Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет59/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

1. Тақырыбы: Инфекция. Биологиялық зерттеу әдісі (биосынама).
2.Мақсаты: Инфекциялық аурулар диагностикасында және ғылыми эксперименттерде кең қолданылатын биологиялық зерттеу әдістерін меңгеру.
3.Оқыту мақсаты: Тәжірибелік жануарларды жарақаттауды, иммунизациялауды, өлген жануарлардың мәйіттерін бактериологиялық зерттеу әдістерін үйрету. Патогенділік пен вируленттілік факторларды және токсиндердің белсенділігін, биологиялық әдістер арқылы зерттеу және анықтау әдістерімен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қоздырғышқа байланысты инфекциялар пішіні, макроорганизмдегі таралуы, олардың сипаттамасы.

  1. Жергілікті және жалпы бактериемия, септицемия, сепсис, септикопиемия инфекция түрлеріне анықтама беріңіз.

  1. Қоздырғыш санына байланысты инфекциялар формасы/моноинфекция, полимикробты, аралас және микст-инфекция/.

  2. Инфекциялар пішініне сипаттама беріңіз / жедел, созылмалы, латенті,манифестті/.

  3. Симптомсыз формалы инфекциялардың бактериотасымалдаушылықты ерекшелігі.

  4. Вирустардың инфекциялық қасиетін сипаттап атаңыз.

  5. Инфекциялық аурулар кезеңдерін сипаттап атаңыз.

  6. Лабораториялық жануарларды экспериментальды заладануының мақсаты мен әдістері.

  7. Лабораториялық жануарларды экспериментальды жолмен жарақаттау әдістері, тәсілдері, мақсаты.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас
6. Әдебиет:
Негізгі:
1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.
2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.
3.Жалпы микробиология( оқу-әдістемелік құрал).Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова,А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева.Алматы-2006
4.Жеке микробиология ( оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова, А.Л..Котова,Қ.Қ.Құдайбергенұлы,доценттер С.Ш.Шакиев,А.А.Стамкулова,Н.Т.Таурбаева, оқытушылар:Б.М.Хандиллаева,Г.Р. Амзеева,Т.С.Бегадилова, А.М.Бармакова, Д.Ж.Батырбаева. Алматы-2006


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет