Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
мейрімділік, адамдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты
жетілгендікке ұмтылу және басқа моральдық принциптерді танып — білу, оны өзіндік
өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну-
индивидтенбірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті принциптердің бірі. Еркіндік
адамның немесе жеке ұлттың халықтың өз мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай әрекет етіп, өз
қалауын жүзеге асыру. Адамның дүниеде болуының негізінде жатқан қасиет, ол еркіндік.
Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу
үрдісінің өзекті өлшемі болады. Адамдардың дүниедегі обьективті жағдайда таңдау еркіндігі
болғанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі
мүмкіндіктер қатарын неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. К.Маркс «Еркіндік
қажеттілігін және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланыстырады», Ф.Энгельс
«Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше ол адамның жаратысының
күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі», Б.Спиноза «Ең
бастысы — адамның еркіндігі оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді» деген пікірді
айтады [4]. Адам рухы әрқашан өзінің себебін біліп, жоғарыға көтеріп, адамнан жоғары не
бар деген сауалға тоқталуы тиіс. Сонда ғана өзін-өзі жетілдіреді. Адам жападан-жалғыз
болмайды, адам қоғамда ғана толық қалыптасады және оның да өзіндік ішкі дауысы бар. Рух
материалдық әлемге сәйкес келмейтін өзінше ерекшелігі бар әлем болып табылады. Ғаламда
рухтың екі түрлі көрінісі болады, біріншісі барлық материалдық нысандардың,
құбылыстардың (органикалық, немесе органикалық емес дене болса да) өзіндік табиғи рухы
болады, яғни кез-келген материалдық денеден, оның ішінде, тіптен, табиғаттың бір бөлігі
ретінде көрініс беретін адам, ағзасынан да белгілі бір табиғи қуаттың күштің әлемге тарап
отыратыны белгілі. Руханилық — ізгі, ақылдың шешімі, ізгі жүрек өмір ізгі сезім,
жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, Абайдың айтуынша
«адамгершілік — махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және шешіледі», яғни
рухани тәрбие — адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен
айтқанда жан дүниелерінің сұлулылығына тәрбиелеу деген сөз. Адамгершілік мінез
негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани
мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі. Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене
бастағандығын оның барынша қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп
соларды жетілдірі, өркендету жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең
адамгершілік принциптерді көкке көтере бастағанын, аңғаруға болады. Нағыз қазақи рухтың
сипатын рухани жетілуімізден, адамгершілік принциптерін сонау балабақшадан бастап
халқымыздың діліне енгізе берудің тәсілдерін, іздеуіміз керек. Адам үшін жаудың үлкені
оның өзінің бойындағы нәпсілік басылымдықтары болып табылады. Егер адам өзінің
нәпсісін игеріп, оны руханилығымен көмкеріп отырса, онда оның рухы тазарады, халықтың
ішкі бірлігі нығайып, адамға бауырмал бола түседі.
Ш.А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да
жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының
экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге,
бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары
болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал
етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің
болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи
қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Гуманизм-
латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген
сөзін білдіреді екен Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл
|