Науқастың несебінде ақуыздың көп мөлшері – 4,6 г/тәул анықталды. Қанда жалпы ақуыз 32 г/л, альбуминдер – 18,9 г/л.
17 жастағы науқаста баспадан кейін 10 күн өткенде бас ауруы, ентігу, таңертең көз алдының ісінуі байқалды. Несеп анализінде: ақуыз 2,7 г/л, лейкоциттеры – 2-4 к.а., эритроциттер – 10-15 к.а., цилиндрлер гиалинді 0-1-2 к.а., дәнді цилиндрлер – бірен-саран.
Сұрақтар:
Инсулин дегеніміз не?
Инсулин қайда түзіледі?
ҚД этиологиясы.
Қалқанша безі қандай гормондарды өндіреді.
Тиреотоксикоздың физикалды белгілері.
Тесттер:
Адамның йодқа деген тәуліктік қажеттілігі:
100 мкг
50 мкг
150 мкг
250 мкг
1000 мкг
2. Қалқанша безі қандай қызмет атқарады:
Ақуыз, май, көмірсу алмасу үдерістерін реттейді
Йодты өндіреді
Йод алмасу үдерісіне қатысады
Жүйкелік психикалық реттеуді атқарады
3. Қандай секрецияның бұзылуы ҚД алып келеді?
Сыртқы секреция
Ішкі секреция
Тысқары секреция
4.ұйқы безінде не инсулинді бөліп шығарады?
Лангерганс аралшықтары
Ұйқы безінің құйрығы
Ұйқы безінің басы
Ұйқы безінің денесі
5. Дені сау адамның қанының құрамындағы қант мөлшері (Хаггедон әдісі) анықтау:
4,4-6,6 ммоль/л
3,3-5,5 ммоль/л
2,8-5,8 ммоль/л
4,0-6,0 ммоль/л
6. Қалқанша безі қызметінің бұзылуының диагнозына қажетті зертханалық тест ... болып табылады.
қандағы тиреоидты гормондар деңгейін анықтау
без пунктатын цитологиялық зерттеу
несептегі катехоламиндер деңгейін анықтау
гликолизирленген Нв анықтау
без тініне антидене титрін анықтау
7. Қалқанша безі нені өндіреді?
Т3,Т4,ТТГ
АКТГ
СБЙ
17-ОКС,17-КС
8. Инсулин көмірсуды ... түрінде депода сақталауын іске асырады.
глюкоза
лактоза
гликоген
сахароза
глюкозаминогликандар
9. Инсулин ... стимуляцияламайды.
бауырдағы гликогендер синтезін
глюконеогенезді
қандағы қант мөлшерінің деңгейін төмендетуді
ақуыз синтезін
10. Қаңқа бұлшықеттерінде іске асырылатын инсулиннің негізгі тиімділігіне аталғандардың барлығын ... басқасын жатқызуға болады.
глюкозаның қолданылып шығарылуын күшейтуден
гликогендер өндірілуін күшейтуден
май қышқылдарының өндірілуін күшейтуден
аминоқышқылдарының қолданылып шығарылуын күшейтуден
ақуыз синтезін күшейтуден
11. Диффузды токсикалық жемсауды көбіне ажырату керек ауруды атаңыз?
а) нейроциркуляторлы дистония
б) ревмокардит және жүректің ревматикалық ақаулары
в) кардиосклероз тахикардиялы формалы
г) жыбыр аритмия
д) аталғандардың барлығы
12. Сіздерге белгілі диффузды токсикалық жемсаудың асқынуларын атаңыз.
а) эндокринді офтальмопатия
б) тиреотоксикалық миопатия
в) тиреотоксикалық криз
г) тиреотоксикалық жүрек
д) аталғандардың барлығы
13. Гипотиреозды көбіне ажырату керек ауруды атаңыз?
а) Даун ауруы
б) рахит
в) гипофизарлы нанизм
г) созылмалы нефрит
д) аталғандардың барлығы
14. Гипотиреозда көбіне қандай жүйелер мен мүшелер зақымданады?
а) жүйке жүйесі
б) психика
в) аталғандардың барлығы
г) жүрек-тамыр жүйесі
д) эндокринді жүйе
15. Диффузды токсикалық жемсауда көбіне қандай жүйелер мен мүшелер зақымданады?
а) тыныс алу мүшелері
б) жүрек-тамыр жүйесі
в) жүйкелік-бұлшықет жүйесі және психика
г) эндокринді жүйе
д) аталғандардың барлығы
16. Тиреотоксикалық синдром ... басқа аурулардың барлығында кездеседі.
а) диффузды токсикалық жемсауынан
б) Хашимото жемсауынан
в) жітілеу тиреоидиттен
г) қалқанша безінің біріншілік атрофиясынан
д) гипофиздің ТТГ – бөлетін ісігінен
17. Сцинтиграфия ... анықтаудың негізгі әдісі болып табылады.
а) жітілеу тиреодитті
б) диффузды токсикалық жемсауды
г) қалқанша безінің обырын
д) қалқанша безінің токсикалық аденомасын
18. Тиреотоксикозға тән клиникалық көрініске ... жатпайды.
а) дене салмағының төмендеуі
б) жоғары тітіргенгіштік
в) ұйқышылдық
г) тұрақты тахикардия
д) тремор
19. Қалқанша безінің обырын анықтаудың ең ақпаратты әдісіне ... жатады.
а) қалқанша безінің сцинтиграфиясы
б) пальпаторлы зерттеу мәліметтері
в) қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу
г) қалқанша безінің компьютерлік томографиясы
д) қалқанша безінің жіңішкеинелі аспирационды биопсиясы
20. ТЗ сынамасын жүргізу көрсеткішіне ... жатады.
а) диффузды токсикалық жемсауға күдік туу
б) гипотиреозды ажыратпалы диагностикасы
в) токсикалық аденомасы бар науқасты емдеуді тоқтату сұрағын шешу
г) қалқанша безінің обырына күдік туу
д) аталғандардың барлығы
21. Қант диабеті бар науқастарда ... басқасы жиі кездеседі.
а) терілік кандидоздан
б) липоидты некробиоздан
в) витилигодан
г) жалпақ қызыл теміреткіден
д) ксантелазмалардан
22. Ұзақ уақыт қант диабетімен зардап шегетін науқастарда соқырлықтың дамуының ең жиі себебіне ... жатады.
а) глаукома
б) катаракта
в) пролиферациялық ретинопатия
г) көрі нервінің атрофиясы
д) автономды нейропатия
23. Науқас 30 жаста, қант диабетінің 1 түрімен ауырады, инсулинді енгізгеннен соң 3 сағат өткенде коматозды жағдайда табылады. Бірінші кезекте қандай іс-шара қолдану керек:
а) ЭКГ түсіру
б) глюкозаның 5% ерітіндісін енгізу
в) инсулин ( 10-20 Б) енгізу
г) қандағы креатинин, электролиттер және глюкоза деңгейін анықтау
д) глюкозаның 40% ерітіндісінің 20 мл енгізу
24. Науқаста глюкозурияны анықтағанда бірінші кезекте ... керек.
а) аш қарынға қандағы қант деңгейін анықтау
б) глюкозотолетарнтты тест жүргізу
в) сульфанилмочевина препараттарын енгізу
г) көмірсу қолдануды шектеу
д) базалды инсулин деңгейін анықтау
25. Диабеттік кетацидозда ... кездеспейді.
а) глюкозаны шеткері ұқсатудың төмендеуі
б) протеолиздің артуы
в) липолиздің төмендеуі
г) диурездің артуы
д) буферлік негізге тапшылықтың артуы
26. Қандай жануарлардың ұйқы безі инсулин дайындаудың шикізаты болып табылады:
а) бұқа, шошқа
б) киттер
в) қойлар
г) жылқылар
д)түйелер
Есептер:
Есеп №1
Науқас Л., 64 жаста, дәрігерге ауыздың кебуі, шөлдегіштік, жиі дәретке отыру, дене салмағын жоғалтуы, әлсіздік, шаршығыштық сияқты шағымдармен келді. Обьективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене бітімі астеникалық типте, тілі бүлдірген тәрізді, ауыздан ацетона иісі шығады (шіріген жидектерге ұқсас). Зертханалық: қандағы қант құрамы 8,6 ммоль/л көтерілген.
Аталған клиникалық және зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға тән?
Есеп№2
Науқас Т., 31 жаста, дәрігерге тітіркенгіштік, ұйқының бұзылуы, агрессиялық, жүректің соғуы сияқты шағымдармен келді. Обьективті: көзі шарасынан шығыңқы (экзофтальм), визуалды қалқанша безі 2 дәрежелі ұлғаюы байқалады, ЖСЖ – 95 рет 1 мин. Зертханалық: тиреотропты гормонның деңгейі 5,8 мБ/л көтерілген.
Аталған клиникалық және зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға тән?
1) Тақырыбы №11: Жіті пневмониялар.
2) Мақсаты: Жіті пневмонияның этиологиясы мен патогенетикалық механизмдерін анықтау. Жалпы қан, қақырық талдауының, бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістері, сыртқы тыныс қызметін - спирография, пикфлоуметрия арқылы анықтау мәліметтерін интерпретациялау;
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
пневмонияның анықтамасы;
пневмонияның этиологиясы мен патогенезі;
пневмонияның қазіргі заманғы жіктелуі;
пневмониямен ауыратын науқастардың шағымдарын;
пневмонияның негізгі клиникалық белгілерін;
пневмония кезіндегі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызын;
пневмониямен ауыратын науқастарды емдеудегі антибиотиктер тобын.
Студент үйреніп алуы қажет:
өкпе тінінің тығыздалу синдромын анықтау;
пневмонияны тудыратын себептерін анықтау;
пневмонияның диагностикалық критерийлерін анықтау және беру.
науқастарды зерттеу әдістерін меңгеру.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Кеуде қуысы мүшелерінің анатомиялық құрылысы.
Кеуде қуысы мүшелерінің топографиялық анатомиясы.
Тыныс алу мүшелерінің физиологиясы.
Пневмонияның (крупозды, ошақты) этиологиясы мен патогенезі.
Пневмонияның бастаушы синдромдары.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромының перкуторлы белгілері.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромының аускультативті белгілері.
Үдеріс кезеңіне қарай крупозды пневмонияның аускультативті белгілері.
Пневмонияның мүмкін асқынулары.
Пневмонияны анықтаудың параклиникалық әдістері, зертханалық әдістер, қанды, қақырықты тексеру, бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістер, сыртқы тыныс қызметін - спирография, пикфлоуметрия арқылы анықтау.
Пневмония кезіндегі қанды зертханалық тексеру әдістері.
Пневмония кезіндегі қақырықты зертханалық тексеру әдістері.
Пневмонияның аспаптық анықтау: бронхоскопиялық, рентгенологиялық әдістер.
Сыртқы тыныс қызметін анықтау - спирография, пикфлоуметрия әдістері.
Антибактериалды дәрілермен емдеу әдісі.
5) Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс, науқаспен жұмыс жасау
6) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)
Сұрақтар:
Пневмонияға анықтама беріңіз.
Пневмонияның этиологиясын атаңыз.
Пневмонияның классификациясы.
Пневмониямен ауыратын науқастардың шағымдарын атаңыз.
Пневмонияның бастапқы синдромын атаңыз.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромының перкуторлы белгілерін атаңыз.
Диагностикалау әдістері.
Пневмонияның қандай асқынулары болады?
Тесттер:
1. Өкпе синдромдарының қайсысын обьективті анықтауға болады:
а) пневмонияда; б) өкпе абсцессінде?
1) өкпе тінінің тығыздалу синдромы
2) өкпе тінінің жоғары ауалану синдромы
3) өкпеде қуыс пайда болу синдромы
4) плевра қуысында ауа жиналу синдромы
5) плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы
2. Берілген аукультативті белгілердің қайсысы сәйкес келеді:
а) крупозды пневмонияға; б) ашылған өкпе абсцессіне;
1) дыбысты орта көпіршікті ылғалды сырылдар;
2) крепитация;
3) әлсіз тыныс;
4) тыныс шуларының берілуінің болмауы;
5) ұзарған дем шығаруымен әлсіз тыныс.
3.Кандай қақырық тән:
а) Крупозды пневмонияға;
б) Өкпе абсцессіне?
шырышты, тұтқыр ("шыны тәрізді");
"тот тәрізді";
Іріңді көп, жағымсыз иісімен.
4. Ауру ағымының аталған ерекшеліктерінің қайсысы сәйкес келеді:
а) Крупозды пневмонияға; б) Өкпе абсцессіне?
1) аурудың салқындаумен байланыстылығы
2) кенет жіті жоғары температурамен, қалтыраумен, кеуде қуысының ауыруымен басталуы
3) көп көлемді, іріңді, сасық иісті қақырықты тастағаннан кейін жеңілдік сезінуі
4) жоғары температурамен, қалтыраумен, кеуде қуысының ауыруымен айқын басталуы
5. Жіті пневмонияны ... жіктейді.
а) этиологиясына қарай
б) патогенезіне қарай
в) клинико-морфологиялық сипатына қарай
г) аталғандардың барлығы
д) дұрыс жауабы жоқ
6. Крупозды пневмонияда ... зақымдалады.
а) өкпенің бөлігі
б) өкпе сегменті
в) плевра
г) өкпе бөлігі, сегменті және плевра
7. Крупозды пневмонияға ... тән.
а) аурудың басталу сатысы
б) өршу сатысы
в) аяқталу сатысы
г) қалпына келу сатысы
8. Крупозды пневмонияда қақырық:
а) детрит және макрофагтардан тұрады
б) шырышты-іріңді
в) фибриннің жоғары көлемі
г) аурудың сатысына қарай болады
9. Пневмонияның асқынуы болуы мүмкін:
а) жіті жүрек-тамыр жеткіліксіздігі
б) артериалды гипертензия
в) өкпе ісінуі
г) жіті тыныс жеткіліксіздігі
д) аталғандардың барлығы
е) дұрыс жауабы жоқ
10. Өкпе абсцессі бұл:
а) шектелген қуыс
б) өкпе тінінің іріңді ыдырауы
в) жұқпалы ауру
г) дұрыс жауабы жоқ
11. Ауру ағымының аталған ерекшеліктерінің қайсысы бронхоэктаз ауруына тән?
а) аурудың белгілі бір тағамды қабылдауымен, шаңды жұтуымен, кейбір жануар және өсімдік текті заттармен байланысы
б) тұқым қуалауға бейімділіктің болуы
в) тыныс алу мүшелерінің өткерген ауруларымен байланысы
г) жіті кенет басталу
12. Аталған шағымдардың қайсысы жіті бронхиттерге тән?
а) таңертеңгі ірің аралас қақырық
б) экспираторлы ентігумен тұншығу ұстамасы
в) субфебрильді немесе жоғары қызба
г) құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің және кеуде қуысының төменгі бөлігінің ауыруы
13. Аускультативті белгілердің қайсысы созылмалы бронхитке тән?
а) әлсіз везикулярлы тыныс
б) крепитация
в) бронхиалды тыныс
г) әртүрлі сырылдар, көбіне құрғақ
14. Созылмалы бронхитке қандай қақырық тән?
а) "тот тәрізді";
б) шырышты-іріңді
в) көп көлемді, іріңді жағымсыз иісті
15. Жіті бронхиттің даму себебі:
а) салқындау
б) вирусты инфекция;
в) созылмалы инфекция;
г) темекі
д) аталғандардың барлығы
16. Жіті бронхиттің жіктелуі ... қарай.
а) этиологиясына
б) патогенезіне
в) зақымдалу дәрежесіне
г) экссудаттың сипатына қарай
17. Жіті бронхиттің дамуының алғашқы белгісіне ... жатады.
а) жөтел
б) тұншығу
в) температура
г) бас ауруы
18. Жіті бронхиттің перкуссиясындағы перкуторлы дыбыс:
а) тұйықталған
б) тұйық
в) тимпаникалық
г) ашық өкпелік
19. Созылмалы бронхит бұл:
а) өкпенің бейспецификалық қабыну ауруы
б) созылмалы қабыну ауруы
в) латентті ауру
г) темекі тартумен байланысты ауру
20. Созылмалы бронхиттің негізгі белгісі:
а) ентігу
б) бас ауруы
в) жөтел
г) дұрыс жауабы жоқ
Есептер:
Есеп №1
Науқас Б., 48 жаста, ентігу, температура байқалады. Қарағанда науқастың кеуде қуысының жартысының тыныс алуда қалуы анықталды. Дауыс дірілі күшейген, перкуторлы дыбыс зақымдалу ошағының үстінде тұйықталған, везикулярлы тыныс әлсіреген, бронхофония күшейген. ЖҚА лейкоцитоз -20,0*109/л. R-гомогенді қараю.
Қандай ауру туралы айтылған?
Есеп №2
Науқас К., 47 жаста шағымдары температураның 39 гр. дейін көтерілуі, қалтырау, ентігу, бас ауру, жөтел. Сол жақтың төменгі бөлігінің крупозды пневмониясы диагнозымен стационарлы емделіп жатыр. Таңғы сағат 6-да кенет жалпы жағдайы нашарлады, тері жабындылары бозарып, шекесінде суық тер шықты, еріндердің цианозы артты. Температурасы 35,8. Есі сопорозды, тынысы жиілеген, беткейлі. ЖСЖ 120 рет 1 мин. АҚ 40/20 мм с.б.б.
а) Асқынуы қалай аталады?
б) Алғашқы медициналық көмек?
Есеп №3
Науқас У. 30 жаста, емханаға құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, температурасының 38гр. дейін көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік деген шағымдармен келді. Қарағанда жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгермеген. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатты тыныс, бірен-саран сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?
Есеп №4
Науқас М., 45 жаста, слесарь. 10 жыл көлемінде темекі тартады. Жел өтінде жұмыс істегеннен кейін 2 күн өткенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқанында ентігуді байқады. Жөтел тұрақты шырышты-іріңді қақырықпен.
Обьективті: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Перкуссия және пальпацияда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Аускультацияда қатаң тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар.
Кеуде қуысының R-тексеруі – өкпенің ауалық алаңының артуы, өкпе суретінің күшеюі және оның деформациясы.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?
Есеп №5
Науқас Т. 20 жаста, студентк қыз. Шағымдары құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, жалпы әлсіздік, субфебрильді температура. Өзін 2 күн көлемінде аурумын деп санайды, тұмауды өткергеннен кейін. Емделмеген. Жағдайы қанағаттанарлық. Ентігу жоқ. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгеріссіз. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, ысқырықты және ызыңдаған құрғақ сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?
Есеп №6
Науқас К. 50 жаста. 3 жыл көлемінде созылмалы обструктивті бронхитпен зардап шегеді. Шағымдары тәулігіне 100 мл-ге дейінгі үлкен көлемдегі иісті шырышты-қақырықты жөтел. Кейде қақырыққа қан араласады, кеуде қуысындағы ауырсыну, температура. Қарағанда: беті ісінген, цианоз, кеуде қуысы эмфизематозды формалы. Саусақ фалангалары барабан таяқшалары және тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Перкуторлы - перкуторлы дыбыс тұйықталған, қорапты дыбыс. Аускультативті: қатты тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. R-тексеру: өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылаған, өкпе суреті күшейген.
Сіздің диагнозыңыз?
Бастапқы синдромдары?
1) Тақырыбы №12: ЖИА. Миокард инфарктісі, стенокардия.
2) Мақсаты: ЖИА дамуының қауіп факторларымен таныстыру. Жүректің ишемиялық аурулары бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтауды үйрену. Коронарлы жеткіліксіздік синдромы (миокард инфаркті, стенокардия) бар науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену.
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек:
ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) алып келетін себептерді.
Негізгі және қосымша шағымдарды.
Ауру таризы мен өмір тарихын.
ЖИА (миокард инфаркті, стенокардия) тән белгілерді.
Негізгі және қосымша шағымдарды.
ЖИА ауыратын науқастарды емдеу тәсілі.
Студент үйреніп алуы қажет: