Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

алғышарты  осындай»,  —  дейді.  Л.  Иожеф  те  «Мәдениеттегі  гуманизм  және  гуманизмдегі 

мәдениет»  мақаласында  бұл  мәселеге  тоқталады.  Ол  логикалық  ойлау  құралдары  адамның 

абсолюттік құндылығын дәлелдеп бере алмайды деп көрсетеді: «Мұны анықтаудың жалғыз 

мүмкіндігі  — әлемдік құрылымның болмыстық  негізіне емес, адамның өмір  сүру фактісіне 

сүйену керек. Адамның өзіндік санасы бар болғандықтан ол өзін әлемнің орталығы ретінде 

жариялайды».  Отыз  жылдық  психотерапевтік  тәжірибе  негізінде  адам  табиғатының  жақсы 

жақтары  жайлы  жазған  К.Роджерстің  көзқарасы  анық.  Адамның  мәнін  бұлай  бағалау 

шетелдік  гуманистік  қозғалыс  теорияшыларының  зерттеулерінің  көпшілігінде  кездеседі.  П. 

Куртц  адамдағы  рационалдық  бастаудың  басымдылығын,  ал  С.  Ламонт  адамның 

жақсылыққа қарай талпынысын басты деп көрсетеді. 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік 

бағадарламаны  жүзеге  асыру  аясында  және  қазақстандық  қоғамда  заманауи 

әлеуметтікмәдени трансформация ескеріле отырып дайындалды. 

Тәрбиенің 

тұжырымдамалық 

негіздері 

жалпыадамзаттық 

құндылықтардың 

басымдықтарын, 

адам 

өмірі 


мен 

денсаулығын, 

тұлғаның 

еркін 


дамуын, 

патриотизмгеңбексүйгіштікке,, 

адам 

құқықтары 



мен 

бостандығын 

құрметтеуге 

тәрбиелеудікөздейді. 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  республикадағы  барлық  үлгідегі  білім  беру 

мекемелерінде  ұлттық  дәстүрлер  мен  заманауи  басымдықтарды  сақтай  отырып,  оқу  және 

тәрбие  процестерінің  көпөлшемділігі  мен  кіріктірілуін,  мемлекеттік,  қоғамдық  және 

отбасылық  тәрбие,  тәрбиенің  заманауи  технологиялары  әнеж  оның  басымдықтары  ның 

теңгерімін қамтамасыз ету негізінде білім беруұйымдарының тәрбиелік әлеуетін арттыруға, 

тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері  Қазақстан  Республикасы  білім  беру 

жүйесіндегі тәрбиенің басым бағыттарын, мақса ттарын, міндеттерін, бағалаукритерийлерін 

және механизмдерін анықтайды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: 

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, 

егеменді  дамудың  22  жылында  барша  қазақстандықтарды  біріктіретін,  ел  болашағының 

іргетасын  қалаған  басты  құндылықтар  жасалды.  Олар:  Қазақстанның  тәуелсіздігі  және 

Астанасы;  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім;  зайырлы  қоғам  және 

жоғары  руханият;  индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген  экономикалық  өсім; 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық 

қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 

 

Президент  сондай-ақ,  белсенді,  білімді  және  дені  сау  азаматтар  қалыптастыру,  жаңа 



қазақстандық  мәдениетті  дамытуға  жаңа  серпін  беру  міндеттерін  қойды.  2020  жылғы 

қазақстандық  жастарды  патриот,  білімді,  дені  сау,  жауапкершіліктіәне  жжігерлі,  и 

нновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс және ағылшын 

тілдерін  меңгерген,  қазақ  халқының  құндылықтары  мен  мәдениетін  бойына  сіңірген, 

толерантты, әлемде танымал және құрметті тұлғаретінде көреміз. 

Жалпыәлемдік  тәрбие  жүйесін  зерттеу  және  талдау  қорытындылары  тәрбие 

мақсаттары, 

мазмұны, 

әдістері 

мен 


нәтижелері 

және 


қоғамдық 

құндылықтарөзарабайланысты 

екенінкөрсетіпотыр.Бірқатар 

дәстүрлі, 

атап 

айтсақ, 


мұсылмандық  (Египет,  Иран,  Кувейт),  еуропалық  (Англия,  Австрия,  Швеция,  Финляндия), 

азиялық(Жапония,  Корея,  Индия),  американдық  тәрбие  жүйелері  алуантүрлі  және  бірегей 

бола тұра, олардың барлығына дамудың күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтары да тән. 

Еуропалық  тәрбие  жүйесіне  дербестікті,  жеке  бас  бостандығын  құрметтеу, 

әуелсіздікт, қоғамның әлеуметтік негіздерін е скермеу және бағаламаутән. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет