1.Тақырыбы: Химия-фармацевтік өнеркәсібін және дәріхананы ағымды және сақтық санитарлық қадағалау жүргізу ерекшеліктері.
2. Мақсаты: Студенттерді санитарлық қадағалау негіздерімен таныстыру. ағымды және сақтық санитарлық қадағалау жүргізу ерекшеліктері.
3. Дәріс тезистері:
Санитарлық қадағалау негізінен атмосфералық ауаның,су нысандарының, топырақтың, елді мекен аймағының ластанбауын болдырмауға және оны жоюға, сондай-ақ тұрмыс, еңбек, тәрбие, оқу, тұрғындардың дем алу жағдайын сауықтыру,олардың аурушаңдығын болдырмау және азайту әрекеттеріне бағытталған санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиияға қарсы шаралардың орындалуына жүргізілетін бақылау болып табылады.
Еңбек гигиенасы саласындағы санитарлық қадағалаудың негізгі мақсаты – жұмысшыларды өндірістік орта факторларының зиянды әсерінен және кәсіби аурушаңдықтан алдын алу жатады.
Санитарлық бақылауды алдын алу (сақтық) мақсатындағы және ағымдағы (күнделікті) бақылау деп екіге бөледі.
Сақтық (алдын алу) мақсатындағы санитарлық бақылау нысандарды пайдаланудың алдындағы немесе өнімді тұтынушылар қолданудың алдындағы кезеңдерінде іске асырылады.
Сақтық санитарлық қадағалау практикаға қандай-да нысанды немесе шараларды енгізбестен бұрын гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын алдын-ала бағалау болып табылады. Санитарлық сараптау кезінде техникалық жағдайлардан, мемлекеттік стандарттардан, елді мекеннің жобаларынан (бас жоспар), құрылыс салу жобаларынан, жаңа химиялық заттар және басқа да жаңа заттар жасаудан тұрады.
Ағымдағы (күнделікті) санитарлық қадағалауға қондырғылар мен ғимараттарды пайдалануға бергеннен кейінгі тұрақты түрдегі бақылау жатады, сондай-ақ қоршаған орта нысандарының (атмосфера, су, топырақ), елді мекен, жұмыс, тұрмыс, дем алу және басқа да жағдайларды үнемі бақылау болып табылады. Оның негізгі мақсаты – сақтық санитарлық қадағалауда алдын-ала бекітілген жобаға, техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру болып табылады.
Санитарлық қадағалау елді мекенді, ғимараттарды салуды, су құбырын, канализацияны және басқа да объектілерді жоспарлау жобасы бойынша қорытынды жазумен аяқталатын болса, ал күнделікті қадағалау олардың санитарлық жағдайын тексеруден тұрады.
Санитарлық қадағалаудың құқылық негізіне санитарлық заңдылық жатады, оған кіретіндер: мемлекеттік стандарттар (МЕСТ), санитарлық ережелермен нормалар, әдістемелік нұсқаулар, құрылыс нормалары мен ережелері, техникалық жағдайлар, ДСМ бұйрықтары мен қаулылары, салалық стандарттармен және т.б.
Санитарлық қадағалауды ұйымдастыратын негізгі мекемеге санитарлық-эпидемиологиялық станса (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық СЭС) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |