ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Гигиена – 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Пән, пән коды : Фармацевтикалық гигиена негізі, OFG 3213
Мамандығы: - 051103 – «Фармация» Оқылатын курс пен семестр: ІІІ –курс, V-семестр
2014-2015 жыл. І-семестр 1-кредит №1 І. Тақырыбы: Еңбек физиологиясы. Еңбекке қабілеттілікті, қажуды бағалаудың физиологиялық және психологиялық әдістерін меңгеру. Күн тәртібінің организмге әсері, еңбек ауырлығын бағалау.
ІІ. Мақсаты: Еңбек физиологиясы пәні , еңбекке қабілеттілікті, қажуды бағалаудың физиологиялық және психологиялық әдістері, күн тәртібінің организмге әсері, еңбек ауырлығы туралы студенттерге білім беру.
III. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Еңбек физиологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін;
Физикалық және ой еңбегі. Ұқсастықтары мен ерекшеліктері;
Физикалық және ой жұмыстары кезіндегі ағзаның физиологиялық өзгерісі;
Қажу, пайда болу механизмі және алдын-алу шаралары, адамның жұмысқа қабілеттілігінің жоғарылауының негізгі жолдары;
Еңбек физиологиясы пәнінің басқа пәндермен байланысы
Студент істей білуі тиіс:
Еңбек физиологиясы пәніне сипаттама беру;
Еңбектің ауырлығы мен зорығуын анықтау арқылы адамның еңбектік іс әрекетіне баға беру;
Еңбек іс-әрекеті үрдісі кезіндегі адам ағзасындағы физиологиялық өзгерістерге баға беру;
Қажудың алдын-алу шараларын өңдеу және еңбек күн тәртібін,демалысты дұрыс ұйымдастыру;
Алынған білімдер мен дағдыларды тәжірибеде қолдану