Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
2. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
3. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
6. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А., 2001 
7. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
8. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
9. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
10. Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 
 
ТҮЙІН
Туған әдебиетіміздің түп негізі кӛне дәуірге – түркі тайпалары әлі жеке-жеке халық 
боп жіктелмеген, ортақ мәдениет, ортақ мұра жасап жүрген кезеңге барып тіреледі. Ал 


туыстас түрік руларының бір тобы қазақ деген атпен бӛлініп, ӛз мемлекетін құруымен 
байланысты, ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап дербес, қазақ атымен аталатын әдебиет 
аренаға шығады.
Қазақ әдебиетінің алғашқы ӛкілдері – Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, 
Шалкиіздер. Бұқар жырау және соңғы дәуірдегі қаламгерлер шығармашылығы осылардың 
ақындық ӛнерінің логикалық жалғасы болып есептеледі.
Зерттеліп отырған ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар әдебиетіндегі негізгі жүкті кӛтерген – 
жыраулар болды. Жыраулардың ең сүйікті жанры – толғау еді. Толғауларда жырау ӛзінің 
ӛмір, болмыс жайлы ойларын, замана жайлы түйгендерін айтады, белгілі оқиғаларға 
кӛзқарасын білдіреді.
Сан ғасыр сынынан ӛтіп, халық кӛкірегінде жатталып, жыраудан жыршыға ұласып, 
біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сӛз зергерлері – ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда ӛмір сүрген Асан, 
Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар 
сияқты жыраулар. Қазақ хандығы тұсындағы әдебиетіміздің бірсыпыра ерекшеліктері бар, 
түйіп айтқанда, олар мыналар:
Бірінші, қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұралары бізге кӛбіне жазба күйінде және 
басқа деректі ескерткіш күйінде емес, атадан балаға, баладан ұрпаққа ауызша ауысу 
жӛнімен, ауыз әдебиеті тәрізді жетті.
Екінші, біздің сол кездегі әдебиетімізде қара сӛз - әңгіме, пьеса, роман жанрлары 
жоқ, бәрі дерлік жыр, толғау. Мұның себебі: бір жағынан халықтың кӛшпенділігі, халық 
ӛмірінде жаугершіліктің кӛп болғандығы болса, екінші жағынан, жазба тарихы, 
баспасӛздің жоқтығы деп білу керек.
Үшінші, ӛлеңнің ӛлшемі, түрі халық ӛміріне, халықтың тұрмыс-салтына нық 
байланысты. Халықтың тұрмыс, салтына лайық үдере кӛшкен елді, сұрапыл соғыс, 
шабуылдарды сол күйінде бұлжытпай суреттеуге, жырлауға кӛбінесе қолайлы ӛлең 
ӛлшемі, ӛлең түрі – жыр мен толғау.
Тӛртінші, аталған дәуірдегі ақындарымыздың шығармаларында кісі образдары 
шамалы, тіпті аз. Мысалы, Асан толғауларында бір жерде ғана Жәнібек ханның образы 
кӛрсетіледі. Тек Бұқар толғауларында Абылай ханның, Қабанбай, Бӛгенбай сияқты 
батырлар образы берілген.
Бесінші, орта ғасыр әдебиетімен салыстырғанда әдет-ғұрып идеялары, діншілдік 
сарын, бағыт, діни бояу жоқ дерлік. Мұнда кӛбіне бастан ӛткен халық мұңы, қайғылар 
жыры, солардың суреті басым. 
Алтыншы, қазақ хандығы тұсындағы әдебиет үстірт қарағанда сарай-орда әдебиеті 
сияқты. Ӛйткені, Асан қайғы болсын, Сыпыра, Бұқар жырау болсын ханның ақыны, 
ақылшысы, ханға жыр, толғау айтады, ақыл-кеңес береді.
Бірақ, асылында олай емес. Себебі, олар жырын ханға арнағанымен, халықтың 
жырын жырлады, халыққа ұғымды, жақын болды, олар халықтың атынан сӛйледі. 
Сондықтан да ол сарай-орда әдебиеті емес, халық әдебиеті.
Қазтуған, Доспамбет, т.б. шығармашылығынан кӛрінетіндей, жыраулар кӛне 
дәуірде 
жорық 
жыршысы 
болды. 
Әскери 
жорықтарға 
қатысу 
жыраулар 
шығармашылығына ӛз сәулесін түсірді: жырау поэзиясы әдетте ӛр рух, романтикаға, 
жауынгерлік пафосқа толы келеді. Сонымен бірге жыраулар қаһармандық эпосты жасау 
және оны тарату ісінде елеулі роль атқарды.
Айтылмыш дәуірде қазақ әдебиеті ӛзіндік даму кезеңдерін бастап ӛткізгендігін 
байқаймыз. Мәселен, Қазтуған шығармашылығы шырышы бұзылмаған табиғат аясындағы 
баламінез кӛшпендінің ой-ӛрісін кӛрсетеді, оның ӛзін қоршаған орта жайлы түсінігін 
білдіреді. Кӛшпендінің қиялының байлығы, сонымен қатар алаңдағы бізді таң қалдырады. 
Қазтуған жырларының қасиеті де осында. Ал Шалкиіз поэзиясы Қазтуған 
шығармашылығымен салыстырғанда заманның озуының, әдебиеттің дамуының жемісі 
іспеттес. Жырау дүниеге байқампаз суреткердің салқын кӛзімен қарайды. Шалкиіз 


жырларындағы жоғары кӛркемдік, ықшамдылық, ойнақылық, сонымен қатар тереңдік – 
ХҮІ ғасырдағы қазақ поэзиясының ӛресі жайлы елес береді.
ХҮІІІ ғасыр әдебиетінің кӛрнекті ӛкілі Бұқар жырау ӛзіне дейінгі қазақ әдебиетінің 
жақсы дәстүрлерін одан ары байытады. Ескі жыраулық традицияны ұстанған Бұқар кей 
реттерде кӛне сүрлеуден шығып кетіп отырады. Жекелеген шығармаларында ол кейін 
Абай қазақтық еткен еуропалық поэзия үлгілеріне жақын барады. Бұл жай Шал ақын 
шығармашылығынан тіпті айқын аңғарылады. Шал ӛлеңдері арқылы қазақ поэзиясы алға, 
реалистік әдебиетке қарай тағы бір қадам жасады.
Сӛйтіп, ескіде ӛткен ақын-жыраулар шығармашылығының бірімен бірі сабақтас 
екендігі, алдыңғы ұрпақтан соңғы ұрпақ үлгі алып, олардың жақсы жақтарын ӛрге 
бастырып отырғандығы аңғарылады.
Қорыта келе, әдебиет тарихындағы жыраулар мұрасының алатын орны ерекше. Ақындар, 
яғни қазіргі ақындар мен бұрынғы жыраулардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын 
кӛрсете отырып, жыраулардың биік тұлғасын, артықшылығын кӛруге болады. Жыраулар 
– елдің ішкі, сыртқы саясатына әрқашан мән беріп, ел тыныштығын аңсаған, елдің ең 
кӛкейкесті істеріне араласып, жырға қосқан, батырларымыз бен хандарымыздың ерлігін 
халыққа, кейінгі ұрпаққа ұмытылмастай етіп паш еткен асыл жанды, талғамы биік 
ақылгӛй ұлдарымыздың бірегейлері. Сондықтан да олардың есімдері ешқашан да 
ұмытылмайды, келер жас ұрпақтың кӛкейінде мәңгі ӛшпесі анық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет