Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
5)  жыныс  жасушаларында  қоректік  заттар  жинақталған  кездегі 
ооциттердің даму сипаты; 
6)  ареал  шегіндегі сан алуан  қоймалардағы особьтардың ооциттерінде 
қоректік заттардың қарқынды жинақталу уақыты; 
7)  су  қоймаларындағы  гидрологиялық  режим  әр  түрлі  болған 
жылдардағы  уылдырық  шашып  болған  особьтардың  резорбция  үдерісінің 
ұзақтығы;  
8) көбею ырғағы және бір уақытта немесе үлестеп уылдырық шашатын, 
яғни  уылдырық  шашуы  әр  түрлі  болатын  балық  түрлеріндегі  олардың 
өзгеруі;  
9)  зерттеліп  отырған  су  қоймасындағы  балық  түрлері  өнуінің  өте 
қолайсыз  жағдайлары  туралы  мәлімдейтін,  жыныс  жасушаларының  жаппай 
резорбциялану жағдайлары;  
Өндірушілердің  жыныс  жасушаларындағы  жаппай  резорбциялануға 
байланысты балықтардың өнуінде елеулі бұзылулардың жүруі – бұл тұтастай 
алғанда  экожүйенің  нашарлығының  бірінші  белгісі.  Сонымен  қатар, 
балықтарды  көбіне  су  қоймаларының  ауыр  металдармен  ластануының 
биоиндикаторы  ретінде  пайдаланады.  Бұл  ретте  осы  металдардың 
концентрациясын талдауды жануарлардың желбезек, жүрек, бауыр сияқты әр 
түрлі ағзаларында жүргізеді . 
Амфибияны  биоиндикатор  ретінде  пайдалану  арқылы  ортаның 
ластану деңгейін бағалау әдістері. 
Ластануға  сынама  алу  үшін  жарамды  ағзалар  мен  тіндерді  таңдау 
кезінде  аумақтағы  жануарлардың  орналасуын,  даму  ерекшеліктерін,  ағзалар 
мен тіндердің функционалдық маңыздарын ескеру керек. Сондай-ақ, бөгенде 
уытты  заттардың  еріген  түрде  болуы  мүмкін  екендігін  және  ағзаға  тері 
жабындары арқылы енуі мүмкін екендігін де ескеру қажет.  
Су қоймасының ластану деңгейін бағалау үшін келесі морфологиялық 
және  биохимиялық  сипаттамаларды  пайдаланады:  өсімталдығы,  өлшемі, 
салмағы,  тіндердің  (гонад,  бауыр,  бүйрек,  көкбауыр,  жүрек,  өкпе,  майлы 
денелер)  абсолюттік  және  салыстырмалы  салмағы,  ағзалар  мен  тіндердің 
(бұлшық  ет,  тері,  бауыр,  гонад,  бүйрек,  көк  бауыр,  сүйек)  ылғалды 
массасындағы ағзалар мен тіндердің %-дық құрғақ массасы, сол ағзалар мен 
тіндердің  ылғалды  массасындағы  липидтердің  %-дық  құрамы,  сол  ағзалар 
мен  тіндердің  калориясы,  жалпы  липидтердегі  липидтер  фракциясының 
ағзалар  мен  тіндердегі  %-дық  құрамы:  бұлшық  еттерде  –  фосфолипидтер, 
холестерин,  холестерин  эфирлері,  тері,  бауыр  және  гонад  үшін  де  %-дық 
құрамы,  РНҚ  құрамы:  бұлшық  еттерде,  теріде,  бауырда  және  гонадта,  сол 
ағзалардың ылғалды массасындағы мг/г ДНҚ.  
Ұсақ  сүтқоректілерді  биоиндикаторлар  ретінде  пайдалану  арқылы 
ортаның ластану деңгейін бағалау әдістері. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет