Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет55/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

өнерін атаға Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді халыққа 

айта  білген  елміз  [1].  Ұлттық  тәрбиенің  адамгершілік  ұстанымдары  қоғам  дамуының  кең 

көлемдік,  әлемдік  мәселесі  ретнде  қарастырылуда  қазақ  халқы  тәрбиесінің  өне  бойынан 

табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы 

мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан 

да бір-бірінен қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше 

түрі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, өйткені 

әрбір  адам-индивид.  Әр  адам  өзінше  жеке  тұлға.  Жеке  адамның  айтарлықтай 

ерекшеліктерінің  бірі  —  оның  өзіне  тән  мінез-құлқында,  іс-әрекетінде,  көзқарасындағы 

ерекшеліктерімен  даралануы.  Жеке  адам  болу  дегеніміз  —  азаматтың  адам  ретінде  сезіну, 

сан  ғасырлар  бойы  халық  тәжірибесі  туғызған  рухани  мәдениеттің  мәңгілік  игіліктерін 

бойына  дарытып,  осы  игіліктерді  еңбекке,  әлеуметтік  мәнді  қызметке,  қоғамдық  өмірге, 

адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, 

көзқарасын,  рухани-саяси  дүниетанымын  үнемі  білім  мен  еңбектің  арқасында  жетілдіріп 

отыруы  керек.  Тұлғаны  құндылықтар  арқылы  дамытуға,  мәдени  дағдыларды  игеруге,  өз 

жауапкершілігін  арттыруға  және  әділдік  жолымен  жүруге,  әділдік  жоқ  жерде  адамшылық 

жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати [2]. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері 

— оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның 

маңыздылығы  оның  қасиеттері  мен  іс-әрекеттерінде  қоғамдық  тенденцияларының, 

әлеуметтік  белгілер  мен  қасиеттердің  айқын  және  өзіне  тән  ерекшелігінің  көрініс  табуы, 

оның  іс-әрекетіндегі  шығармашылық  қасиетінің  деңгейі  арқылы  анықталады.  Осы  орайда 

«адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы 

қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының 

ықпалы  зор.  «Жеке  тұлғаның  дара  ерекшеліктері  оның  жас  ерекшеліктерімен  тығыз 

байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез 

құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі,  тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан 

елеулі  айырмашылығын  айтуға  болады.  Оқыту  мен  тәрбие  жұмыстарының  мақсатын, 

мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда 

жас  және  дара  ерекшеліктеріне  байланысты  өзгеріп  отырады.  Сондықтан  да  мұғалімнің 

педагогикалық  әрекетін нәтижелі  ұйымдастыру шарттарының бірі  — балалардың жас және 

дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру» [3]. Даралық бір адамның басқа 

бір  адамнан,  бір  тұлғаның  басқа  бір  тұлғадан  айырмашылығын,  оның  ешкімге 

ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі 

және шығармашылық қызмет — әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы 

ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан 

ажыратып,  оған  өзіне  тән  сұлулық  мен  қайталанбас  қасиеттерден  тұрады.  Бүкіл  адамзат 

тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері 

бар.  Әлем  әрқашан  түрлі  дауыстар,  түрлі  үндерден  тұрады.  Бір-біріне  даралығы  жағынан 

ұқсамайды  әр  адамның  бойы,  түрі,  салмағы,  дене  бітімі,  әлеуметтік  дамуының 

интеллектуалдық  деңгейі,  психологиялық  қатпары,  рухани  мәдениеттің  әр  түрлі-деңгейі 

сияқты  ерекшеліктер  болып  табылады.  Адам  дүниедегі  ең  басты  құндылық.  Құндылықтар 

оның  қоршаған  дүниеге  қатысты  ұстанымдары  мен  қатынасын  қалыптастыру,  күрделі  әрі 

өзгермелі  әлемде  бағыт-бағдарын  айқындауға  әсер  етеді.  Тек  тарихи  дамудың  белгілі  бір 

кезеңінде  адами  әрекет  құндылықтар  арқылы  реттеліп  отырады.  Аксиология  құндылықтар 

табиғаты оларды реалдылықтағы орны және құндылық  әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік 

және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы  философиялық 

ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани 

байлығының  өлшемін  білдіретін,  оның  адамгершіліктік  санасын  білдіреді.  Құндылықтар 

қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет