Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет60/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Эмоционалдық  деңгейі  фекалдық  болюс  пен  уринация  санына  қарап 
анықталады. 
Балықтарды  биоиндикаторлар  ретінде  пайдалану  арқылы  ортаның 
ластану деңгейін бағалау әдістері
.  
Су  қоймаларының  ластану  деңгейін  бағалау  үшін  балықтарды 
биоиндикаторлар  ретінде  пайдаланған  өте  ыңғайлы.  Түрлі  ендіктердегі  су 
қоймаларын,  сан  алуан  жаңғыртылған  немесе  әр  түрлі  антропогендік 
факторлардың  ықпалындағы  су  қоймаларын  зерттеу  ең  бастысы  балықтар 
бірлестігінің  кинетикасына  және  тұрақтылығына  әсер  ететін,  балық 
өндірісінде өзгерістер жүретіндігін көрсетеді.  
Тарихи  қалыптасқан  тіршілік  ету  жағдайларының  бұзылуының 
нәтижесінде  және  әр  түрлі  антропогендік  факторлардың  ықпалымен 
балықтардың  репродуктивтік  жүйелерінің  дамуында  және  жұмыс  істеуінде 
әр түрлі ауытқулар жүреді:   
а) уылдырық шашу мерзімі және ұзақтығы өзгереді; 
б) уылдырығын шашу және даму орны ауысады
в)  экологиялық  факторлардың  күрт  өзгеруіне  байланысты  уылдырық 
пен ақуыздардың жаппай қырылуы байқалады; 
г) жыныс жасушаларындағы ооциттердің асинхронды өсуінің әр түрлі 
жылдамдығы  және  қоректік  заттардың  қарқынды  жинақталу  уақыты 
байқалады; 
д)  жыныстық  циклдің  табиғи  барысының  бұзылуымен  байланысты 
балықтардың көбею ырғағында өзгерістер байқалады;  
е)  уылдырықтар  бөлігі  әр  түрлі  мөлшерде  дамиды  және  уылдырығын 
шашады; 
ж)  уылдырық  шашу  орнына  кедергінің  болуына,  уылдырық  шашу 
уақытында  су  температурасының  өзгеруіне,  қажетті  қоректік  ағзалардың 
және  уылдырық  салу  үшін  субстраттың  болмауына,  уытты  заттардың  әсер 
етуіне байланысты уылдырықтардың жаппай сіңірілуі жүреді.  
Балықтар бірлестігін биоиндикациялау мақсатында түрлер тіршілігінің 
өзгерген  жағдайларының  көрсеткіші  ретінде  балықтардың  репродуктивтік 
жүйесінің  даму  және  жұмыс  істеу  ерекшеліктерін  анықтау  үшін  жан-жақты 
және жүйелі түрде мынандай мәліметтерді жинау қажет:  
1) жаппай және кең таралған түрлердің көбею орны; 
2)  балық  түрлерінің  уылдырық  шашу  мерзімі,  бір  су  қоймасындағы 
жекелеген жылдардағы, сол сияқты ареалдың әр түрлі учаскелеріндегі және 
әр  түрлі  типтегі  популяцияларындағы  уылдырық  шашудың  ауысу  уақыты 
мен ұзақтығы;  
3)  бірінші  уылдырық  шашу  мерзімінің  басталу  жасы,  өндірушілердің 
тіршілік ұзақтығы, популяцияның жастық құрылымы;  
4)  балық  аналықтары  мен  аталықтарының  бүкіл  жыныстық  циклінің 
барысындағы ГСИ (гонадты соматикалық индексі) динамикасы;  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет