Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет117/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
хромосомалық  зақымдалуды  индукциялауға  қабілетті,  химиялық  заттарды 
анықтаудың қарапайым әдісі ретінде көрсете білді. 
Көптеген  микроядролық  талдау  тестілерінің  пайда  болуына  Scmid 
(1970)  еңбегінің  мәліметтері  негіз  болды.  Бірақ,  микроядро  құрылысы  оған 
дейін  анықталғандығын  айта  кету  қажет.  Микроядро  жайлы  мәліметтер 
гематологиялық әдебиеттерде көп кездеседі. Оны ең алғашқы рет 1890 жылы 
Howell анемиямен ауыратын мысық қанының эритроцитіне  тапқан болатын. 
Көлемі  грануладан  үлкен,  ядродан  кіші  шамасында  болады.  Бұл  түзіліс 
жасуша  перифериясында  жасыл  метил  түрінде  кездеседі,  Howell  пікірінше, 
микроядролар  кәдімгі  ядроның  қалдықтары.  Schmauch  (1899)  жабындық 
шыныға  мысық  қанын  тамызып,  оны  800-1000  есе  үлкейтіп  қарағанда, 
жарыққа  шағылысатын  денешіктерді  анық  байқады.  Оның  айтуы  бойынша 
дәл  осындай  эндоглобулярлық  денешіктер,  оған  дейін  дені  сау  мысық 
қанының  эритроцитінде  де  болған,  тек  аз  мөлшерде.  Олар  эритроциттің 
ортасында  немесе  шетінде,  әртүрлі  көлемді  (0,25-1мкм)  болып  орналасады. 
Негізгі  түсі  қаралау,  ас  тұзына  салса,  1%-ға  күлгін  метил  болып  боялады. 
Микроядроларды эндоглобулярлы денешіктер деп 1991 жылы Grawitz атады. 
1902  жылы  Schmidt,  1905  жылы  Jolly  жаңа  туған  нәресте  мен  түрлі 
жануарлардың  перифериялық  қанның  эритроцитінен  де  тапты.1905-1908 
жылдары  Jolly  эритроцитте  кездесетін  денешіктердің  біреуін  алып,  толық 
зерттеп, оның диаметрі 0,5-1 мкм екенін анықтады. Содан кейін оны Жолли 
денешіктері  деп  атай  бастады.  Papenheim  (1907,  1909)  Жолли  денешіктері 
негізінен  ядродан  пайда  болады  деген  пікірді  ұстанды.  Олар  ядро 
хроматинолизі бұзылуынан пайда болады деді. Ол Жолли денешіктері үнемі 
хроматин  түстес  болатынын  дәлелдеді.  Микроядролық  талдау  жасау  үшін, 
эритроциттер көбіне жілік майы  мен қаннан алынады. Себебі, олардан ұлпа 
алу  жеңілдеу  келеді  және  гемотологияда  ең  алқашқы  микроядролар  осы 
жерлерден алынған қаннан табылған. Жілік майында эритроциттер дамудың 
түрлі  сатысын  өтіп  жатуы  мүмкін,  сондықтан  зерттеушілердің  басым 
көпшілігі 
микроядролық 
талдау 
үшін, 
қанды 
полихромотофилді 
эритроциттерден  немесе  нормохромды  эритроциттерден  алады.  [Chrisman, 
Baumgartner,  1980;  Danford,  Parry,  1982;  Hartley-Asp,  1982;  Amer,  Fahmy, 
1983; Bradford et al., 1983; King et al„ 1983]. Полихроматофилді эритроцит - 
полихроматофилді  эритробласттан  пайда  болады.  Полихроматофилді 
эритробласт дегеніміз митоздық бөлінуге қабілетті, эритроцитарлық қатарға 
апаратын  кең  жасушалық  жол.  Оның  ядросы  пиктиндікке  айналып,  шығып 
кетеді,  ал  қалған  хромосомалар  мен  хромасомалық  фрагменттер 
микроядроны  құрап,  жасушада  қалады.  Соған  қарамастан  нормохромдық 
эритроциттер даму сатысынан өтіп, пісіп жетіледі [Хэм А., Кормак Д., 1982]. 
Жануарлардың 
жілік 
майынан 
алынған 
полихроматофилді 
және 
нормохромды  эритроциттердегі  микроядролар  әртүрлі  таралып,  мутагенге 
айнала  бастағандығын  осылай  түсіндіруге  болады  [Chrisman,  Baumgartner, 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет