Терапия бакалавриат кафедрасының
меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.
Биохимия, медбиология, микробиология
кафедрасының
меңгерушісі,доцент Есіркепов М.М.
Морфологиялық пәндер кафедрасының
меңгерушісі, профессор Сисабеков К.Е.
Қалыпты және патологиялық физиология
кафедрасының меңгерушісі, доцент Жолымбекова Л.Д.
Фармакология, фармакотерапия,
клиникалық фармакология
кафедрасының меңгерушісі, профессор Орманов Н.Ж.
Жұқпалы аурулар, дерматовенерология
кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а. Абуова Г.Н.
Қоғамдық денсаулық сақтау 2
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Жақсыбергенов А.М.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Терапия бакалавриат кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән: Клиникалық медицинаға кіріспе
Пән коды КМК 3220
Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының
(кредиттің) көлемі 135 (3 кредит)
Курсы 3
Оқу семестрі 5-6
2013-2014 оқу жылы
Силлабус 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған «Клиникалық медицинаға кіріспе» жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Силлабус терапия бакалавриат кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.
Хаттама № _____
«_____» _______________ 2013ж.
7) Оқытушылар туралы мәлімет:
№
|
Аты-жөні
|
Ғылыми дәрежесі, атағы
|
Атқаратын жұмысы
Ғылыми бағыттары
|
Жетістіктері
|
1.
|
Бекмурзаева Э.К.
|
кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
|
Гастроэнтерология, еңбек гигиенасы
|
КД ,терапия, конгресс және еңбек гигиенасынан сертификаттар
|
2
|
Қауызбай Ж.Ә.
|
профессор м.а.
|
Гематология, кардиология
|
терапия, және конгресстер сертификаттары
|
3
|
Сейдахметова А.А.
|
оқу ісінің меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а.
|
Гастроэнтерология, ревматология, кардиология
|
КД, терапия, инновац.оқыту және конгресс сертиф.
|
4
|
Садыкова Г.С.
|
м.ғ.к., доцент м.а.
|
Клиникалық фармакология
|
Конгресс сертификаты
|
5
|
Абдукаримова Ж.М.
|
ассистент
|
Кардиология
|
Терапия, инновац оқыт. сертиф.
|
6
|
Ибрагимова Р.Б.
|
ассистент
|
Гематология, кардиология
|
Конгресс сертификаты
|
7
|
Байдуллаев Б.М.
|
ассистент
|
Гастроэнтерология, психология
|
Конгресс сертификаты
|
8
|
Корганбаева Х.Т.
|
ассистент
|
Терапия
|
Конгресс сертификаты
|
9
|
Умиралиева Г.А.
|
ассистент
|
Терапия
|
Конгресс сертификаты
|
10
|
Сейдалиева Ф.М.
|
ассистент
|
Гастроэнтерология, профессиональные болезни
|
Конгресс сертификаты, инновац оқыт. сертиф.
|
11
|
Каузбаева М.С.
|
ассистент
|
Терапия
|
Конгресс сертификаты
|
12
|
Абдраимов Е.Б.
|
ассистент
|
Терапия
|
Конгресс сертификаты
|
13
|
Азизова А.А.
|
ассистент
|
Клиническая фармакология
|
Конгресс сертификаты
|
8) Байланыс ақпараты:
Кафедраның мекен-жайы: Шымкент қаласы, АО ШФ ЖГМК Теміржол ауруханасы, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы – Тверская көшесі. Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерді оңалту орталығы – Иляев көшесі 75, Каз НИИ Хим Проект, эл.пошта – terapіya.baкalavriat@mail.ru
9) Пәннің саясаты:
1.Сабаққа уақытылы келу
2. Халат пен қалпағының болуы
3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу
4. Ұялы сым тетіктерін өшіріп қою
4. Сабақты жібермеу, ауру себебімен жіберілсе деканаттан рұқсат қағаз әкелу
5. Жіберілген сабақты кафедраның өтем сабақ қабылдау кестесіне сай, 1 апта аралығында өтеуі тиіс
6. СӨЖ –сы тапсырмаларын өз ұақытында орындау
7. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда оқу аяқталғанда қорытынды баға төмендетіледі.
2. Бағдарлама
1) Кіріспе
Ұйымдастырушылардың қазіргі таңдағы міндетіне бірінші кезекте денсаулық сақтауды іске асырудың менеджмент пен маркетинг саласын қоямыз. Болашақ мамандар клиникалық қызметпен айналыспайды десек те болады, бірақ клиникалық медицинаның негізгі білімін меңгермей халыққа медициналық көмек көрсету процесін ұйымдастыру мен басқару мүмкін емес. Сондықтан осы бағыт бойынша мамандарды дайындау кезінде пациенттерді тексерудің жалпы принциптері, ішкі ағзалардың кең тараған ауруларының клиникалық-лабораториялық айқындалуы және оларды емдеу принциптері туралы негізгі білімді алуы қажет. Студенттерді адамның өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл көмек көрсетуге үйрету керек, себебі денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар өзінің кәсіби қызметінде мұндай оқиғаларға тап болуы мүмкін.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығында оқитын студенттерге «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәнін оқыту қажетті білімді алуға және болашақта денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелерінде қолдануға мүмкіндік жасайды. Пациенттің медициналық мәселелерін шешуге, шұғыл жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге көмектеседі.
2) Пәннің мақсаты: студенттерге науқастарды физикальды тексеру әдісін, ең көп таралған ішкі ағза ауруларының негізгі клиникалық көріністерін, олардың лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін, өмірге қауіп төнген жағдайда алғашқы және дәрігерге қаралғанға дейінгі шұғыл көмек көрсету принциптерін оқыту.
3) Оқыту мақсаттары:
науқастарды тексеру әдісіне үйрету (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);
ішкі ағзалардың негізгі ауруларының типті ағымында симптомдар мен миндромдарды анықтауға үйрету;
лабораториялық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін үйрету;
ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін үйрету;
деонтология және кәсіби этика негізін үйрету.
4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі керек:
кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негіздерін;
қалыпты және патология жағдайында зерттеудің физикальды әдісі туралы мәліметтерді;
ішкі ағзалардың кең таралған ауруларының симптоматологиясы мен синдромын;
зерттеудің негізгі лабораториялық және аспаптық әдістерін, оларды түсіндіруді;
ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін;
кейбір шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетудің симптоматологиясы мен принциптерін.
Студент үйреніп алуы қажет:
физикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы науқасқа тексеру жүргізуді (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);
ішкі ағзалардың кең таралған аурулары кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды;
зерттеудің лабораториялық - аспаптық әдістерінің нәтижесін түсіндіруді;
ішкі ағзалардың кең таралған аурулары кезінде ықтимал диагнозды негіздеуді;
шұғыл жағдайда (бронх демікпесі ұстамасында, жіті сол жақ қарынша жеткіліксіздігінде, гипертониялық криз, қыспалық статус, анафилактикалық шок, аяқ астынан өлу, Квинке ісінуі, есекжем) диагнозды анықтау мен көмек көрсетуді.
Машықтануға:
науқасты жалпы тексеруге;
пальпация, перкуссия, аускультация жасауға;
шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетуді (бронх демікпесі ұстамасы, жіті сол жақ қарынша жеткіліксіздігі, гипертониялық криз, қыспалық статус, анафилактикалық шок, аяқ астынан өлу, Квинке ісінуі, есекжем)
5) Реквизитке дейінгі: медициналық биология, генетика, радиобиология, биохимия, анатомия, физиология, гистология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, фармакология, микробиология.
6) Реквизиттен кейінгі: эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.
7) Пәннің қысқаша мазмұны:
Кәсіптік аурулардың анықтамасы. Кәсіптік патологияның даму кезеңдері. Кәсіптік аурулардың этиологиялық факторлары. Кәсіптік ауруларды жіктеу. Кәсіптік аурулар клиникасының міндеттері. Кәсіптік патология басқа клиникалық және гигиеналық пәндермен байланысы.
8) Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, лабораториялық сабақтардың): тақырыптар, өткізу түрі мен ұзақтығы.
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы
(сағат түрінде)
|
|
№1 Кредит
|
|
|
1
|
Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары туралы жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология негіздері.
|
Шолулы-көрнекті
|
1
|
2
|
Науқастарды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және теріасты май талшықтарын, сүйек-буын жүйесін бағалау.
|
Мәселелік
|
1
|
3
|
Тыныс алу ағзалары зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
|
Мәселелік
|
1
|
4
|
Жүрек-қантамыр жүйесі зақымдануының семиотикасы және зерттеу әдістері.
|
Мәселелік
|
1
|
5
|
ЖҚЖ ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.
|
Мәселелік
|
1
|
|
№2 Кредит
|
|
|
6
|
Асқазан-ішек жолы зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
|
Мәселелік
|
1
|
7
|
Асқазан-ішек жолы ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.
|
Мәселелік
|
1
|
8
|
Несеп шығару жүйесі зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
|
Мәселелік
|
1
|
9
|
Несеп шығару жүйесі ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.
|
Мәселелік
|
1
|
10
|
Эндокриндік жүйе зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
|
Мәселелік
|
1
|
|
№3 Кредит
|
|
|
11
|
Пневмония.
|
Мәселелік
|
1
|
12
|
Артериялық гипертония.
|
Мәселелік
|
1
|
13
|
Созылмалы гепатит және бауыр циррозы.
|
Мәселелік
|
1
|
14
|
Анемия.
|
Мәселелік
|
1
|
15
|
Қантты диабет.
|
Мәселелік
|
1
|
|
Барлығы:
|
|
15
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы
(сағат түрінде)
|
|
№1 Кредит
|
|
|
1.
|
Пропедевтикалық клиниканың міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Жалпы тексеру.
|
Кіші топтарда жұмыс, жағдайларды талдау
|
2
|
2.
|
Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі тексеру әдістері: сұрастыру, кеудені тексеру және пальпациялау, өкпе перкуссиясы мен аускультациясы.
|
Тәжірибелік дағдыларды жасау
|
2
|
3.
|
Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: өкпе тінінің тығыздалуы, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы.
|
Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау
|
2
|
4.
|
Қанайналым ағзалары ауруларын зерттеу әдістері (сұрастыру, ірі қантамырлар мен жүрек аймағын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация).
|
Тәжірибелік дағдыларды жасау
|
2
|
5.
|
Қанайналым ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: коронарлық жеткіліксіздік, артериялық гипертония, жүрек функциясының жеткіліксіздігі. Шұғыл жәрдем.
|
Тәжірибелік дағдыларды жасау
|
2
|
|
№2 Кредит
|
|
|
6.
|
Асқорыту ағзалары аурулары кезінде зерттеу әдістері: сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация.
|
Тәжірибелік дағдыларды жасау
|
2
|
7.
|
Асқорыту ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: асқазан және ішек диспепсиясы, асқазан-ішектік қан кету, сарғаю.
|
Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау
|
2
|
8.
|
Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезінде зерттеу әдістері: сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия.
|
Тәжірибелік дағдыларды жасау
|
2
|
9.
|
Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі синдромдар: несептік, нефротикалық, бүйрек функциясы жеткіліксіздігі.
|
Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау
|
2
|
10.
|
Эндокриндік жүйе зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.
|
Тәжірибелік дағдыларды жасау
|
2
|
|
№3 Кредит
|
|
|
11.
|
Жіті пневмониялар.
|
Кіші топтарда жұмыс, науқаспен
жұмыс жасау
|
2
|
12.
|
ЖИА. Миокард инфарктісі, стенокардия.
|
Кіші топтарда жұмыс
|
2
|
13.
|
Артериялық гипертония.
|
Курациялау, Cbl
|
2
|
14.
|
Асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы.
|
Кіші топтарда жұмыс
|
2
|
15.
|
Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит.
|
Кіші топтарда жұмыс науқаспен жұмыс жасау
|
2
|
|
Барлығы:
|
|
30
|
Достарыңызбен бөлісу: |