Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет56/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

ұсқынсыздықты,  әділеттілік  пен  әділетсіздікті,  тиым  салынған  мен  рұқсат  етілмегенді, 

маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында 

адамзат  тегінің  өзі  өмір  сүріп  отырған  әлемді  рухани-практикалық  тұрғыдан  игерудің 

тәжірибесі  жинақталған.  Осы  тұрғыдан  мәдение  пен  құндылық  ажырамас  бірлікте  болады, 

құндылық  мәдениет  болмысының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Құндылықтар  қоғам 

үшін  ең  маңызды  деген  әдет-ғұрып,  нормалар  мен  мағыналар  қызметін  өзіне  бағындыра 

отырып,  оны  реттейді.  Қазақ  қоғамының  өмір  сүру  салтында  құндылықтарды  жоғары 

бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік 

қасиеттермен  анықталады  және  ол  адам  тұлғасының  даму-деңгейінің  көрсеткіші  болып 

табылады. Кең мағынасында алсақ, құндылықтар әлемі- мәдениет әлемі. Адам әрқашан кез-

келген  құбылысқа  немесе  обьектіге  өзінің  бағасын  береді.  Бір  затты  немесе  құбылысты 

бағалау сана жұмысын талап етеді. Адамның шындыққа құндылықты қатынасы тек сананың 

негізінде ғана мүмкін болады. Алайда құндылықты сананың танымдық  санадан ерекшелігі, 

ол  зат  немесе  құбылыс  не  болып  табылады  деген  сұраққа  жауап  іздейді.  Сондықтан 

құндылықтар  адамның  рухани  әрекет  саласы,  оның  санасының  (өзіндік  санасының) 

жетілгендігінің,  тұлғалық  қалыптасу-деңгейінің,  рухани  байлығының  көрсеткіші  болып 

табылады.  Адамның  еркін  таңдауына  байланысты  құндылық  адами  қажеттіліктердің 

қанағаттануын  да  білдіреді.  Бірақ  қанағаттану  құндылықтардың  табиғатын  бұрмалап 

қабылудауға  алып  келуі-де  мүмкін.  «Мақсатыңа  жету  үшін  құралдың  бәрі  жақсы»  деген 

ұстаным  адамды  құндылық  емес,  мақсаттың  құралы  ретінде  қарастыруға  жол  ашады.  Бұл 

ұстанымда  тұлғалық  құндылықтар  мен  қасиеттерге  қарағанда  функционалдық  тиімділік, 

пайдалылық  алдыңғы  қатарға  шығады.  Сондықтан  шынайы  құндылықтар  мен  жалған 

құндылықтардың  аражігін  аша  білу,  тани  білу  маңызды  болып  табылады.  Шынай 

құндылықтар  деп  —  адамға  игілік  әкелетін,  оның  бойында  адамдық  қасиеттерді 

қалыптастыратын,  бақытқа  бастайтын,  қоғам  мен  жеке  адамның  ілгерлей  дамуына  ықпал 

ететін  құндылықтарды  айтамыз.  Алдамшы  жалған  құдылықтар,  уақытша  жылтырап 

көрінгенімен,  қоғам  мен  жеке  индивидтің  дамуына  пайдасын  тигізбейді.  Шынай 

құндылықтар  уақыт  өткен  сайын  жарқырай  береді,  сан  ғасырлар  өтседе  өзінің  мәні  мен 

мағынасын жоғалтпайды. Шынай құндылықтар өмір мектебінің дәрістері тәрізді, онда бізге 

дейінгі  адамзаттың  маңдай  алды  өкілдерінің  рухани  ізденістері,  ой-толғамдары,  аңсаған 

армандары мен күңіренген күрсіністері көрініс табады. Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа 

адамдардың  қылықтарымен  салыстыра  отырып,  өзінің  кім  екенін  түсінеді,  өзін-өзі  тану 

қабілетіне  жетеді.  Қазақ  қоғамының  өмір  сүру  салтында  құндылықтарды  жоғары  бағалау, 

жас  ұрпақты  соған  баулу  дәстүрге  айналған.  Тұлғаның  рухани  өлшемі  адамгершілік 

қасиеттері  мен  анықталады  және  ол  адам  тұлғасының  даму-деңгейінің  көрсеткіші  болып 

табылады.  Қазақ  халқының  ұлы,  ағартушысы  Ыбырай  Алтынсарин  өзінің  еңбектерін  ана 

тілінде  жазып,  «бала  тәрбиесі  оның  табиғи  ортасы  мен  халқының  салт-дәстүрі  рухында 

тағлым  болса,  оның  сана-сезімінің  дамып,  жетілуі-де  ұлты  мен  халқына  қызмет  ететін 

көкірегі  ояу,  тұлға  болып  өседі»  деп  ой  түйіндеген.  Еңбекті  сүю,  үлкенді  құрметтеу, 

мейрімділікке,  кішіпейлдікке  сияқты  қасиеттерді  жастарға  түсінікті  болатындай  еңбектері 

арқылы жеткізе білді. Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының мәдениеті тарихында орасан 

үлкен орын алдған ұлы, ақын ойшыл Абай Құнанбаев. Ақынның эстетикалық және этикалық 

мәселелдер  жөніндегі  ой-пікірлері  сол  кездегі  қоғамдық  ойдың  үлкен  белесі  болып 

табылады.  Оның  шығармаларындағы  басты  тақырыптарының  бірі  моральдық  мәселелер 

болып табылады. Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейрімділік, 

парасаттылық,  адалдық,  шыншылдық,  әділдік,  еңбек  сүйгіштік,  ұжымдылық  деген 

қасиеттерді  біріктіреді.  Абай  шығармашылығының  негізгі  өзегі  —  адамның  адамгершілік, 

ар-ұяты,  ақылдығы  болып  келеді.  Жеке  тұлғалардың  қалыптасуында  моральдық  ілімдерін, 

олардың  теориялық  дейгейін  айтап  қана  қоймай,  іс  жүзінде  ұстанатын  парыз,  әділеттік, 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет