Байланысты: Ж мыс о у ба дарламасы маманды “Жалпы т жірибелі д рігер” П н Ф (1)
Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ
2 вариант
1 ~ Кавернозды туберкулезге тән:
| жиегі анық дөңгелек қараю +
| ішкі және сыртқы қабырға жиектері де анық емес қуыстар
| гомогенді емес құрамды қараю
| iшкі және сыртқы жиектері анық, қабырғасы жіңішке дөңгелек қуыс
| формасы дұрыс емес, қабырғасы тегіс емес қуыстар
2~ Ересектерде өкпе туберкулезін анықтаудағы негізгі әдіс:
| профилактикалық флюорография +
| диагностикалық флюорография
| туберкулинді диагностика
| бактерия бөлуішілікке микробиологиялық тексеру+
| рентгенография
3 ~ Өкпенің милиарлы туберкулезіне тән:
| бактерия бөлінбейді+
| аз бактерия бөлуі
| көлемді бактерия бөлуі
| кезеңдік бактерия бөліну
| барлық аталғандар
4 ~ Милиарлы туберкулез кезінде өкпеде ыдырау қуысы:
| мүлдем кездеспейді +
| жиі кездеседі
| үнемі кездеседі
| аз кездеседі
| барлық аталғандар
5 ~ Клиникалық белгілері аз, тек физикалық әдістер арқылы анықталатын туберкулез түрі:
| өкпенің ошақты туберкулезі +
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| өкпенің диссеминирленген туберкулезі
| өкпенің фиброзды – кавернозды туберкулезі
| өкпенің кавернозды туберкулезі
6~ Менингеалды синдромды анықтаудағы дәрігер-фтизиатрдың алғашқы әрекеті:
| люмбальды пункция +
| ЖҚА және ЖЗА
| туберкулинді әдіс
| электроэнцефолография
| ЭФГДС
7~ 25 жасар науқас туберкулез ошағында болған. Келесі шағымдармен стационарға келіп түсті: бас ауыру, құрғақ жөтел, дене қызуының 390С-қа жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі. Ауырғанына 1 апта болған. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, ентігу жоқ. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз-эластикалық консистенциялы. Өкпеде перкуторлы зерттегенде оң аймақта 2-3 қабырғааралықта өкпе дыбысының тұйықталуы байқалады. Аускультацияда осы жерде тынысы әлсіреген, тыныс шығаруы ұзарған, сырылдар жоқ. Гемограммада Л -9,1х109/л, т/я – 6, лимфациттер – 18, ЭТЖ-26 мм/сағ. Манту сынамасына реакциясы 2ТБ – папула 20 мм лимфангоитпен. Рентгенограммада: оң өкпеде ІІ сегмент аймағында интенсивтілігі ор
Сіздің диагнозыңыз:
| біріншілік туберкулезді комплекс, оң жақтық, инфильтрация фазасы, ТМБ теріс +
| біріншілік туберкулезді комплекс,сол жақтық, ыдырау фазасы, ТМБ оң
| кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, оң жақтық
| лимфогрануломатоз
| түбірлі пневмония
8 ~ Туберкулез ауруын стационарда емдеу курсының ұзақтығы анықталады:
| жургізілген емдік шаралардың нәтижелігімен +
| өкпедегі деструктивті өзгерістермен
| бактериобөлудің массивтілігімен
| туберкулездің клиникалық түрімен
| қосымша шаралармен
9 ~ Деструктивті туберкулез бен абсцестің салыстырмалы диагностикасында жүргізілетін дұрыс ем:
| пенициллинмен +
| рифампицинмен
| фторхинолонмен
| стрептомицинмен
| изониазидпен
10 ~ Цирроздық туберкулездің сипаттамасына жатпайды:
| туберкулезді үрдістің белсенділігінің жойылуы +
| өкпе және плевра функциясының бұзылуы
| өкпе және плеврада жайылмалы фиброзды өзгерістердің дамуы
| туберкулезді үрдістің белсенділігінің сақталуы
| кезеңдік бактериобөліну
11 ~ Науқас 35 жаста. Жалпы тәжірибелі дәрігерге кеуде сарайының оң жағында қанжар сұққандай ауру белгісіне, мәжбүрлік қалыпқа шағымданып келді. Анамнезінде науқас диспансерлік тіркеуде кавернозды туберкулезбен есепте тұрады. Оперативтік емнен бас тартқан.
Науқасқа жедел жәрдем көрсетіңіз:
| нейролептаналгезия, плеврадағы ауаны шығару +
| коллапсотерапия
| плевралды пункция жасау
| оттекті терапия
| өкпе резекциясы
12 ~ Науқаста интоксикация және бронх өкпелік симптомдар күшеюде. Аускультативті: шектелген аймақта әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Рентген суретінде: оң жақ жоғарғы бөлігінде қараю орнында сақина тәрізді көлеңке пайда болуда.
Осы жағдайдағы асқыну механизмін көрсетіңіз:
| казеозды некротикалық массаның өкпе аффектісі аймағынан ыдырап бөлінуі +
| бронх қабырғасының өзгерген кеуде ішілік лимфа түйіндерімен қысылуы
| казеозды некротикалық түйіннің кеуде аортасы кеңістігіне перфорациясы
| өкпе аффектісіне жататын бронхтардың қабыну үрдісіне қосылуы
| туберкулезді инфекцияның вицсералды плевраға жайылуы.
13 ~ 21 жасар науқас әйел өкпе туберкулезімен ауырады, жүктілік мерзімі алты апта.
Абсолютті қарсы көрсеткіш болып табылатын туберкулезге қарсы препарат:
| стрептомицин +
| пиразинамид
| этамбутол
| изониазид
| рифампицин
14~ Науқас А. Бірнеше ай көлемінде ауырады. Бірнеше рет тұмаулы жағдай бойынша өз бетімен емделген. Соңғы кездері тамағында ауырсыну пайда болған. Айқын интоксикация, ентігу, кеуделік синдром. Қақырық анализінде туберкулез микобактериясы оң. Рентгенограммада екі өкпесінде де әртүрлі интенсивті көптеген ошақты көлеңкелер, кей жерлерінде бір-біріне бірігіп кетеді, ақшылдану аймақтары да байқалады.
Дұрыс диагноз:
| өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі жайылу фазасында +
| өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі
| туберкулома
| фиброзды-кавернозды туберкулез
| кавернозды туберкулез
15 ~ Науқаста ауру жедел басталған, дене температурасы кенет 40º С-ға жоғарылаған, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар, ликвор жиі тамшымен ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди реакциясы оң. Тұрғанда фибринді жабын түзіледі. Қақырық анализінде 3 порциясында туберкулез микобактериясы теріс.
Дұрыс диагноз:
| туберкулезді менингит +
| вирусты менингит
| ірінді менингит
| серозды менингит
| менингококты менингит
16~ Саркоидоздың I сатысымен ажырату диагностикасын жүргізілетін ауру:
| кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі +
| диссеминирленген туберкулез
| ошақты туберкулез
| инфильтративті туберкулез
| фиброзды – кавернозды туберкулез
17~ 27 жастағы науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған. Жыл сайын жүргізілетін кезекті тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 3 см шеттері айқын гомогенді түзіліс анықталған. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы жоқ.
Тиімді ем:
| радикалды сегментэктомия +
| ІІІ категория бойынша ем
| сәулелі терапия
| І категория бойынша ем
| ІІ категория бойынша ем
18 ~ Аймақтық дәрігерге науқас бақылануға келген. Анамнезінде туберкулезге қарсы диспансердің хирургия бөлімшесінде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің 2 сегментінде орналасқан ыдырау сатысындағы туберкулемаға байланысты операция жасалынған. Дәрігердің диспансерлік есепке алатын диагнозы:
| туберкулемаға байланысты сегментэктомиядан кейінгі жағдай +
| ыдырау сатысындағы туберкулема
| туберкулема
| үдемелі туберкулема
| туберкулема жазылу сатысында
19 ~ Өкпенің ошақты туберкулезіне тән рентгенологиялық көрініс:
| 10 мм-ге дейінгі ошақты қараю +
| екі өкпенің ошақты қараюлары
| фокусты қараю
| көлемі 1 см-ден жоғары қараю
| инфильтратты қараю
20 ~ Алғаш анықталған, оң өкпенің S2 бөлігінің ошақты туберкулезімен ауыратын науқасқа қолдаушы фазадағы ем кестесін атаңыз:
| Изониазид, рифампицин +
| Изониазид, стрептомицин
| Изониазид, этамбутол
| Изониазид, циклосерин
| Изониазид, пиразинамид
21~ Науқас алғаш анықталған, өкпенің инфильтративті туберкулезіне байланысты толық ем курсын алды. Емнің нәтижесінде улану симптомдары жойылды, қақырықта ТМБ анықталмады. Рентгенограммада: инфильтраттың орнында айқын контурлы диаметрі 2 см шар тәрізді гомогенді көлеңке анықталды.
Сіздің диагнозыңыз:
| өкпе туберкулемасы +
| өкпенің диссеминирленген туберкулезі
| өкпенің ошақты туберкулезі
| өкпенің кавернозды туберкулезі
| өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
22 ~ Науқас ыдырау сатысындағы өкпенің диссеминирленген туберкулезіне байланысты 6 ай емделген, ТМБ+. Бактерия шығарушылық тоқтатылды, ошақтар жойылды және тығыздалды, оң жақтан 2 см диаметрлі қуыс пайда болды.
Сіздің диагнозыңыз:
| өкпенің кавернозды туберкулезі +
| өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
| ыдырау сатысындағы өкпенің ошақты туберкулезі
| өкпе туберкулемасы
| ыдырау сатысындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі
23~ Науқас өкпе туберкулезіне байланысты ем алып жатыр. 1 категориямен химиотерапияны алғаннан 4 айдан соң қақырық анализінде бактерия шағарушылық сақталады; изониазидке, стрептомицинге, этамбутолға дәрілік төзімділік; рентгенограммада – сол жақтан жоғарғы бөлігінде контурлары айқын сақина тәрізді көлеңке.
Сіздің диагнозыңыз:
| Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі. Полирезистенттілік. 2 категория
ДОТС +
| Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі. Мультирезистенттілік. 2 категория
ДОТС
| Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Мультирезистенттілік. 4
категория ДОТС
| Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі.Полирезистенттілік. 4
категория ДОТС
| Ыдырау сатысындағы сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі.
Полирезистенттілің. 1 категория ДОТС
24 ~ Фиброзды-кавернозды туберкулездiң профилактикасы:
| профилактикалы флюорографиялы тексеру +
| “қауiптi” топтағыларға химиопрофилактика жүргiзу
| әлеуметтiк профилактика
| санитарлы профилактика
| туберкулезге қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау
25~ Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастардың қанына тән::
| Лимфопения +
| Лимфоцитоз
| Лимфоциттердің қалыпты саны
| Лимфоциттердің көлемін және түрінің өзгеруі
| Пролимфоциттердің пайда болуы
26~ Фиброзды-кавернозды туберкулезде негізгі өлім себебі:
| тыныс жетіспеушілігі мен созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі +
| туберкулезді интоксикация
| өкпеден қан кету
| амилоидоз
| туберкулездің өршуі
| 12 ай
27~ Туберкулиндиагностика негізіндегі иммунитеттің феномені:
| ГЧЗТ +
| ГЧНТ
| иммунологиялық толеранттылық
| аллергия
| иммунологиялық есте сақтау
28 ~ Инфильтративті туберкулез диагностикасында тиімді емес әдіс:
| бронхография +
| рентгенотомография
| томография
| бронхоскопия
| рентгенография
29~ Қан түкіру себебі:
| өкпе тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы +
| өкпе тамырлары бүтіндігінің зақымдалуы
| аорта аневризмасының өкпеге жарылуы
| өкпе инфаркті
| бронх тамырлары аневризмасының жарылуы
30 ~ Туберкулин сезімталдығының «Виражы»:
| жыл сайынғы теріс мәнді сынаманың оңға айналуы +
| бұрын оң болған сынаманың гиперергияға айналуы
| бұрын оң реакцияның өршуі
| 2 ТБ ППД-Л Манту реакциясының оң болуы
| жыл сайынғы теріс мәнді реакцияның күдікті болуы
31 ~ Біріншілікті туберкулез жинағы:
| туберкулезбен кеудеiшi лимфатүйiндері, өкпе тканi және оларды жалғастыратын лимфа тамырларының зақымдануы +
| туберкулезбен кеудеiшi лимфатүйiндерiнiң зақымдануы
| туберкулезбен кеудеiшi лимфатүйiндерi әрi өкпенiң зақымдануы
| туберкулезбен өкпенiң зақымдануы
| алғашқы инфекцияланудан кейiнгi пайда болған өкпе тканiнiң зақымдануы
32~ Өкпенің циррозды туберкулезі пайда болуына әсер ететін факторлар:
| бронх өткізгіштігінің бұзылуы +
| кеш табу
| ем принципінің бұзылуы
| жайылған казеозды некроз
| организм реактивтілігінің төмендеуі
33~ Науқасқа оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы диагнозы қойылған. І категория
бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкулеманың өлшемі 6 см диаметірінде. Наркоманиямен ауырады. Емдеу тактикасын таңдаңыз:
| үнемді резекция +
| антибактериальды терапияны жалғастыру
| эндотрахеальды дәрі құю
| жасанды пневмоторакс
| пневмоперитонеум
34~ Жаңадан анықталған науқастардың арасында инфильтратты туберкулездің көрсету % көрсеткіші:
| 66-75 % +
| 41-50 %
| 51-65 %
| 30 -40%
| 76-80%
35~ Оң өкпенің жоғарғы бөлімінің 6 сегментінде домалақ түзілім профилактикалық зерттеуде ер балада анықталған. Клиникалық зерттеуден кейін «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ+ » деген клиникалық диагноз қойылған.
Науқастың категориясы мен типіне байланысты туберкулеманың емі:
| емі 1 категория бойынша, «жаңадан анықталған» +
| емі 2 категория бойынша, «қайталану/рецидив»
| емі 3 категория бойынша, «сәтсіз ем аяқталу»
| емі 4 категория бойынша, «ем үзілген»
| жеке, резерв тобындағы препараттармен
36 ~ Туберкулемаға және перифериялық ракқа ажырату диагностикасын жүргізгенде туберкулеманың пайдасына шешіледі:
| экссудатты плеврит анамнезінде +
| науқастың егде жасы
| құрғақ ауыр қинайтын жөтел
| шеті кедір-бұдырлы көлеңке
| ентігу
37 ~ Науқас емханаға қақырықты жөтел, дене қызуы 38°С көтерілу шағымдарымен келді. Осы шағымдар 3 апта бойы мазалайды. Бұрын туберкулезбен аурмаған. Кеуденің аумақты рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 7,0х5,0 см өлшемді шеттері анық емес ыдырау қуыстары бар инфильтративті көлеңке анықталады, өкпенің төменгі бөлігінде көптеген бронхогенді шашранды ошақтар байқалады. 3 реттік бактериоскопиялық тексеруде туберкулез микобактериясы анықталмады.
38 Науқастың түрін және категориясын анықтаңыз:
| I категория. Алғаш рет анықталған+
| II категория. Сәтсіз ем
| II категория. Қайталану
| IV категория. Созылмалы
| 1-2 сегменте орналасқан көптеген ошақтар
39~ Өкпенің ошақты туберкулезінің рентгендік сипатын көрсетіңіз:
| 1-2 сегменте орналасқан диаметрі 12 мм-ге дейінгі полиморфты ошақтар +
| 1-2 сегменте орналасқан көптеген ошақтар
| өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан бронхогенді ошақтар
| 1-2 сегментте орналасқан біртекті ошақтар
| 1-2 сегменте орналасқан диаметрі 2 см-ден астам полиморфты ошақтар
40 ~ Науқас «оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы ТМБ (+), 1 категория» диагнозымен 5 ай туберкулезге қарсы антибактериалды ем қабылдауда. Дезинтоксикация, инфильтраттың аздап сорылуы байқалады, бірақ ыдырау қуысы сақталған, қақырық жағындысының конверсиясы болмаған.
Алдағы емдеу жоспары:
| науқаста сәтсіз ем белгілеп, II категорияға ауыстырамыз+
| науқасқа сәтсіз ем белгілеп, III катеогрияға ауыстырамыз
| науқасқа сәтсіз ем белгілеп, IV категорияға ауыстырамыз
| науқасқа I категория бойынша емін жалғастырамыз
| науқасты амбулаториясыз емге ауыстырамыз
41 ~ Науқаса туберкулездің белсенді түрі бойынша туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдау барысында 1 айдан соң подагра белгілері байқалған.
Басты себебін атаңыз:
| призинамидке кері әсері +
| рифампицинге кері әсері
| стрептомицинге кері әсері
| этамбутолға кері әсері
| канамицинге кері әсері
| туберкулезбен ауырған үй құстары
42~ Науқас 40 жаста, соңғы 2 жылда өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Рентгендік тексеруде: оң жақта 6 сегментте қуыстық деструкциялар анықталмайды, бұрынғы кавернаның орнында домалақ пішінді айқын шекарасы бар фокусты көлеңке анықталады. Қақырықтың 2 реттік бактериоскопиясында және егуде туберкулез микробактериясы анықталмады.
Сәйкес келетін диагноз:
| оң жақ өкпенің кавернозды туберкулезі, сорылу фазасы, ТМБ (-) +
| оң жақ өкпенің туберкулемасы, сорылу және тығыздалу фазасы, ТМБ (-)
| оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, ТМБ (-)
| оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, сорылу фазасы, ТМБ (-)
| оң жақ өкпенің кавернозды туберкулезі, ТМБ (-)
43~ 22 жастағы науқас сол жақты туберкулезді плевритке байланысты 3 ай мерзімде изаниазид, рифампицин, стрептамицинді және этамбутолды қолданылған негізгі емдеу курсынан кейін, көру өткірлігінің төмендеуі байқалған.
Аталған белгі ... жанама әсері болып табылады.
| этамбутолдің +
| изониазидтің
| рифампициннің
| стрептoмициннің
| пиразинамидтің
44 ~ Науқас 33 жаста « Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі ТМБ(+) алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған.
Спецификалық антибактериалды емі:
| 1категория +
| 2категория
| 3категория
| 4категория
| 5категория
45 ~ 28 жастағы науқас профилактикалық флюорограмма бойынша анықталып, ЦВКК-да клиникалық диагноз қойылған «Оң жақ өкпенің 1 сегментінің ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі, ТМБ(-), жаңа жағдай, ДОТС 3 категориясы,1 А топ диспансерлі есеп».
Науқасты емдеудегі қолданылмайтын препарат:
| этионамид+
| изониазид
| пиразинамид
| этамбутол
| рифампицин
46~ Науқас әлсіздікке, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Оң жақтылы өкпенің төменгі бөлігінің пневмониямен диагностикаланған. Манту сынамасы-15 мм, бактериологиялық зерттеуде микрофлора өсуі болған жоқ. Кеуде қуысы рентгенограммасында оң жақ төменгі бөлік проекциясында өкпе тінінің ошақты бірігуге бейім инфильтрациясы көрінеді, ыдыруы жоқ. Амоксициклинмен 3 күнді терапия нәтиже берген жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
| микоплазмалы пневмония+
| инфильтративті туберкулез
| пневмакоккты пневмония
| жедел бронхит
| орнитоз
47 ~ Науқастың кеуде қуысының қайталамалы бүйір рентгенограммасында оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінің көлемі кішірейген және гомогенді қарайған, оң жақ өкпе түбіріндегі көлеңке құрылымы айқындалмаған, диафрагманың оң жақ күмбезі 5-қабырға аралық деңгейінде орналасқан. Диагнозды нақтылау үшін ең қажетті тексеру әдісі:
| торакотомия биопсиямен+
| қақырықты ісік клеткаларына зерттеу
| қақырықты ТМБ-ға зерттеу
| бронхоскопия жүргізу
| сынамалы ем жүргізу
48~ Науқас 26 жаста; әлсіздікке, тершеңдікке, кешкі уақыттағы субфебрильді температураға шағымданады. Қанда: Л- 8*109 \л, ЭТЖ-19мм\сағ. өкпе ренгенограмасында 1-2 сегментте баяу қарқындылықтағы ошақты көлеңкелер тобы анықталды. Ең қолайлы диагноз:
| ошақты түберкулез+
| біріншілік кешен (комплекс)
| диссемирленген түберкулез
| инфильтративті туберкулез
| өкпе туберкулемасы
49~ 30 жастағы науқаста туберкулездік менингит анықталған. Төсектік тәртіпті сақтаудың неғұрлым тиімді ұзақтығы:
| ликвор қалпына келгенше+
| 2-3 ай
| менингеальды симптомдар жойылғанша
| ауру симптомдары жойылғанша
| 3-4 ай
50 ~ І категориядағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдеу кезеңінде неғұрлым тиімді емдеу кестесі:
| 4HR+
| 2HR
| 3HRE
| 5HR
| 7HRE