Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет64/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

болып  табылады.  Аманошвилий  балаға  тек  білім  беріп  ғана  қоймай,  психологиялық 

жылулықпен  нәрлендіруге  ,  оның  мықты  сенімді  болуына  шын  жүрекпен  көңіл  бөлді. 

Мұғалім мен ата-ананың махаббаты балаға сенімділік пен қорғаныс береді. Осы орайда мен 

педагог ретінде жаңашыл ұстаз Ш.А. Амонашвилидің еңбегінде айтылған пікірді қолдаймын. 

Өзімнің  тәжірибемде  де  бірінші  осы  қағиданы  ұстанамын.  Оның  педагогикалық  процесті 

басқарудағы әдістемесі бала мінезін қалыптастыру мен оқытуға білімді игеруіне қалай әсер 

ететіні  туралы  айтылған.  Еңбектің  негізгі  практикалық  құндылығы  балаларды  оқытумен 

тәрбиелеудің  тиімділігін  арттыру  және  оны  оқыту  процесінде  қолдану.  Тұлғаның  рухани 

адамгершілік және тұлғалық қатынастарды жетілдіруге де өзіндік көмегін тигізеді. Мен өзін-

өзі  тану  пәнінің  оқытушысы  ретінде  де  тәжірибе  барысында  Ш.А.  Амонашвилидің  осы 

идеясын  қолданамын.  Яғни  баланы  тұлға  ретінде  қабылдау  және  тұлғалық  ерекшелігін 

ескере  отырып  дамыту.  Аманошвилидің  негізгі  идеясы  ынтымақтастық  педагогикасы.  Ол 

оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап өз бетімен жұмыс істеуге , ізденуге 

баулу  қажет  деп  санайды.  Бұл  қазіргі  таңда  жастар  мен  оқушылар  арасындағы  әлеуметтік 

жобаларды таңдау мен оны орындаудағы негізгі адамның сапаларын айтуға болады. 

 

Шалва Александрович,  –  «Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек»,  -деген ұстанымды 



насихаттайды.  Ол  өзінің  тәжірибесімен  ұстаздың  үздіксіз  бақылауында  болмаған  және 

зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді. 

Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей, - «Әр бала белгілі борышпен өмірге 

келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен 

педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт 

көрсету». 

Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар 

қағидаларын әлемдік педагогика классиктері – К. Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Януша 

Корчак, А.С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады. 

 

Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен 



тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық 

педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады. 

Атқарушылық,  шығармашылық  қабілет.  Балалардың  ақыл-қабілетінің  дамуын 

зерттеген Ш.А. Амонашвилидің, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның 

ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі. 

Бала  дамуының  жақын  аймағы  -  үлкендердің  көмегі  арқылы  баланың  атқара  алатын 

істері.  Көрнекті  кеңес  психологы  Л.Выготский  оқыту  мен  дамудың  байланысын  зерттеп, 

баланы  дамыту  үшін  оған  күрделі  тапсырмалар  беруді  ұсынды.  В.Шаталов  ережелері 

оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады 

Баланың  бір  күнінің  екінші  жартысы  оның  икемділігін,  қызығушылығын  дамытуға 

арналады,  бұл  міндетті  орындауға  ересектердің  уақыты  жетпейтіндіктен,  балаға  негізінен 

сабақта  білім  беріліп,  қалған  уақытта  баланың  өзі  қызығатын  іспен  айналысуына  жағдай 

жасаған жөн. 

Жаңашылдар  баланы  өзін-өзі  құрметтеуге  оқу-тәрбие  жүмысының  барлық 

кезеңдерінде  үйретеді.  Өзін-өзі  реттеу  баланың  өзінің  іс-әрекеті  арқылы  жүреді. 

Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады. 

Озат  мұғалімдер  баланы  құрметтеу  идеясын  іске  асырып,  бейімділікке  қарай  жұмыс 

беріп,  оқушының  жеке  мүмкіндіктерін  дамытып,  сабақта  да  қабілетіне  қарай  жеке 

тапсырмалар  беріп,  қарапайым  оқыту  тәсілдерін  қолданып,  оқушыларға  сабақ  бергізіп, 

олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды. 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет