Студент төменде келтірілген СӨЖ формаларының жиынтығының бір нұсқасын пайдаланып, СӨЖ тапсырмаларын орындауы қажет.
№1) реферат + глоссарий.
№2) доклад + глоссарий.
№3) презентация+ глоссарий.
№4) буклет + глоссарий.
СӨЖ тапсырмаларын бағалау – оның әрбір формаларының бағасының қосындысының орташа бағасы болып табылады. Мысалы: нұсқалар 1: орташа балл 3,15, реферат (3,3) + глоссарий (3,0). Жалпы баға 3,3+3,0= 3,15.
СӨЖ-дің бірінші бетінің формасы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ формасы______________________________________________________
СӨЖ тақырыбы_____________________________________________________
Орындаған студент________________________________________________________
Қабылдаған _______________________________________________________________
Шымкент - 201__ ж.
СӨЖ формаларын бағалау критериялары
Р е ф е р а т
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Рефератты дайындау және қорғау
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Реферат - 10 әдебиетті пайдаланып өз бетінше, түсінікті етіп жазылған, көлемі-10 беттен кем емес. Суреттер, сызбанұсқалар және кестелермен толықтырылған. Рефератты баяндағанда, студент оқымай, еркін баяндайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
Реферат 10 әдебиетті пайдаланып өз бетінше жазылған, көлемі 10 беттен аз. Суреттер, сызбанұсқалар, кестелер келтірілген. Рефераттың мазмұнын еркін баяндайды, бірақ сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
Реферат 5 әдебиеттерді пайдаланып жазылған, көлемі 5-10 беттей. Суреттері, кестелері толық емес. Реферат мазмұнын еркін баяндай алмайды, көбінесе оның мәтінін оқиды. Сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
Реферат қалай болса солай дайындалған, көлемі 5 беттен аз. Қолданылған әдебиеттер саны аз. Суреттер, кестелер келтірілмеген. Реферат мазмұнын, студент тек мәтінді оқып қана жеткізеді. Сұрақтарға жауап жоқ.
|
Доклад реферат критерилеріне сәйкес бағаланады.
Т а қ ы р ы п т ы т а н ы с т ы р у
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Тақырып
ты таныстыру
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Анимацияларды пайдаланып, 30-ға жуық слайдыларды қолданып орындалған. әдебиеттер тізімі оншақты. Өз бетінше еркін баяндап түсіндіреді. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
20 слайдтарды қолданып өз бетінше орындаған. Таныстыру кезінде еркін сөйлеп, дұрыс жауап қайтарады.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
15-20 слайдты пайдаланып орындаған. әдебиеттер тізбесі 5, баяндау кезінде қателіктерге бой алдырады. Сұрақтарға толық дұрыс жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
5-10 слайдтарды пайдаланып, уақтынан кеш орындаған. Слайдтар тақырып мазмұнын толық ашып көрсете алмайды. Таныстыру кесінде өрескел қателіктерге бой алдырады. Сұрақтарға жауап жоқ.
|
Т е с т т а п с ы р м а л а р ы н д а й ы н д а у
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
3.
|
Тест тапсырмаларын дайындау
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Тест тапсырмаларының саны 10-нан астам. Тапсырмалар - нақтылы, мағыналы, ал жауаптар біртектес, дұрыс және қысқа. Дұрыс жауап көрсетілген.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
Тест тапсырмаларының саны-10. құрастырылуы дұрыс, жауап нұсқалары әртүрлі. Кейбір дұрыс жауаптар көрсетілмеген.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
Тест тапсырмалары саны оннан аз. Құрастырылуы нақтылы емес, жауаптары әртүрлі. Кейбір дұрыс жауаптар көрсетілмеген.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
Тест тапсырмалары саны 5-6, құрастырылуы дұрыс емес, жауаптары әртүрлі берілген. Жалпы тапсырмалар түсініксіз.
|
Г л о с с а р и й
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
4.
|
Глоссарияны дайындау
|
Өте жақсы
Бағаға сәйкес
А (4,0; 95-100%);
А- (3,67; 90-94%)
|
Глоссарий 20 терминнен көп, тақырыпқа сай келеді, сауатты құрастырылған. Терминдер тізбесі алфавит бойынша орналастырылған.
|
|
|
Жақсы
Бағаға сәйкес
В+ (3,33; 85-89%);
В (3,0; 80-84%);
В- (2,67; 75-79%).
|
Глоссарий 15-20 терминді қамтиды, сауатты құрастырылған, тақырыпқа сай келеді, биологиялық мағынасы түсінікті. Терминдер қалай болса солай орналастырылған.
|
|
|
Қанағаттанарлық
Бағаға сәйкес:
С+ (2,33; 70-74%);
С (2,0; 65-69%);
С- (1,67; 60-64%);
D+ (1,0; 50-59%)
|
Глоссарий 15 терминнен аз, тақырыпқа сай келеді, мағынасы дұрыс, бірақ толық емес, қалай болса солай орналасқан.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағаға сәйкес
F ( 0; 0-49%)
|
Глоссарий 10 терминнен кем, тақырыпқа сай емес, мағынасы дұрыс ашылмаған, қалай болса солай орналастырылған.
|
Б у к л е т
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
5.
|
Буклетті дайындау
|
Өте жақсы
Бағаға сәйкес:
А (4,0; 95-100%);
А- (3,67; 90-94%)
|
Буклет тақырыпқа сәйкес келеді, түрлі түсті суреттер, сызбанұсқа, кестелермен толық қамтылған. Суреттер, кестелер толық және нақтылы бейнеленген.
|
|
|
Жақсы
Бағаға сәйкес:
В+ (3,33; 85-89%);
В (3,0; 80-84%);
В- (2,67; 75-79%).
|
Буклет тақырыпқа сәйкес келеді. Суреттер, кестелер түрлі түсті емес. Суреттер, кестелер толық және нақтылы сипатталмаған.
|
|
|
Қанағаттанарлық
Бағаға сәйкес:
С+ (2,33; 70-74%);
С (2,0; 65-69%);
С- (1,67; 60-64%);
D+ (1,0; 50-54%)
|
Буклет тақырыпқа сай келеді. Суреттер, сызбанұсқалар кестелер түрлі түсті емес және тақырып мазмұнын толық ашпайды. Суреттер, кестелер сипаттауда қателіктер кездеседі.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағаға сәйкес
F ( 0; 0-49%)
|
Буклетте суреттер, кестелер жоқ, тақырып мазмұнын толық ашпайды. Суреттерді, кестелерді сипаттауда қателіктер көптеп кездеседі.
|
СӨЖ тапсырмаларын бағалағанда оның өз мерзімінде орындалып өткізілуі маңызды. Егер көрсетілген кешіктіріліп өткізілсе, қорытынды бағадан 1 балл көлемінде штраф балл алынады. Жоғары 4 деген баллды алу үшін студент тапсырманы толық әрі орындалу талаптарына сәйкес жасап, уақытында тапсыруы тиіс. Егер көрсетілген кешіктіріліп өткізілсе, қорытынды баға 1 баллға кемітіледі.
Әрбір студент 1 кредитке 1 СӨЖ орындауы қажет.
Қорытынды бағалау
Қорытынды бағалау: емтихан (тестілеу).
Емтиханға пән бағдарламасын толық игерген және қорытынды рейтингісін жинаған студенттер жіберіледі (ҚР).
Бағалау саясаты:
Студенттің қорытынды бағасы қорытынды рейтингісімен (ҚР) қорытынды бақылау бағасымен (ҚББ) балдық –рейтинг әріптік жүйе арқылы қойылады.
СҚБ = ҚР + ҚББ
Қорытынды рейтингісі (ҚР) ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың 60% құрайды.
Ағымдық бақылау бағасы (АББ) тәжірибелік сабақ пен СӨЖ+ сабақтарының орташа бағасы алынады.
Аралық бақылау бағасы (АББ) 2 коллоквиумның орташа бағасына тең.
Айып іс – шаралар: себепсіз жіберілген дәріс сабақтарын студенттің қорытынды бағасынан бір лекция үшін 0,66 % алынады
Егер қорытынды рейтингісі (ҚР) 30 балдан төмен болған жағдайда емтиханға жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (ҚБ) тестілеу арқылы 40% немесе 40 бал, жалпы бағасы арқылы қойылады.
Студенттерді тестілеу кезінде 50 тест тапсырмалары беріліп, жалпы 40 балдың әрбір дұрыс жауабы үшін 0,8 балын ала алады.
Қорытынды баға 30 балл немесе 30 % не одан жоғары болып, қорытынды бақылау бойынша 20 және одан жоғары % болғанда есептеледі.
Жіберілудің пайыздық рейтингі (ЖПР) келесі жолмен анықталады:
СҚБ х 60 % = ЖПР (максимум 60%, минимум 15%)
4
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Медициналық паразитология» пәнінен дәріс комплекстері
Мамандық: 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі»
Курс - 2, семестр - 4
Шымкент 2013 ж.
Кредит №1
№1
1. Тақырыбы: Медициналық паразитология пәні және міндеттері. Паразитологияның қысқаша даму тарихы. Табиғаттағы биотикалық байланыс түрлері.
2. Мақсаты: Тірі ағзалар арасындағы қатынастың биотикалық түрі ретінде паразитизмге түсінік беру, сонымен қатар паразитологияның даму тарихына қысқаша шолу.
3. Дәріс тезистері: Паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын және олар тудыратын ауруларды, сонымен қоса күрес шараларын зерттейтін биологиялық ғылым паразитология деп аталады. Оның тек адам паразиттерін зерттейтін саласы медициналық паразитология деп аталады.
Медициналық паразитология протозоология, гельминтология және арахноэнтомология болып бөлінеді. Протозоология паразит қарапайымдыларды; гельминтология – адам паразиттерін, гельминттерін; арахноэнтомология – буынаяқтылар типі паразиттерін: өрмекшітәрізділер класын, кенелер отряды мен бунақденелілер класын зерттейді.
Паразитарлы аурулар – жануарлар паразиттері арқылы туындайтын және өту кезеңінің ұзақтығы әрі қайталанбалылығымен сипатталатын аурулар тобы. Протозооздар, гельминтоздар арахноэнтомоздар деп ажыратылады. .
Протозооздар – бұл қарапайымдар (Protozoa) (20-дан астам түр). тудыратын ауру. Оларға амебиаз, лейшманиоз, лямблиоз, безгек және т.б.
Арахноэнтомоздар – буынаяқтылар (Arthropoda типі) қоздырғыштары (қотыр, миаз) мен тасымалдаушылар арқылы берілетін ауру.
Гельминтоздар – Plathelminthes (жалпақ құрттар) және Nemathelminthes (жұмыр құрттар) типіне жататын паразит құрттар (200 түрден астам) тудыратын аурулар.
зооноздар (зооантропоноздар) бұлардың қоздырғыштарының резервуары жануарлар болып табылады, бірақ оларға адамдар да сезімтал болып келеді.
антропоноздар – мұнда қоздырғыштың резервуары тек қана адам ағзасы болып табылады.
Паразиттер адам ағзасындағы кез келген мүшеде паразитизмнің жергілікті және симптомдық көріністерін тудыра отырып, тіршілік ете береді. Сондықтан кез келген мамандықтағы дәрігер паразиттік ауруларды кездестіреді және оларды диагностикалау мен емдеуге міндетті, әрі паразитпен зарарланудың алдын алуы тиіс.
Паразиттер әдетте басқа аурудың ағымын күшейтеді, әсіресе балалардың паразиттермен инвазия кезінде маңызды бұл толық қалыптаспаған иммундық жүйеге байланысты, соңғысы, физикалық және ақыл – есінің дұрыс дамымауына алып келетін паразиттік ауруларға жиі ұшырайды.
Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері болып табылады:
Дамудың барлық сатыларындағы паразиттер биологиясын оқу;
Паразиттер систематикасын оқу;
Адам ағзасына түсу жолдары мен айналымын зерттеу үшін паразиттер мен тасымалдаушылардың даму циклын меңгеру;
Паразит – қожайын жүйесіндегі арақатынасты меңгеру;
Паразиттер мен тасымалдаушылардың аса қауіпті әрекеттерін білу негізінде паразитарлы ауруларды емдеу мен диагностикалау, сонымен қатар алдын алу және күрес шараларының ғылыми негзлерін құрастыру;
Паразитарлы ауруларды ликвидациялау мен алдын алуды қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру.
Табиғаттағы биотикалық байланыстардың түрлері. Жануарлар әлемінде барлық тірі ағзалар бір бірімен және өлі табиғатпен байланысты. Тірі ағзалар арасындағы (биотикалық байланыс) байланыс әр алуан, негізі азық кеңістігінің қатынасына келіп саяды және тіршілік циклының сатылары мен жағдайларына байланысты өзгеруі де мүмкін.
Түрішілік арақатынастың екі негізгі түрін ажыратады: кері және оң арақатынастар. Кері арақатынасқа – жыртқыштық, паразитизм және антибиоз жатады.
Жыртқыштық – бір түр келесі бір түрдің өсуі мен тіршілігіне кері әсер етіп, оны қорек ретінде пайдаланатын, әрі жойылуына әкелетін ағзалар арасындағы арақатынас типі. Осы арқылы оның табиғаттағы саны реттеліп отырады.
Паразитизм (грекше: Parasitos – арамтамақ) – бұл ағзалар арасындағы бір түрдің (паразит) келесі түрді (қожайын) қорек әрі тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, оған зиян келтіргенімен, бірақ оны өлімге апармайтын арақатынас түрі. Паразит қожайын денеінде өмір сүреді немесе оны қорек ретінде пайдаланып тұрады. Паразитизм жыртқыштықтан пайда болған, бірақ оның бір ерекшелігі ол оны бір рет қана пайдаланбайды. Кейбір ағзалар жағдайға байланысты паразит әрі жыртқыш болуы да мүмкін: жылқы сүлігі сүтқоректілер үшін паразит ал притонға жыртқыш болады. Паразитизм түрлері әралуан және оларды түрлі принциптерге сай жіктейді. Академик Е.Н. Павловский паразитизм анықтамасына мынаны қосады: паразит пен қожайын арасындағы қарым қатынас антогонистік дейді. Паразит сыртқы ортамен қожайын арқылы қатынасады, осы арқылы еркін тіршілік етушілерден ерекшеленеді.
Антибиоз – бір түрдің өз метаболизмінен пайда болған өнімін химиялық тосқауыл ретінде келесі бір түрдің тіршілігін шектей отырып оған аса қатты әсер ететін ағзалар арасындағы арақатынас. Олар антибиотиктер, фитонцидтер, микробтық, жануарлар мен өсімдіктер токсиндері болуы мүмкін. Сонымен, саңырауқұлақ пенициллині микроағзалардың өсуін тежейді, микроағзаларға антагонизм болады, планктонды жануарлар мен өсімдіктер компоненттері антибиотиктер бөлуі нәтижесінде өзара тежеп отырса, өсімдіктер арасында арақатынасты сақтау үшін басқа түрлердің тұқымдарының өнуін немесе ұшқыш токсиндер (камфора және цинеол) және суда ерігіш антибиотиктер (феноллар және алкалоидтар) бөлу арқылы олардың өсуін тежеу.
Оң арақатынасқа симбиоз түрлерінің әртүрі жатады: мутуализм, комменсализм, квартиранство.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Жануарлардың түрлі топтарындағы паразитизмнің таралуы
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Биология.Под ред. В.Н. Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320 с.
2. Биология. А.П. Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа, 2012. -656с .
3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер. с англ. -М.:Медицина, -1985, -
416 с.
6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Қосымша:
1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М., 1981 г., 315 с.
2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.
3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев
В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161 с.
4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова
Ж.И., М.:Изд.«Здоровье», 2002, 2500 с.
5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов
Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.
6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.
7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,
233 с.
8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.
Изд. «Мед. Литература», 1959, 222 с.
9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.
Изд. «АН СССР», 1949, 1022 с.
6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)
1. Медициналық паразитология пәні және міндеттері;
2. Паразитология бөлімдері;
3. Биотикалық арақатынастың негізгі формалары;
4. Паразитология дамуының негізгі этаптары;
4. Паразиологияның дамуында кеңестік, орыс және қазақ ғалымдарының үлесі.
№2
1. Тақырыбы: Паразитологияның негізгі түсініктері.
2. Мақсаты: Студенттерде паразиттік ағзалардың тіршілігінің биологиялық негіздерінің, олардың табиғаттағы айналымы, паразиттік аурулардың алдын алу мен емдеу, диагностикасының заманауи білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар осы білімдерді медико-биологиялық, клиникалық дисциплиналарда және тәжірибелік медицинада қолдану.
3. Дәріс тезистері: Паразиттер экологиясы тұрғысынан келесідегідей жіктеулер қарастырылған.
Паразиттік тіршілік етуіне байланысты нағыз және жалған, сонымен қоса облигатты және факультативті паразитизм деп ажыратады.
а) нағыз паразиттер қожайынмен айтарлықтай уақыт аралығында байланыста болады. Паразитология негізінен нағыз паразиттерді зерттейді.
б) жалған паразиттер – бұл даралар кездейсоқ паразитке айналғандар. Бұл аталған түр үшін кездейсоқ құбылыс.
в) облигатты паразитизм – аталған түр үшін паразитизм міндетті болып табылады.
г) факультативті паразитизм – еркін тіршілік етушілерге тән, олар белгілі бір жағдай мен дамуының белгілі бір сатысында ғана паразитке айналады.
Паразиттерпатогенді және патогенді емес болып бөлінеді.
Қожайын мен паразит арасында байланыс уақыты бойынша паразиттерді уақытша және тұрақты деп ажыратады.
а) уақытша – қожайынын тек қорек үшін ғана пайдаланады; байланыс уақыты мен мерзімінің ұзақтығы ауыспалы.
б) тұрақты – паразиттер шартты тұрақты (стационар) және салыстырмалы тұрақты (кезеңді) деп бөлінеді.
Паразиттердің адам ағзасында шоғырлануына байланысты экто- және эндопаразиттер деп бөледі.
а) Эктопаразиттер – қожайын терісінде тіршілік етеді (қансорғыштар, кенелер, биттер, бүргелер).
б) Эндопаразиттер – қожайын денесінде тіршілік етеді. Олар сыртқы ортамен байланысы бар мүшелерде тіршілік ететін деп те бөлінеді (ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару жүйелері).
Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың ерекшеліктеріне байланысты жіктеу.
Паразиттер морфологиясы мен биологиясының ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі. Паразиттерді протозойлы (қарапайымдылар) және метазойлы (гельминттер мен буынаяқтылар) деп ажыратады.
Протозойлылар қожайын ағзасында көбейеді, ал метазойлылар тек жинақталады.
Қожайын және паразиттердің тіршілік циклі ұғымы.
Паразиттердің көпшілігі көптеген дернәсілдік кезеңдерді қамтитын күрделі метаморфозбен дамиды, әрі түрлі ортада тіршілік етеді және әртүрлі қызмет атқарады: таралу, белсенді өсу, белсенді өсу, шоғырлану жәнее көбею. Паразиттердің барлық онтогенез сатыларының жиынтығы және олардың бір қожайыннан келесі қожайынға ауысу жолдары паразиттің тіршілік циклы деп аталады. Паразит өз тіршілік циклі барысында тіршілік ететін ортасы мен қорек ретінде пайдаланатын ағза мен тіршілік ортасын ауыстырады. Бұл ағза қожайын деп аталады. Бір қожайыннан екінші қожайынға ауысуы қожайын алмастыру деп аталады. Паразиттердің дернәсілдік дамуы өтетін немесе жыныссыз көбею ортасы болатын қожайын аралық деп аталады. Олардың қызметі: паразиттердің таралуы, соңғы қожайынды зарарлау және соңғы қожайынның уақытша болмауына байланысты тіршілік үшін күресі. Аралық қожайын екі немесе үш және одан да көп болуы мүмкін, онда паразит көбейеді және оның ересек сатысына дейін дамуы өтетін қожайын соңғы немесе дефинитивті деп аталады. Ауру қоздырғышы (паразит) шоғырланып ұзақ өмір сүретін бірақ ары қарай дамымайтын ортасы резервуар немесе резервуарлы қожайын деп аталады. Паразитизм түрлі эволюциялық бағыттарға байланысты ағзалардың өзара қатынасының формасы ретінде бірнеше жолмен дамыды.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Паразиттер мен қожайындар алмасуының сызбасы
5. Әдебиет:
Негізгі
1. Биология.Под ред. В.Н. Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,
320 с.
2. Биология. А.П. Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-
Медиа, 2012. -656 с.
2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для
студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,
Алматы, 2004
4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-
416с.,ил.
5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-
ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.
6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –
М.:Медицина,1996. – 544с.ил.
Достарыңызбен бөлісу: |