ЖҰмыс бағдарламасы семей 2013 Кіріспе 1 ҚҰрастырғАН



Дата22.08.2017
өлшемі242,26 Kb.
#24434
түріСабақ
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Абайтану»



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013

Кіріспе

1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., филол.ғ.к. Сабырбаева Р.Қ.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________2013__ ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Филология факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013__ ж.

Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.

2.3 Филология факультетінің Ғылыми Кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.

Төраға _________________ Қадыров А.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2013__ж.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор _________________Искакова Г.К.

4  «____» __________ 2013__ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 2 БАСЫЛЫМЫ

Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

3 Курс саясаты мен форматы

4 Бағалау саясаты

5 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

6 ОЖСӨЖ және СӨЖ мазмұны

7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет

Сабырбаева Раушан Қойшанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.,

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

Ақпараттық қатынас - телефон:, №8 оқу ғимараты, №221 бөлме

Сабақ өтетін орын - №228 аудитория

Пән бойынша кредит саны - 3

1.2 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме (Кесте 1)

Кесте 1 – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Курс


Сем-естр

Кредит

Дәріс (сағ)

Семинар (сағ)

Лаб. (сағ)

ОЖСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ)

Барлығы

(сағ)


Бақылау түрі































ІІ

3

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан

1.3 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

1.4 Пәнді оқытудың мақсаты

Арнаулы курс Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поәзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Акылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.

1.5 Пәнді оқыту міндеттері

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

1.6 Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:



  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

1.7 Курстың пререквизиттері:

1.7.1 Әдебиеттануға кіріспе;

1.7.2 Халық ауыз әдебиеті;

1.7.3 Ежелгі дәуір әдебиеті;

1.7.4 Әлем әдебиетінің тарихы

1.8 Курстың постреквизиті:

1.8.1 Әдебиет теориясы;

1.8.2 Қазақ әдебиетінің сынының тарихы



2 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап шәкәрімтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде түрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

Абайтануға арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларды орындауда ғылыми әдебиеттерден, мерзімді баспасөздерден үзінді келтірген жағдайда сілтеме көрсету міндетті. Тапсырманы орындауда студент есте тұтар дүние негізсіз ой шұбалыңкылығына ұрыну, көп сөзділікке салыну жұмыстың ғылымилығына нұқсан келтіреді. Бақылау - пысықтау тапсырмаларының орындалу тәртібі бірінші бетінде жұмыстың тақырыбын, жоспарын, соңғы бетте пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсетумен белгіленеді.

Абайтану курсының ғылыми мәнін ашу үшін әдеби -тарихи жағдайларға тоқталудың маңызы зор. Әрбір әдебиет маманы Абай шығармаларының сыр -сипатын, табиғатын саналы түрде түсініп алмай, шын мағынасындағы білікті әдебиетші болуы мүмкін емес. Ойшыл ақынның өзі айткандай әр бір сөздің құндылығын сын көзбен қарап, ой таразысына салмақтамай, ақынның жан сөзін ұғынуға қол жеткізем деу ұшқары түсінік болмақ.

Орындауға ұсынылатын жұмыс тақырыптары бүгінгі қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби - ғылыми мәні ауқымды мәселелерді қарастыра отырып, теориялық және әдеби сын зерттеулермен шұғылданудың алғы шарты іспеттес.

3 КУРС САЯСАТЫ МЕН ФОРМАТЫ

Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма мен аралық және қорытынды бақылаудан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа ұпай есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.



4 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Әріптік бағалау

Баға

Балл

Пайыз

1

n

3

4

А

Үздік

4.00

95-100

А-

Өте жақсы

3.67

90-94

В+

Жақсы

3.33

85-89

В

Жақсы

3.00

80-84

В-

Жақсы

2.67

75-79

С+

Қанағат

2.33

70-74

С

Қанағат

2.00

65-69

С-

Қанағат

1.67

60-64

С+ D+

Өтпелі балл

1.33

55-59

D

F


Төмен өтпелі балл

Төмен


1.00

0.00


50-54

0-49


I

Аяқталмаған

NA




W

Шығарылған

NA




A W

Әкімшілік тарапынан шығарылған

NA




P

Өткен/тек шешуші тестілеу үшін

NA

0

1. Семинар сабағына жауап беру –

15 балл ІІ-ІІІ-ІҮ-ІХ-ХІ-ХІІІ-ХІҮ

ХY апталарда

10 балл ҮІІІ-Х-ХІІ аптада

20 балл Ү-YI- YIІ аптада

2. Межелік бақылау – 60 балл ҮІІ және ХҮ аптада

3. ОСӨЖ – II-IY-YI-IX-XII-XIY-10 балл

4. СӨЖ – III-Y-YII-XI-XIII-XY-25 балл


5 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Семинар




ОЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3




5

6

1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

2

1







3

2. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.

2

1







3

3. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай – ойшыл, философ ақын Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

2

1







3

4. Абай - өз заманының жыршысы.

Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. Абайдың заманы.



2

1







3

5. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы.

Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Сатиралық лирикасы.



2

1







3

6. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Қазақ поэзиясына табиғат лирикасын тұңғыш енгізген .

2

1







3

7. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары. Алғашқы өлеңдеріндегі Шығыс ақындарына еліктеуден махаббат сезімін жырлаудағы реалистік әдіске көшуі Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

2

1







4

8.Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары.
















9. Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны..

2

1







4

10. Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының поэмаларының орны. «Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы.

2

1







4

11. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы Абай шығармалары — замана айнасы.

2

1










12. Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

2

1










13. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы. Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. «Абай» журналының жарық көруі.

2

1










14. Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.Отызыншы жылдарда Абай шығармалары жөнінде іргелі ғылыми зерттеулердің туа бастауы.

2

1










15. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырап, бастырып, насихаттау ісіндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы.

2

1










Барлығы

30

15




22,5

67,5

6. ОСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ МАЗМҰНЫ

Кесте 3 – ОЖСӨЖ және СӨЖ жоспарлары



ОСӨЖ

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

1

2

3

1. Абайдың көркем аудармалары Ақын шеберлігін баяндау

1. Абай өлеңдерінің танымдық-тәрбиелік мәні нақты мысалдар арқылы ашып көрсетіледі

Абай өлеңіндегі даналық дәрістері

2. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

2. Абай - өз заманының жаршысы

2. Абай шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

3. Қазақ өлең жүйесін түр жағынан дамытудағы Абай ізденістері

3. Абайдың лирикалық шығармаларын жан-жақты терең талдау.

3. Дәстүрлілік пен жаңашылдық.

4. Абайдың «Масғұт» дастанының сюжеттік-композициялық құрылымына әдеби талдау жазылады.

4. Абайдың махаббат тақырыбындағы өлеңдерінің тілдік-стильдік ерекшеліктері мен композициялық құрылымына қарай талдау.

4.Абай шығармашылығындағы ұлттық рух.

5. Абайдың «Ескендір» дастанының сюжеттеріне әдеби-көркемдік, образдық талдау жүргізіледі.

5. Абайдың қарасөздеріне әдеби-ғылыми тұрғыдан сараптама жазылады.

5. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңашыл-модернистік сипаттағы жас ақын-жазушылар шығармашылығы.

6. Абайдың «Әзім әңгімесі» туындысының сюжеттеріне әдеби-көркемдік, образдық талдау жүргізіледі.

Абай лирикасындағы азаматтық сарын

Абай лирикаларындағы Шығыс өрнектері

7. «Қазақтың қайдан шыққандығы туралы» шығармасына әдеби-ғылыми тұрғыдан сараптама жазылады.

Абай лирикасының жанрлық сипаты

Абай және Толстой

8. Абай мұрасы шығармашылық ғұмырбаянының зерт телу тарихы

Батыс жазушылары Шәкәрім аудармаларында

Шәкәрім шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

9. Абай мұрасы Әуезов зерттеуінде

Абайдың адамгершілік лирикасы

Абай және мысал жанры

10. Абай шығармаларының дәстүрлік, көркемдік негіздері

Абай және Шәкәрім

Қазақ өлең жүйесін түр жағынан дамытудағы Абай ізденістері

7 «АБАЙТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Кесте 4 – «Абайтану» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі





 Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрі




Семинар

0

15

15

15

20

20

20

10

15

10

15

10

15

15

15

МБ



















60






















60

ОЖСӨЖ

 

 10

 

10

 

 10




 

10







10




10




СӨЖ

 

 

 25

 

 25

 

25

 







25




25




25

Барлығы














































Жалпы балл саны

270

270


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет