1.2 Бұл курсты оқытудың міндеті:
Білу деңгейінде – құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының өзекті мәселелерімен танысу, азаматтық құқық шарттардың , азаматтык іс жүргізу күкығының принциптерін білу, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның накты мазмұнын дәл үғыну, соттың және азаматтык іс жүргізуге катысушылардын кұкықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құкықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты түсінікті орнықтыру, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың іс жүргізушілік тәртібі мен ерекшеліктерін білу
Істеу деңгейінде ‑ арнайы нормативтік актілерді терең игеру, олармен жүмыс істей алу (пайдалана білу), студенттер заңгер, судья, нотариус, адвокат, прокурор ретінде жұмысты атқару үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, түрлі шарттарды дұрыс толтыру, іс жүргізу құжаттарын (талап арызды, сот шешімін немесе үйғарымын, прокурордың наразылығын және т.б.) сауатты түрде құрастыра білуі тиіс, тәжірибелік келісім шарттардын жобаларын жасап толтыру дағдыларын қалыптастыру, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамалары нормаларын арнайы практикалық есептерді шешуде қолдана білуі тиіс.
Танысу деңгейінде ‑ маңызды заң актілері мен Қазақстан Республикасы қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін азаматтық іс жүргізу, азаматтық құқық нормалары бар халықаралық шарттардың ережелерімен танысу.
1.3Пәннің оқу орны
«Азаматтық шарттар мен азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастырудың тәжірибесі»- жоғарғы заң оқу орындарының элективті оқу пәндерінің бірі болып табылады. «Азаматтық шарттар мен азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастырудың тәжірибесі» пәні «Құқықтану» мамандығы бойынша оқытылатын бейіндік пәндердің таңдау компонентіне жатады. Сағат саны 5кредитті құрайды, яғни бұл пән бойынша 30сағат дәріс, 15 тәжірибе сағаты, 25 сағат ОЖСӨЖ және 80 сағат СӨЖ көзделген.
Пререквизиттер: ҚР конституциялық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы.
Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе.
1.4 Оқу форматы: Күндізгі
Студенттер білу керек Шарттық міндеттемелердің, міндеттемелердің жекелеген түрлері, ұғымдары мен санаттарын, ерекшеліктерін, айырмашылықтарын білуі тиіс.
Еркін ойлау қабілетін тәрбиелеу, өз ойларын білдіру үшін азаматтық, азаматтық іс жүргізу құқықтық терминдерді пайдалана білуі.
Іскерлігі: теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамаларын талдай білуі. Студент азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамаларын тәжірибеде пайдалану мәселесінде құзыретті болуы тиіс, сондай- ақ құқықтық қатынастарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру мәселесінде бағдар ала білуі. Құқықтық ақпаратты дербес іздестіру және оны пайдалану тәжірибесінің болуы. НҚА және әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдысының болуы.
Қабілетті болуға: азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу саласындағы келісімшарттар, процессуалдық құжаттарды әзірлеуге; нормативтік құқықтық актілерді қолдануға; қолданысқа енгізіліп жатқан заңнамалық жаңалықтарды ажыратуға; өз көзқарасын логикалық тұрғыдан сауатты білдіруді және дәлелдеуге; компьютерлік және басқа инновациялық технологияларды қолдануға; шарттарды сауатты жүргізуге; құқықтық сипаттағы түрлі құжаттарды құрастыруға; азаматтық-құқықтық, шаруашылық және басқа қарым-қатынастар саласында құқықтық мәселелерді талдауды және шешуге; жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетуге, жедел әрі аналитикалық тұрғыдан ойлануға, азаматтық,азаматтық іс жүргізу құқықтық қайнар көздерден қажет ақпараттарды алу, негізгісін атап көрсету, алынған ақпараттың шынайлығына көз жеткізу
Дағдылануға: азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу саласындағы нормативті құқықтық актілермен жұмыс істеуге; шарттық және шарттан тыс міндеттемелер бойынша қажетті құқықтық және өзге де ақпаратты іздеуге, оның ішінде ғаламтор желісінен ақпараттық құқықтық жүйемен іздеуге, жинастыруға және талдауға; құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындауға және әзірлеуге, заңды және жеке тұлғалардың сұраныстары бойынша дәйекті ақпаратты дайындауға; проблемалық жағдайларды логикалық тұрғыдан талдай білуге, орындалатын жұмысқа қатысты барлық мәселелерді есте сақтап, жан-жақты зерттей білуге.
Құзыретті болуға: дәлелдер мен деректердің құндылығын бағалауға; азаматтық құқықтық, азаматтық іс жүргізу мәселелерді шешу жоспарын құруда түрлі салалардағы білімдерді пайдалануға; азаматтық құқықтық істің барлық мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеуге және тұжырымды шешім шығаруға; азаматтық құқықтық, азаматтық іс жүргізу салаларда кәсіпке бағытталған ақпараттық технологияларды, сондай-ақ мәліметтер базалары мен азаматтық құқықтық ақпаратты өңдеу процестерін қолдануға; ақпаратпен өздігінен жұмыс жасауға, қажетті процесуалдық құжаттар мен азаматтық-құқықтық шарттар әзірлеуге; азаматтық, азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалар мен теорияларды нақты тәжірибелік жағдайларда қолдануға.
Достарыңызбен бөлісу: |