Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет116/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
мутациялар сәйкес іріктемелі ортада колониялардың түзілуімен, ревертантты 
бактериялардың  санының  өсуі  нәтижесінде  анықталады.  Бактериялық  тест 
ағзалар  химиялық  факторлар  әсеріне  ұшыраған  адамдар  немесе 
жануарлардың  биологиялық  сұйықтықтарында  (мысалы,  несеп  зәрінде, 
қанда,  плазмада)  мутагенді  метаболиттерді  анықтау  үшін  қолданылады. 
Ортаның  мутагендік  дәрежесін  бағалауда  Эймс  тесті  ең  жиі  қолданылған. 
Б.Н.  Эймс  және  оның  қызметкерлерінің  тест-жүйесін  құру  үшін  арнайы 
бактериялар  штаммдары ұйымдастырылған.  Барлық  штаммдар  ауксотрофты 
гистидин  бойынша  his  G-46  (his  G-геніндегі  гистидті  оперонның  түзілуінің 
алмасу мутациясы) және his D-3052 (D-геніндегі жиектемеден салыстырмалы 
жылжу  түріндегі  мутациялар)  мутанттары    бөлінген  лабораториялық 
Salmonella  typhimurium
  LT2  штамынан  түзіледі.  Мутагендік  белсенділікті 
бағалау  үшін  сальмонелла  штамы  негізінде  сандық  және  жартылай  сандық 
тесттер  құралған  болатын.  Сандық  тесттер  мутацияның  жиілігін  анықтау 
мақсатында  қолданылады,  сонымен  қатар,  зерттелетін  заттардың  токсиндігі 
жоғары  болғанда  және  тест-ағзалардың  клеткаларының  көп  бөлігінің 
жойылуына  алып  келетін  жағдайда  қолданылады.  Сондықтан,  Эймстің 
классикалық  жартылай  сандық  тесті 
in  vitro 
(  немесе,  кейде  оны  Эймстің 
сальмонелла/микросома тесті деп атайды)
 
метаболизмдік белсенділікпен аса 
кең таралған.  
Сүтқоректілердің  клеткасының  ДНҚ-ның  зақымдалуының  себебі 
ретінде  ДНҚ-ның  репарациялық  белсенділігінің  көрсетілуі  жатады.  ДНҚ 
репарациясы  “репарациялық”  немесе  “жоспарсыз”  ДНҚ  синтезін  өлшеуде 
құрылған,  сүтқоректілердің  өсірілген  клеткаларында  қарапайым  тест 
көмегімен  анықталуы  мүмкін.  Оның  негізінде  келесідей  көріністер  жатыр: 
тимидин  тұрақты  және  репарациялық  синтез  процесі  кезінде  ДНҚ-ға 
қосылады.  Химиялық  мутаген  әсеріне  ұшыраған  клеткалар  радиоактивті 
изотопы  (тритий)  таңбаланған,  осындай  клеткалық  цикл  кезеңінде  ДНҚ-да 
қалыпты  синтез  болмаған  жағдайда  тимидинді  өңдеп  шығарады.  ДНҚ-да 
табылған таңбаланған тимидин саны репарационды синтез көрсеткіші болып 
саналады,  сонымен  қатар,  ДНҚ-ның  бірінші  деңгейдегі  зақымдалуын 
көрсетеді.  
Химиялық 
заттарды 
өсімдіктердің, 
бунақденелілердің 
және 
сүтқоректілердің  хромосомдық  зақымдалуын  индукциялау  қабілеті  арқылы 
оларды  бағалауға  болады.  Сүтқоректілер  үшін  кәдімгі  тест-жүйе  ретінде 
клеткалардың  культурасы  жатады,  қандай  да  бір  ширатылған  клеткалық 
сызықты  немесе  адамның  лимфоцит  культурасын  қолдануға  болады
.  In  vivo 
хромосомаларының 
зақымдалуын 
зерттеу 
үшін 
егеуқұйрықтардың, 
тышқандардың  және  атжалмандардың  жілік  майындағы  клеткаларында 
метафаздық  хромосома  талдауы  әдісі  жақсы  құрастылған.  Бұдан  басқа, 
кейбір  жілік  майы  клеткаларының  және  басқа  ұлпалардың  хоромосомалық 
көріністерін  микроядролар  түрінде  теңестіруге  болады:  микроядролық  тест 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет