Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет48/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі 

қажет  деп  тапқан  істі  жүзеге  асырғанда  шешімпаздық  көрсетіп,  бұл  ретте  қорқыныш  пен 

жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек... [3]. 

 

Парадигма –  ғылым  дамуының  белгілі  бір  кезеңдерінде  ғылыми  қоғамның 

қабылдаған  әдіснамалық  және  теориялық  қағидаларының  жиынтығы,  ғылыми  зерттеудің 

үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін,болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі 

ретіндегі көрінісі. 

Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenský, 1592-

1670)  ғылымға «пампедия» жаңа  терминін  енгізді.  Ұғым  бойынша  «пампедия  -  бүкіл 

адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс». 

Тәрбие  -  қоғамның  негізгі  қызметтерінің  бірі,  жеке  адамды  мақсатты,  жүйелі 

қалыптастыру  процесі,  аға  ұрпақтың  тәжірибесін  кейінгі  буынға  меңгертіп,  олардың  сана-

сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда тарихи өмірде жинақталған 

тәжірибені,  білімді  жас  буынға  тәрбие  процесі  арқылы  береді.Тәрбие  материалдық 

игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. 

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін 

қажетті  жағдайларды  анықтайды.  Қорыта  айтқанда, тәрбие-  қоғамның  тарихи  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайларынан  туатын  объективтік  процесс.  Тәрбие  процесінде  бала  өзінің 

дамуына  қажетті  жағдайларды  пайдалануға  тиіс.  Табиғи  және  әлеуметтік  орта  оның 

көзқарасын дамытады. 

Мақсат дегеніміз  -  бір  нерсеге  ұмтылу,  іске  асыру.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  тәрбие 

мақсаты  —  жастарды  өмірге  әзірлеу  мақсатымен  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарының 

нәтижесін ерте болжау. 

Тәрбиенің  мақсаты  мен  жүйесі  мемлекеттің  саясаты  мен  экономикасына  тәуелді. 

Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық  құбылыс, онсыз қоғам өмірі 

ілгері  дамымайды.  Алғашқы  қауымдық  құрылыста  ересектер  балаларды  еңбекке 

дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. 

Таптық  қоғамда  тәрбие  мақсатын  анықтау  қоғамның  ең  негізгі  мақсатына  айналды. 

Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл 

иеленушілерінің  жеке  меншігі  болды.  Тәрбиенің  мақсаты  құл  иеленушінің  мүддесіне 

бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. 

Әрбір  мемлекетте  балаларға  білім  беру  мен  тәрбиені  ұйымдастырудық  нақтылы 

мәселелері  мен  әдістері  қарастырылады.  Мұғалім  қандай  адамды  қалыптастыратынын  дәл 

білуі  керек.  К.Д.Ушинский  өз  қызметінің  айқын  мақсатын  көрмейтін  тәрбиешіні  құрылыс 

материалдарын  бір  жерге  үйіп  тастап,  одан  не  алғысы  келетінін  білмейтін  архитектормен 

салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді 

біліп, 

жоспарлы, 

мақсатты 

тәрбие 


жұмысын 

жүргізеді. 

"Тәрбие  - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс"  - деп Коменский 

тәрбие 


мақсатын 

төмендегідей 

негізгі 

элементтерге 

бөлді: 

• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; 

• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; 

• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие"; 

• тән саулығы - "дене тәрбиесі". 

К.Д.  Ушинский  тәрбиенің  мақсаты  қоғамға  пайдалы,  адамшылығы  бар  адамды 

тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты 

қарастырады. 

1941-1990  жылдардағы  педагогикалық  әдебиеттерде  "жан-жақты  даму"  ұғымына 

ақыл-ой,  политехникалық  оқу  және  өндірістік  еңбек,  адамгершілік  тәрбиесі,  дене  және 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет