Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет68/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

  Балаға деген ізгіліктік қатынас: 

  балаға деген махаббат

-    балаға сену; 

  ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі; 

-    мәжбүрлеудің болмауы; 

-    жағымды ынталандыру; 

-    бала бойындағы кемшіліктерге төзімділік

Қарым – қатынасты демократияландыру: 

-     оқушы мен мұғалімді құқықтық жағынан теңестіру; 

  баланың таңдау еркіндігі

-     қателік жасауға құқылы; 

  өзіндік көзқарасына құқы

-    бала құқығы туралы Конвенцияны сақтау; 

-  мұғалім мен оқушының қарым – қатынас стилі: тиім жасамау, керісінше бағыт беру; 

басқармау,  өзін  -  өзі  басқару;  мәжбүрлемеу,  сендіру;  бұйырмау,  керісінше  ұйымдастыру; 

шектемеу, керісінше таңдау мүмкіндігін ұсыну. 

  Мәжбүрлемей тәрбиелеу. Жаңа қарым – қатынастың негізі ізгіліктік орын алмайтын 

және нәтиже бермейтін мәжбүрлеуден бас тарту. Яғни: 

-  мәжбүрлеусіз, сенім артуға негізделген талап қоюшылық; 

-  баланың қызығушылығын тудыру; 

-  мәжбүрлеуді ниеттілікпен алмастыру; 

-  баланың өз бетінше әрекет етуіне  және өзін - өзі анықтауына жағдай жасау; 

-  ұжым арқылы әсер ету арқылы жанама талаптар қою. 

  Даралық  тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі.  Даралық  тұрғысынан келудің жаңа 

түсіндірмесінің мәні білім беру жүйесінде балаға пән арқылы емес, баладан пәнге келу, пәнді 

баланың  мүмкіндіктеріне  сүйене  отырып  меңгерту  емес,  оның  мүмкіндіктерін  есепке  ала 

отырып дамыту, жетілдіру, байыту. Яғни: 

-   теңесуге бағдарлаудан бас тарту: 

-  тұлғаның жақсы жақтарын көре білу; 

тұлғаны 


психологиялық 

– 

педагогикалық 



диагностикалауды 

қолдану 


(қызығушылығы,  қабілеттері,  бағдары,  Мен  –  тұжырымдамасы,  мінез  –  құлық  сапалары, 

ойлау қабілетінің ерекшеліктері); 

-  оқу – тәрбие үрдісінде жеке тұлға ерекшеліктерін есепке алу; 

-  жеке тұлғаның дамуын жобалау; 

-  дамыту, түзетудің жеке бағдарламаларын құрастыру. 

  Тұлғаның  «Мен  –  тұжырымдамасын»  қалыптастыру.  Мен  –  тұжырымдамасы  –  бұл 

жеке  тұлғаның  өзін  тану      туралы  ойлар  жүйесі.  Жағымды,  Мен  –  тұжырымдамасы  (Мен 

ұнаймын,  Мен  қабілеттімін,  Менің  өз  орным  бар)  табысқа  бағытталады.  Жағымсыз,  Мен  – 

тұжырымдамасы (Мен ұнамаймын, Мен қабілетсізбін, Мен ешкімге керек емеспін) табысқа 

жетуге кедергі болады, тұлғаның жағымсыз жағына өзгеруіне себеп болады. 

  Ал бала тәрбиесінде тұлғалық тұрғысынан келу  жағымды Мен  – тұжырымдамасын 

қалыптастыруда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін ең алдымен: 

v  Әр оқушыда керемет тұлғаны көре білу, оған деген құрмет, ізгі қатынас («Барлық 

бала талантты»); 

v    Тұлға  дамуы  үшін  жағымды  жағдай  жасау,  қолдау,  мақұлдау,  мектепті,  оқуды 

қуанышпен қабылдауы. 

v    Мәжбүрлеуді  қолданбау,  бала  бойындағы  кемшіліктерге    баса  көңіл  аудармау, 

кемшіліктерді  айқындап,  себебін  анықтау,  баланың  ар  –  намысына    нұсқан  келтірмей  жоя 

білу. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет