Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»



бет2/5
Дата22.05.2020
өлшемі302,5 Kb.
#70527
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы П н «Медициналы паразитология» Маманды «Д

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе. Медициналық паразитология пәні медициналық білім беруде фундаментальді пәндердің бірі болып саналады. Медициналық паразитология-паразитизм құбылысын, адамдардағы паразиттер туындадатын ауруларды, олардың алдын алу және емдеу, адам паразиттерін жою жолдарын зерттейді.

Жануар тектес паразиттердің адамда туындататын аурулары үлкен топтаманы құрайды және оларды паразиттік аурулар деп атайды. Паразиттік аурулардың таралуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты (еңбек жағдайы, адамдардың тұрмысы, олардың мәдени дамуы және денсаулық сақтау ұйымдарының даму деңгейіне).

Паразиттік аурулар адам денсаулығына шынайы қауіп төндіруші болып келеді. Паразиттермен күресудегі басты мәселенің бірі олардың аралық қожайындары тасымалдаушы буынаяқтылармен күресу болып табылады.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары БДҰ (ВОЗ) тропикалық аурулармен күресудің арнаулы бағдарламасын қабылдады. БДҰ деректері бойынша миллиондаған адамдар маляриямен, анкилостомозбен, шистомотозбен, филяриатозбен ауырады. Описторхоз, трихомоноз, токсоплазмоз және т.б. аурулар күрделі медициналық проблемаларды туындатады.

Туризм және кеңейтілген экономикалық байланыстар, тропикалық елдерден белгілі-бір аумақтарға тән емес көптеген паразиттік аурулардың таралуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ССРО ыдыраған жылдары бұрынғы совет үкіметі одағы құрамындағы мемлекеттерде паразиттер тудырадын аурулар саны күрт өсті, бұл жағдай Қазақстанда да әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысында байқалды.

Мұндай жағдайлар дәрігерлердің паразиттік ауруларға, паразиттердің экологиясы мен биологиясына, олардың туындататын ауруларының даму ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Медициналық паразитология курсы студенттердің тек қана теориялық білім ғана емес, сонымен бірге белгі-бір дағдыларды микроскопиялық техникада қолдануға мүмкіндік береді. Адамдағы паразиттік және трансмиссивтік аурулардың пайда болу себептерін зерттеу, олардың алдын алу және емдеу жолдарының әдістерімен танысу студенттерге дәрігерлік дағдыда қолдануға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет