І. Тақырыбы: Механикалық тербелістерді (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс) зерттеу әдістері.
ІІ. Мақсаты:
Дайындау кезіндегі жұмыс орнындағы шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыстың негізгі көздері туралы білім беру;
Тәжірибе жағдайындағы зерттеу әдістеріне үйрету.
III. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Механикалық тербелістердің зерттеу әдістерін;
Химия –фармацевтикалық өндірісіндегі механикалық тербелістердің негізгі көздері;
Шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыстың физикалық сипаттамасын;
Шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс көрсеткіштеріне қойылатын нормативтік талаптарды;
Есептік көрсеткіштерді өлшейтін құралдардың жұмыс істеу қағидаларын, шу мен діріл бойынша (дыбыстық қысым мен спектральдық көрсеткіштерді);
Механикалық тербелістердің көрсеткіштеріне қойылатын гигиеналық талаптар;
Еңбектің дірілдік және шулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша емдік, технологиялық, ұйымдастырушылық және конструктрлік алдын алу шаралары;
Студент істей білуі тиіс:
Шу және дірілді өлшейтін құралдармен жұмыс істеуді ( шумомер, виброметр);
Алынған көрсеткіштерді белгілі формула мен әдістерге сай есептеу;
Алынған зерттеу нәтижелеріне гигиеналық баға беру;
Емдік –профилактикалық ұсыныстар беру.
IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Механикалық тербелістердің зерттеу әдістері.
Фармацевтикалық өндірістегі шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыстың физикалық сипаттамалары.
Шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс көрсеткіштері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.
Өлшейтін құралдардың жұмыс істеу қағидалары.
Көрсеткіштерді алу, берілгендерді есептеу реті және зерттеу нәтижелерін гигиеналық бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |