Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
морфологиялық-анатомиялық  бақылаулардың  ұзақтығымен  байланысты. 
Сондай-ақ,  жануарлармен  эксперимент  жүргізу  көбіне  қымбатқа  түседі, 
статистикалық  нақты  қорытынды  алу  үшін  бірнеше  рет  қайталауды  талап 
етеді.  
Омыртқалы  жануарлардың  қатысуымен  табиғи  ортаның  жағдайын 
бағалау және болжау олардың ұйымдасу деңгейінің барлығында жүргізіледі. 
Салыстырмалы  талдаудың  көмегімен  ағзалық  деңгейде  морфологиялық-
анатомиялық, 
мінез-құлықтық 
және 
физиологиялық-биохимиялық 
көрсеткіштері бағаланады.  
Морфологиялық-анатомиялық  көрсеткіштер  жануарлардың  сыртқы 
және  ішкі  құрылыстарының  ерекшеліктерін  және  олардың  нақты 
факторларының  (пигментсіздену,  түгінің,  тіндерінің  құрылымының  және 
ағзаларының орналасуының өзгеруі, кемтарлықтың, ісіктердің және басқа да 
патологиялық  құбылыстардың  пайда  болуы)  ықпалымен  өзгеруін 
сипаттайды.  
Мінез-құлықтық  және  физиологиялық-биохимиялық  көрсеткіштер 
сыртқы  ортаның  өзгерістеріне  өте  сезімтал.  Уытты  заттар  омыртқалы 
жануарлардың  сүйектеріне  немесе  қандарына  ене  отырып,  тіршілік  етуді 
қамтамасыз ететін функцияларға бірден ықпал етеді. Тіпті, уытты зат қандай 
да  бір  нақты  функцияға  әсер  еткен  кезде  де,  тіршілік  ету  үдерістері  өзара 
байланысты  болғандықтан,  оның  өзгерісі  бүкіл  ағзаның  жағдайына  әсерін 
тигізеді. Уытты заттардың әсері тыныс алу ырғағының бұзылуынан, жүректің 
жиырылуынан,  ас  қорыту  жылдамдығынан,  бөліністер  ырғағынан,  көбею 
циклінің ұзақтығынан айқын байқалады.  
Осындай  биотестілеу  түріне  «Ашық  алаң»  әдісі  арқылы 
жануарлардың мінез˗құлқын тестілеу жатады. 
Лабораторлық  кемірушілердің  мінез˗құлқын  зерттеу  әдісі,  түрлі  улы 
заттардың скринингі үшін қолайлы, әрі экологиялық өзекті мәселелердің бірі. 
Бұл  әдістің  теориялық  маңызымен  қатар,  адам  психологиясының 
биологиялық  себебін  тануға,  жануарлардың  этологиясын  түсінуге  септігін 
тигізеді. 
Келешекте  зерттеу  нәтижелерінен  алынған  модельдер  экологияның 
базистік  мәселелерін  шешуде,  ауруларды  емдеуде,  психофармэкологияда, 
мінез-құлық өзгерістерін анықтау зерттеулерінде қажет болады               
«Ашық  алаң»  ˗  диаметрі  150см-лік  дөңгелек  алаң,  50см  биіктіктегі 
күңгірт  бортпен  шектелген,  шеткі  ені  20см,  жалпы  ауданы  16  квадратты 
құрайды. 
Тәжірибелер 
табиғи 
жарық 
жағдайында 
жасалынады. 
Егеуқұйрықтар  алаңның  ортасына  орналастырылады,  2  минуттың  ішінде 
мынадай мінез-құлықтар тіркеледі: квадратта көлденең жүруі (горизонталды 
белсенділік), артқы аяқтарымен тұрып, алдыңғы аяқтарымен бортқа сүйенуі 
немесе  бортқа  сүйенбеуі  (вертикалды  белсенділік),  өзін  тазарту  актысының 
саны (груминг), фекалды болюстер саны (дефекация), иіскеу актының саны, 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет