Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»



бет7/18
Дата10.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#11343
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233 с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)

1. Табиғи ошақты ауру анықтамасын беріңіз.

2. Табиғи ошақтың компоненттерін атаңыз.

3. Трансмиссивті аурулар анықтамасын беріңіз.

4. Тасымалдаушыларды сипаттаңыз: арнайы және механикалық.
5

1. Тақырыбы: Паразиттік аурулардың алдын алу және диагностикалау әдістері.

2. Мақсаты: Дать представление о генетических процессах в популяциях; законе Харди-вайнберга и роли типов браков.

3. Дәріс тезистері:

4. Иллюстрациялы материалдар:

5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-

ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.

Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
КРЕДИТ №2

1



1. Тақырыбы: Қарапайымдылар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және тамыраяқтылар, талшықтылар, инфузория, споралылар класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.

2. Мақсаты: Қарапайымдылар типіне жататын адам паразиттерімен, олардың биологиясы, патогендік әсері, диагностикасы мен гигиенасының теориялық негіздерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері: Қарапайымдылар жануарлар әлемі патшалығының аса кең тараған ағзаларына жатады. Олардың арасында еркін тіршілік етушілермен қатар паразиттері де бар. Паразиттің денесі бір ғана клеткадан тұрады да толық бір ағзаның қызметін атқарады; олардың көпшілігі микроскопиялық өлшем болып табылады. Қарапайымдылардың 65 000 түрінің ішінде 10 000 ауру тудыруға қабілетті паразит болып табылады. Паразиттердің әр түрінің ішкі ұйымдасу реті ерекше, дегенмен барлығына тән ерекшеліктері де бар.

Негізгі компонент – цитоплазма және ядро. Жасуша үш қабатты мембранамен қапталған, одан соң қалыңдығы мен мықтылығын ұлғайтатын қабықша орналасады. Ядросы негізінен бір немесе бірнеше түрлі пішінге ие құрылыста болады. Цитоплазма түссіз әрі тығыз қабат – эктоплазмадан және ішкі түйіршікті сұйық қабат эндоплазмадан тұрады, онда органоидтар орналасады. Органоидтар жалпы митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи аппарат және арнайы қоректену, шығару, қорғаныштық және қозғалу қызметтері болуы мүмкін.

Қарапайымдылар қоректі бүкіл денесімен диффузия немесе активті транспорт арқылы жұтады, немесе қоректің негізгі бөлігі жасушаға фагоцитоз немесе пиноцитоз жолымен, сонымен қоса цистосом деп аталатын арнайы өсінді арқылы түседі. Қатты заттарды қорыту үшін ас қорыту вакуолдері болады, олар шығу тегі жағынан лизосомалармен бйланысты ас қорыту ферменттеріне ие.

Жиырылғыш вакуольдер шығару органоидтары болып табылады, олар сұйықтыққа толы болады, әр кезде суды сыртқа шығару арқылы ұлғайып немесе кішірейіп отырады.

Қарапайымдыларда ұштарындағы шашақтары фибрилла құрап, жасуша бөлінісі мен жиырылуында рөл атқаратын микрофиламенттердің болуы тән.

Бинарлы (теңдей екіге) бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді, бірақ шизогония (алдымен ядро көпке бөлінеді, содан кейін бірнеше жаңа жасушалар түзе отырып, цитоплазма мен жасуша мембранасы бөлінеді) және спорогония байқалады. Жыныстық процесс көптеген қарапайымдыларда копуляция (гаметалардың қосылуы) немесе конъюгация (тұқым қуалау материалымен алмасу) жолымен өтеді.

Қарапайымдылардың тіршілік циклы бірнеше сатылы болуымен сипатталады, олар әр сатыда түрлі пішінде және ішкі ұйымдасу деңгейінде болады: белсенді трофозоит – қоректенетін әрі қозғалатын; циста – қарапайымдылардың қозғала алмайтын стадиясы, спорозоит, мерозоит. Циста түзу – қолайсыз жағдайдан өту тәсілі. Қолайлы жағдайға тап болғанда цистадан белсенді трофозоит шығады; бұл құбылыс эксциста түзу деп аталады. Паразиттік қарапайымдылар сыртқы ортаға түскенде циста түзеді де жел, су, жануарлар арқылы таралады.

Қозғалыс органоидтары: талшықтар мен кірпікшелер (тұрақты өсінділер) және жалған аяқтар (цитоплазманың уақытша өсінділері).

Қарапайымдылар тудыратын аурулар протозойлы аурулар деп аталады, патогенді паразиттер адамның түрлі органдары мен ұлпаларында паразитті тіршілік етеді.

Қарапайымдылар адам ағзасында шоғырлануына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: қанұлпалық паразиттері (безгек, лейшманиоз, трипасоносамоз қоздырғыштары) және асқорыту жүйесі мен зәр жолдарының паразиттері (амебалар, лямблиялар, балантидиялар, трихомонадалар және т.б.).

Патогенді қарапайымдылар тудыратын аурулардың жұғу механизмдері бойынша ішектік (фекальді-оральді жұғу жолдары), трансмиссивті (тасымалдаушылар) және жанасу арқылы деп бөлінеді. Адам ағзасында қарапайымдылардың 30 – дан астам түрі көбейеді әрі тіршілік етеді.

Қарапайымдылар типіне жататын қласстар:

Sarcodina (саркодалылар),

Flagellata (кірпікшелілер),

Sporozoa (споралылар)



Infusoria (инфузориялар).

4. Иллюстрациялы материалдар:




трипаносома




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет