуы, өлімнен қорқу сезімі. Нитроглицеринді қабылдаудан кейін жеңілдік тумайды.

    Объективті: жағдайы ауыр. Тері беткейі бозарған, салқан тер, еріндері көгерген. АҚ 80/60 мм с.б.б., РS-110/соққы мин. Аритмиялық. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 16 рет минутына.

    Сұрақтары:

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромдарын анықтаңыз.

    2. Тексеру жоспары

    3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.

    Есеп №13

    Науқас М, 50 жаста. Кардиологқа 500 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабаттан көтерілгенде, салқын ауаға шыққанда туындайтын төс артының ауырсынуына, ауырсынудың сол иыққа, мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүргенді тоқтатқанда немесе нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан кейін 3-5 мин соң басылады.

    Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарда ксантелазмалар байқалады, АҚ 150/100 мм с.б.б. РS-88 соққы 1 мин. Ырғағы аздап қысымды. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы: төстің оң жағы мен оң жақ қыры. Сол жақ V қабырғааралығында бұғана ортаңғы сызығы бойынша. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, қолқа үстінде ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі.

    Сұрақтары:

    1. Сіздің болжам диагнозыңыз негіздеуімен?

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері.

    Есеп №14

    Науқас М. түнгі уақытта төс артындағы ұстама туындады, нитроглицеринге зорға басылады. Физикалық жүктемені жақсы көтереді. Ұстама кезінде түсірілген ЭКГ-да инфаркт тәріздес өзгеріс байқалады, бұл өзгерістер ұстамаларды басқаннан кейін бірнеше минуттан соң ЭКГ ізсіз жойылады.

    Сұрақтары:

    1. Болжам диагнозы? Тексеру жоспары.

    2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?

    3. Бұл науқастарға қандай препараттарды тағайындаған жөн?

    4. Болжамы қандай?

    Есеп №15

    Науқас И., 58 жаста, 3 жыл алдын жіті миокард инфарктін бастан кешкен, гипертониялық аурумен 5 жыл бойыауырады.

    Обьективті жағдайы орта ауырлықта, терісі бозарған, жүрек шекаралары – сол жағы бұғана орта сызығынан 1 см тысқары. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 110 соққы минутына. ЭКГ-синустық тахикардия, ЖСЖ 115 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол қарыншаның гипертрофиясы.

    Сұрақтары:

    Диагноз қойыңыз.

    Қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?

    Емдей принциптері.

    Интерпретациялаңыз: Қан анализінде Эритроциттер- 4.0х10 12/л, лейкоциттер-6.4 х109/л; с-62.5; П-3-4; ЭТЖ-20 мм/сағ.

    Есеп №16

    Науқас М., 60 жаста. Тыныштық күйдегі ентігуге, тізелерінің ісінуіне, оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, тез шаршағыштыққа шағымданады.

    Анамнезінде бірнеше жылдардан бері Гипертониялық аурумен ауырады және 50 жасында трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен.

    Объективті: Толық денелі. Акроцианоз. Мойын көктамырлары ұзына бойы ұлғайып, ісінген. АҚ 140/100 мм с.б.б., төстің сол жағынан ІІІ қабарғааралықта пульсация байқалады. Салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырымен, сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары орналасқан. Аускультацияда І тон әлсіреген, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. ТЖ - 26 рет/мин. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға асты доғадан 3-4 см шығыңқы. Бел аймағы мен аяқтарда ісіну байқалады. Диурез 800 мл/тәул.

    Сұрақтары:

    Сіздің болжам диагнозыңыз.

    Тексеру жоспары.

    Емдеу принциптері.

    Есеп №17

    Науқас С., 48 жаста, жіті трансмуралды миокард инфарктін бастан кешкен. Екі аптадан соң оң жақ бүйірінің ауырсынуына, жөтелге, ентігуге шағымданған, дене температурасы 380С-қа дейін көтерілген.

    Объективті: жағдайы ауыр. АҚ 100/70 мм с.б.б., РS-100 соққы мин. Тыныс жиілігі 32 рет 1 минутта. СОR-тондары тұйықталған, систолалық шу естіле бастады. Өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар, плевраның үйкеліс шуы естіледі.

    Сұрақтары:

    1. Негізгі синдром анықтау.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Емдеу принциптері.

    Есеп №18

    Науқас К., 38 жаста, ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауырады, босанар алдында тұншығу ұстамасы болған.

    Объективті: ортопноэ қалпында, суық тер, еріндердің цианозы. Мойын көктамырлары 1/3 ұзындығы бойында ісінген. Тынысы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 28 рет 1 мин. РS-142 соққы 1 мин. ЖСЖ-170 соққы 1 мин, пульс тапшылығы 28. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң жақ қырынан 1 см тысқары, сол бұғана ортаңғы сызықтан 0,5 см ішкері, жоғарғы ІІ қабырғааралықта орналасқан. Соr I тон - жүрек ұшында мезодиастолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпеде төменгі бөлімдерінде іркілген ылғалды сырылдар.

    Сұрақтары:

    1. Негізгі синдром анықтау.

    2. Тексеру жоспары.

    3. Шұғыл көмек.

    Есеп №19

    Науқас 63 жаста, гипертониялық аурумен ауыратын науқастың гипертониялық криз фонында тұншығу, ауаның жетіспеуі, көпіршікті алқызыл түсті қақырықты жөтел туындады.

    Объективті: ортопноэ қалпында, қозулы, ауаны аузымен жұтуда. Тері жабындары бозарған. Акроцианоз. РS-96 соққы 1 мин, аритмиялы. АҚ 200/110 мм с.б.б. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: сол бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жоғарғы ІІІ қабырғааралықта орналасқан. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті. Өкпеде жауырын деңгейіне дейін әлсіреген везикулярлы тыныс және ылғалды сырылдар.

    Сұрақтары:

    1. Науқастан қандай асқыну байқап тұрсыз?

    2. Тексеру жоспары.

    3. Шұғыл көмек.

    Есеп №20

    Науқас 56 жаста, ентігу, тобықтың ісінуі, көп көлемдегі қақырықты, көбіне азанға қарай және аздаған қан аралас қақырықты жөтелге шағымданып, госпитализацияланды. Қақырық таңғ уақытта бүйірге жатқанда не отырғанда шығады, соңғы 15 жылда дене температурасы қайта-қайта көтерілген, қақырық көлемі де ұлғайған. Жылына 1-2 рет ауруы өршіп отырады.

    Соңғы 5-6 жылда физ.күш түскенде ентігетінін, бір жыл алдын аяқтарының ісінетінін байқаған. Дене температурасы көтерілген кезде тетрациклин қабылдайды, әдетте 2-3 күннен кейін температура түседі одан соң дәріні ішпей қояды. 50 жастан бері нағыз ауруы бойынша ІІ топтағы мүгедек. 30-дан 50 жасқа дейін темекі тартқан, күніне 10-15 сигареттен. Бір апта бұрын дене температурасы 39,50С-қа дейін көтерілген, қақырық көлемі артқан, оң жақ көкірек тұсында ауырсыну байқалды, демді терең алғанда ол күшейеді. 2 күн көлемінде тетрациклинді 100 мың 4 рет қабылдаған, тиімсіз, кейін госпитализацияланды.

    Объективті: тәулігіне 100 мл іріңді, иіссіз қақырық тастайды, температурасы 37,80С. Перкуторлы: төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыстың күшеюі, аускультативті: екі жақтан да ылғалды сырылдар, оң жақтан көбірек, жөтелген соң, дене қалпын өзгерткенде жойылады, көбіне төменгі бөлімдерінде; шашыраған құрғақ сырылдар.

    Сұрақтары:

    1.Науқастағы негізгі клиникалық синдромды атаңыз?

    2.Бастапқы синдромды белгілеңіз.

    3. Тексеру жоспарын құрыңыз.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет