Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет119/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
кездеседі.  Тіпті  қарапайым  нәрсе  деп  қарайтын  жұғынды  (сұйықтық 
жағылатын  зат)  эритроциттердегі  микроядроны  санағанда  қажетті 
болғанымен, талдау нәтижесіне әсер етпей қоймайды. Зерттеушілер жұғынды 
жасуша үстіне әркелкі жағылады дейді. Егер 1000 эритроцит саналса да, оны 
тіркегенде одан аз сан жазылады. Lebowitz и Swett (1987) айтулары бойынша 
егер  талдау  жасауда  экспериментті  жануарларға  кластоген  қолданылса,  ол 
қатты  әсер  етіп,  96  сағаттан  кейін,  полихроматофилді  эритроциттердегі 
микроядролар сезімталдығы жоғарылап, жасушалар саны 2000 жетуі мүмкін. 
Сондықтан  экспериментке  алынатын  жануарлар  санын  азайтқан  жөн. 
Микроядролады  бояудың  бірнеше  жақсы  әдістері  белгілі,  олар:  Гимза  әдісі, 
Май-Грюнвальд әдісі, жасыл метил және пиронинге бояйтын Хехсттің әдісі. 
Мысалы,  Папенгеймның  модификациялық  әдісі.  Бұл  әдіс  бойынша 
микроядролар  қызыл-күлгін,  нормо-хромдық  эритроциттер  -  қызғылт,  ал 
полихроматофилді клеткалар - көк түсті болып боялады.  
Әдістің мәні мынада: 
а)  ауада  кептірілген  жұғындының  бетіне  Май-Грюнвельд  ерітіндісін 
(20—30 тамшы) жағып фиксациялайды
б) дәл осындай мөлшерде дистелденген су қосады, 1 мин; 
в)  осы  ерітіндіні  құяды,  бірақ  жумайды,  оған  Гимза  (10  мл 
дистиллинген  суға  10  тамшы)  ерітіндісін  қосып,  15-20  мин  бойы  бояйды, 
одан кейін шайып, дайын болған препаратты кептіреді. Осындай бояу түсінде 
микроядролар анық көрінеді және оларды бөліп алу жеңіл. Қан жұғындысы 
мен  жілік  майынан  алынған  микроядролар  саны  гимза  ерітіндісінде 
боялғаннан  кейін  бірдей  екені  байқалады.  Соңғы  жағдайда  люминесценттік 
микроскопқа  салып  қарағанда,  ядролық  зат  –  жасыл,  қалған  компонеттер  - 
қызыл түсті болды. Зерттеушілер тез шаршайды, себебі экспериментті жарық 
сәулесі  аз  түсетін  бөлмеде,  люминесценттік  микроскоптың  ультракүлгін 
сәулесімен  қарайды,  мұндай  жағдайда  эритроциттердің  жиектерін  анықтау 
өте  күрделі,  көзді  ауыртады.  Микроядролар  микроскоппен  қарағанда 
жиектері аса байқалмайтын, бірақ қанық түсті, шеңбер пішінді, кейде шеңбер 
жиегі жыртылғандары да кездеседі. «Нағыз» микроядро эритроциттің ішінде 
периферияға  жақын  орналасуы  қажет.  «Нағыз»  микроядролар  микроскоп 
объективінің  фокусын  қозғалтқанда,  эритроцит  контурында  орнынан 
жылжымауы керек. Егер эритроциттер арасында бояу гранулалары көп болса, 
ондай  препарат  микроядроны  анықтау  талдауына  жарамсыз  болып 
есептелінеді.  Эритроциттегі  микроядролар  промилл  өлшем  бірлігімен 
саналады.  Қалыпты  жағдайдағы  эритроциттер  саны:  тышқандарда  2-3  мың, 
адамдарда  –  20-30  мың.  Бұл  зерттеу  жұмысында  қоршаған  ортаны 
биологиялық  тұрғыдан  қадағалау  саласының  жалпы  ғылыми  және 
әдістемелік  әдебиеттерінің  мәліметтері  қолданылды.  Жұмыста  орталарды 
биоиндикациялау  мен  биотестілеу  түрлері,  биоиндикацияның  әдістері 
ұсынылды.  Табиғатты  қорғау  мен  табиғатты  дұрыс  қолдану  салаларында 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет