ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының


) Тақырыбы №14: Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы



бет17/38
Дата07.05.2017
өлшемі7,25 Mb.
#15851
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

1) Тақырыбы №14: Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы.


2) Мақсаты: Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының этиологиясы мен патогенетикалық механизмдерін анықтау. Жалпы қан анализін, ЭФГДС, асқазанішілік рН-метрияны, шырышты қабаттың биоптаттарын гистологиялық зерттеу, Helicobacter pylori-ді анықтау әдістерінің мәліметтерін талдау. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы бар науқастарға тиімді ем тағайындау.

3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Ойық жара ауруының анықтамасын білу.

  • Ойық жара ауруының этиологиялық факторларын білу.

  • Асқазан ойық жара ауруының негізгі клиникалық симптомдарымен таныстыру.

  • Ұлтабардың ойық жара ауруының негізгі клиникалық симптомдарымен таныстыру.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Науқасты тексеру сызбасында асқорыту жүйесін зерттеу.

  • Асқазан ойық жара ауруы бар науқастарды зерттеу әдістерін меңгеру.

  • Ұлтабардың ойық жара ауруы бар науқастарды зерттеу әдістерін меңгеру.

  • Жалпы қан анализі мәліметтерін талдау.

  • ЭФГДС, асқазанішілік рН-метрия мәліметтерін талдау.

  • Шырышты қабаттың биоптаттарын гистологиялық зерттеу, Helicobacter pylori-ді анықтау әдістерінің мәліметтерін талдау.

  • Болжам және клиникалық диагноздың негіздеуімен ажыратпалы диагноз жүргізу.

  • Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының клиникалық диагнозын қою.

  • Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы бар науқастарға тиімді ем тағайындау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ойық жара ауруының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.

  2. Ойық жара ауруының қазіргі жіктелуі.

  3. Ойық жара ауруының негізгі клинико-экдоскопиялық және морфологиялық белгілері.

  4. Helicobacter pylori-ді анықтау әдістері.

  5. Ойық жара ауруының асқынуы.

  6. Зертханалық-аспаптық диагностика.

  7. Ойық жара ауруын заманауи емдеу принциптері және алдын алу, антигелико-бактерлы терапия сызбасы.

  8. Асқазан мен ұлтабардың анатомиясы мен топографиясы.

  9. Асқазан функциялары.

  10. Асқазанның қышқыл түзуші қызметінің ерекшеліктері.

  11. Шырышты қабаттың морфологиясы.

  12. Асқазанның пальпациясы (бимануалды әдіспен).

  13. ЖҚА маңызы.

  14. Копрограмма өзгерістері; Грегерсен реакциясы.

  15. Helicobacter pylori-ді анықтау әдістері

  16. Асқазанның қышқыл түзуші қызметін бағалау (интрагастралды рН-метрия).

  17. Жіті және созылмалы ойық жараның эндоскопиялық көрінісі.

  18. Рентгенологиялық зерттеу әдістерінің маңызы.

  19. Ойық жара ауруын емдеу әдістері.

  20. Ойық жара ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің негізгі топтары.

  21. Ойық жараға қарсы терапияның заманауи сызбасы.

  22. Ойық жара ауруының профилактикасы.

  23. Ойық жара ауруының болжамы мен аяқталуы, асқынулары. Дәрігерлік тактика.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. Ойық жара ауруына анықтама беріңіз.

  2. Ойық жара ауруының этиологиялық факторларын анықтаңыз.

  3. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының патогенезі.

  4. Ойық жара ауруының агрессия факторлары және қорғаныс факторлары.

  5. Ойық жара ауруының жіктелуі.

  6. Ұлтабардың ойық жара ауруының клиникалық белгілері.

  7. Орналасу орнына қарай ойық жара ауруы ағымының ерекшеліктері.

  8. Ойық жара ауруының зертханалық-аспаптық диагностикасы.

Тесттер:

  1. Асқазан диспепсиясының көрінісі:

  1. Жүрек айну, құсу

  2. Эпигастрий аймағының ауырсынуы

  3. Толып тұру сезімі, эпигастрий аймағындағы қолайсыздық

  4. Асқазаннан қан кету

  5. Температураның жоғарылауы

  1. Асқазанның секреторлы қызметінің төмендеуі көбіне тәбеттің ... байқалады.

  1. бұрмалануымен

  2. артуымен

  3. төмендеуімен

  4. сақталуымен

  5. жойылуымен

  1. Асқазанның секреторлы қызметінің жоғарылауы көбіне тәбеттің ... байқалады.

  1. төмендеуімен

  2. бұрмалануымен

  3. сақталуымен

  4. артуымен

  5. жойылуымен

  1. Теміртапшылық анемия және гиповитаминоз кезіндегі тәбет ... жиі байқалады.

  1. бұрмалануы

  2. артуы

  3. төмендеуі

  4. сақталуы

  5. жойылуы

  1. Асқазандағы ауыру сезімі ... нәтижесі болып табылады.

  1. асқазанның спастикалық жиырылуы

  2. асқазанның шырышты қабаты рецепторларының тітіркенуі

  3. асқазанның бұлшықеттік жиырылуы кезінде қалтқының жабылуы

  4. қарыншаішілік қысымның жоғарылауы

  5. қарыншаішілік қысымның төмендеуі

  1. Асқазан аймағындағы ауыру сезімін анықтауда міндетті түрде ... білу керек.

  1. аурудың берілуін

  2. аурудың сипатын

  3. ас қабылдаумен байланыстылығын

  4. аурудың орналасуын

  5. физикалық жүктемемен байланыстылығын

  1. Ұлтабардың ойық жара ауруындағы ауырсыну:

  1. кеш, аш қарынға, түнгі, асты қабылдаудан кейін басылады

  2. ерте, асты қабылдаудан кейін 30 минуттан соң басылады

  3. асты қабылдаудан кейін басылмайды

  4. асты қабылдаудан кейін 1 сағаттан соң басылады

  5. асты қабылдаудан кейін 1,5 сағаттан соң басылады

  1. Ойық жара ауруының ауырсыну сезімін басу механизмі:

  1. асты қабылдаудан кейін қышқыл ыдырайды

  2. антацидтерді қабылдаудан кейін қышқыл бейтараптайды

  3. құсудан кейін асқазан босап, асқазан іші қысымы төмендейді

  4. гастродуоденалды бөлімнің моторлы-эвакуаторлы қызметін қалыпқа келтіру үшін ауырсынуды басыдалы

  5. сұйықтық қабылдағаннан кейін қышқыл ыдырайды

  1. Асқазанның кардиалды бөлігінің жарасы немесе обыры кезіндегі құсудың туындау уақыты:

  1. асты қабылдаудан кейін 5-10 минуттан соң

  2. асты жұта сала

  3. асты қабылдаудан кейін 2-3 сағаттан соң

  4. асты қабылдаудан кейін 4-6 сағаттан соң

  5. асты қабылдаудан кейін 10-12 сағаттан соң

10.Асқазан денесінің жарасы немесе гастрит кезіндегі құсудың туындау уақыты:

  1. асты қабылдаудан кейін 1-2 сағаттан соң

  2. асты қабылдаудан кейін 5-10 минуттан соң

  3. асты жұта сала

  4. асты қабылдаудан кейін 2-3 сағаттан соң

  5. асты қабылдаудан кейін 4-6 сағаттан соң

Есептер:

Есеп №1

Науқас М., 42 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын тұйық, сыздап ауырсыну, әлсіздік, жоғары шаршағыштық, құсу, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті.

Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында, әсіресе ортаңғы сызықтың оң жағына таман ауырсынады. Нәжісі – іш қатуға бейім.

Тексергенде:

1. ЖҚА: НВ-98г/л; ЭР - 2,3х1012/л; ТК - 0,85; ЭТЖ - 10 мм/сағ; L - 9х109/л.

2. ФГДС қорытындысы. Шырышты қабаты бозарған, сұрғыш түсті. Қатпарлары жұқарған, өлшемі кішірейген, шырыш асты тамырлар өте жақсы көрінеді. Асқазан қуысында көп көлемде бұлыңғыр түсті құрамдас сөл байқалады. Кіші иінінде шырышты қабаттың де­фекті 0-5x6 см орналасқан, оның терең түбі сарғыш түсті фибринозды жабынмен қапталған және қырлары жұлдызша тәрізді сүйелденген. Қабыну белгілері айқын байқалмайды.

3. Гистология: өзіндік пластинкалар және лимфоцит эпителийлерімен инфильтрацияланған, ішектік метаплазия ошақтары. НР+3; РН=1,54.

Қан тобы 0(I)



Сұрақтары:

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Тексеру жоспарына тағы не қосу керек.

3. Емі.


Есеп №2

Науқас 25 жаста; ауруханаға тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигастрий аймағының кеш, аш қарынға ауыруы, қышқыл құрамды құсу, кекіру, қыжылдауға шағымданып келіп түсті.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас астеникалық дене бітімде. Тері жабындары қалыпты түсте. АҚ 90/60 мм с.б.б. Тілі таза. Ішті пальпациялағанда – қорғаныстық қатаюы, эпигастрий аймағында және пилородуоденалды зонада ауырсыну.

Тексергенде:

1. ЖҚА: Hв - 120 г/л; Эр - 4,5x1012/л; ТК - 1,0; ЭТЖ - 8 мм/сағ; L - 8х109/л.

2. Қан тобы 0(I). Асқазан денесі PH = 1,0. Жасырын қанға нәжіс теріс нәтижелі.

3. ФГДС: асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Ұлтабардың алдыңғы қабырғасында диаметрі 8х10 мм дефект бар, кратерео-түрлі, айналасы қабынған, қырлары ісінген және қатпарлары конвергенцияланған. Ұлтабар деформацияланған, оның қуысы тарылған. Асқазан қуысында жасыл түсті бұлыңғыр құрамды сөл анықталады. Шырышты қабаты эндоскоппен контактіде оңай қанайды.

4. Гистология. Айқын белсенді антралды гастродуоденит, ішектік метаплазия ошақтары. Көптеген Н.Р.



Сұрақтары:

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Негізгі синдромды айқындаңыз.

3. Ажыратпалы ди­агноз жүргізіңіз.

4. Емдеу тактикасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет