10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Аурухана тәртібі ұғымы
Науқастардың емдеу – қорғау тәртібі
Науқастардың аурудан айығуына әсер етуші факторлар
Аурухана тәртібі науқастың жанына тыныштық беретіндей болуы тиіс.науқасты тітіркендіретін, уайымдататын нәрселер болмауы тиіс, немесе ондай нәрселерді алып тастау қажет .
аурухана тәртібі келесі түрде ұйымдастырылғаны науқасқа ыңғайлы жағдай туғызады:
Аурухананың сыртқы ортасының сипатын жақсарту;
Физиологиялық ұйқыны ұзарту;
Науқасты теріс эмоция және ауырсыну сезімінен айықтыру;
Тынығу және физикалық белсенділіктің ауысып отыруы (гигиеналық және емдік гимнастика) және жалпы нервтік-психикалық тонусты көтеру.
Аурухананың сыртқы ортасының сипатын жақсарту: ақ төсектер, ашық түске боялған қабырғалар, өмірге қызықтыратын суреттер. Науқастың көңіліне теріс әсер ететін тітіркендіргіштерді (қорқынышты плакаттар, банкалардағы анатомиялық препараттар, температура парақтары т.б.) алып тастанулары қажет.
Ауруханадағы жағымсыз иістер көтеріңкі вентиляция, дезодоранттар, көмегімен жойылуы қажет. Ауруханада шуылдың болмауы үлкен маңызға ие.
Персонал бірбірімен тыныш сөйлеседі, телефондарды палаталардан алысқа ронатады, дауыс сигнализациясы жарық сигнализациясына ауыстырылады, су крандарына резина шлангілерін кигізеді, персонал аяғына тапочки киіп жүреді, коридор және палаталарда кілемдер төселеді.
Жалпы еркін стационардың және аурухана аймағында, бөлімшеде науқастың қозғалу активтілігі шектеусіз болады. Коридорда еркін жүруге, баспалдақтан көтерілу, аурухана территориясында жүруге рұқсат.
Палаталық науқас уақытының көбін төсекте өткізеді тек палатаның ішінде жүруге рұқсат. Өзінің жеке гигиенасын және тағы басқаларды палатада жүргізеді.
Төсектік- науқас төсектен тұрмайды, отыруға, бұрылуға болады. Барлық мерекелерді және өзінің тазалығын төсекте медбикенің көмегімен жүргізіледі
4) Қатаң – төсектік- науқасқа төсекте активті қозғалуына рұқсат етілмеген, бір жаныңнан екінші жанына қозғалуға рұқсат етпейді. Төсекте науқасты жатқызу түрлері: Әртүрлі ауруларда науқасты төсекте әртүрлі жағдайда жатқызу.
Активті жатқызу — науқас оңай және еркін қозғалысты орындауына болады.
Пассивті қалпы- науқас еркін қимылды орындай алмайды, сол қалыпта сақтау (мысалы есін жоғалтқанда немесе оларды орындауға дәрігер рұқсат етпегенде)
Мәжбүрлі қалпы- науқас ауырсынуды басу үшін және әртүрлі патологиялық симптомдарда мәжбүрлі қалыпта болады. Мысалы, ортопноэ кезінде — отырызып аяғын төмен жібереміз (қан айналымының жетімсіздігінде және кіші қан айналымда қан ұйып қалса), шынтақ тізе қалпы.
Достарыңызбен бөлісу: |