Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
эстетикалық
тәрбие
салалары
енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып,
педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің
негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский
оны
жүзеге
асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-
Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың
қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін
мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз
еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-
ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы
сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер
мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса,
сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс
тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-
Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын,
онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты
қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін,
жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
3. Дүниетаным- тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның
табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары.
Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Достарыңызбен бөлісу: |