Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет120/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
қоршаған ортаның сапасы басты  мәселе,  оны  сақтап  қалу  үшін,  үнемі  түрлі 
талдаулар  жасалып,  оның  нәтижесі  «экологиялық  мониторингте» 
жарияланады.  Тірі  ағзаларда  өмір  сүрген  қоршаған  орта  жайлы  мәліметтер 
сақталады.  Ол  биологиялық  жүйе  сияқты,  барлық  экожүйеде  болып  жатқан 
процестерден  өтеді.  Қалыпты  жағдайда  организм  қоршаған  ортаның  әсерін 
физиологиялық  жүйенің гомеостаздық механизмі арқылы қабылдайды. Егер 
ағза қолайсыз жағдайда өмір сүрсе, оның шартты механизмдері зақымдалып, 
даму  кезеңдері  дұрыс  жүрмейді.  Осындай  зақымдар  флуктуациялық 
асимметрияның  тұрақты  даму  деңгейін  бағалау  кезінде  байқалады. 
Флуктуациялық  асимметрияға  құрлысы  билатералды  түрлі  тірі  органимдер 
жатады, олар даму кезеңіндегі өзгерістерді анықтауға қолайлы.  
Тірі  ағзалар  –  экожүйедегі  құбылыстарды  басқаратын  және 
антропогендік әсерге төтеп бере алатын нағыз күштілер. Тірі ағза қоршаған 
ортасы  ластанған  табиғаттың  қаншалықты  кері  әсер  ететінін  немесе 
қаншалықты  пайдалы  әсер  бере  алатынын  бағалайды.  Қоршаған  ортаны 
экологиялық тұрғыдан сараптайды. 
Генетикалық  токсикология  саласында  микроорганизмдерді  және 
сүтқоректілер  клеткасын  тест  ретінде  қолдану  үлкен  жетістікке  әкелген, 
сонымен  қатар  өсімдік  обьектілері  осындай  зерттеулерде  бұрынғыға 
қарағанда жиі қолданыла бастады. Алайда, кейбір өсімдіктер мысалы, атбас 
бұршақ (
Vicia faba
), жуа (
Allium cepa
), традесканция (
Tradescantia paludosa
), 
жүгері  (
Zea  mays
),  арпа  (
Hordeum  vulgare
),  соя  (
Glycine  max
)  өсімдіктері 
басқа  тест-жүйелермен  салыстырғанда,  сондай-ақ  химиялық  заттардың 
мутагенділігін (олардың рөлі толығымен анықталмаған) анықтауда маңызды 
басымдылық  көрсетеді.  Гендік  және  хромосомалық  деңгейде  генетикалық 
өзгерістерді 
зерттеу 
үшін 
өсімдіктерде 
күрделі 
лабораториялық 
құрылғыларды  қолданбай-ақ  жүргізуге  болады,  басқа  тесттерді  қою 
қажеттілігінде  кейбір  жағдайларда  үлкен  артықшылық  болуы  мүмкін.  Бұл 
тесттердің  мүмкін  болатын  кемшіліктері  болып  өсімдіктер  мен 
сүтқоректілердің  метаболизмінің негізгі  өзгешелігі болып  табылады.  Демек, 
қазіргі 
уақытта, 
өсімдіктерден 
алынған 
эксперименттерде 
адам 
көрсеткішіндегі анық экстраполяциялар мүмкіндігі туралы сұрақты қоюға әлі 
ерте. 
3.Морфологиялық  әдіс.
  Шартты  түрде  популяция  санының  азаюы 
табиғи  экожүйеге  техногенді  әсерге,  эмрионалдық  және  жеке  өлім-жітімге 
байланысты  жүреді.  Эмбриондар  мен  дернәсілдер  –  гидробионттардың 
өмірлік  циклдық  фазасына  зиянды  әсер  ететін  факторларға  өте  сезімтал 
болып  келеді.  Организмге  күйзелістік  факторлар  әсер  етуі  әртүрлі 
морфологиялық  белгілердің  қалыпты  жағдайдан  ауытқуына  алып  келеді. 
Соңғы  20  жылда  мәскеулік  және  Мәскеу  түбіндегі  су  қоймаларында 
ұсқынсыз бақалар мен құрбақа дернәсілдерінің пайызы өскен. Эмбрионалды 
морфогенезі  бұзылған,  әртүрлі  аномалияға  ұшыраған  (дене  асимметриясы) 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет