Жұмыс оқу бағдарламасы мамандық “Жалпы тәжірибелі дәрігер” Пән Фтизиатрия Оқу сағатының көлемі 180 Шымкент 2013 ж


Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ



бет30/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#67971
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Ж мыс о у ба дарламасы маманды “Жалпы т жірибелі д рігер” П н Ф (1)

Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ
5 вариант

1~ ҚР ДСМ 2011ж. 24 сәуірде №218 бұйрыққа сәйкес туберкулезді инфекция ошағында химиопрофилактика жүргізіледі:


| қауіп тобындағы балалар мен жасөспірімдерге +
| барлық балалар мен жасөспірімдерге
| ТМБ + ошағындағы барлық балалар мен жасөспірімдерге
| ТМБ + ошағындағы тек инфицирленген балалар мен жасөспірімдерге
| барлық ВИЧ инфицирленгендерге
2~ Асқынбаған біріншілік комплекс келесі рентгенологиялық белгілермен көрінеді:
| өкпе түбірінің кеңеюі және көлеңке құрамының өзгеруі +
| өкпе сегментін қамтитын гомогенді көлеңке және жиегі анық емес гомогенді қараю
| жиегі анық емес гомогенді көлеңке
| өкпенің бір сегментінде майда жұмсақ ошақтардың болуы
| өкпенің әртүрлі сегменттерінде майда ошақтардың болуы
3~ Біріншілік туберкулезді комплексті ажырату керек:
| жедел пневмониямен +
| өкпе рагы және оның өкпе лимфа түйіндеріне жайылуы
| өкпенің даму ақауы
| эозинофильды инфильтрат
| ателектаз
4~ Туберкулезді менингит кезінде емді бастау қажет:
| жұлын сұйықтығының анализінің нәтижесінен кейін +
| бірден бастау керек
| кеуде клеткасының рентгенограммасынан кейін
| дифференциальды диагностика жүргізгеннен кейін
| арнайы ем курсынан кейін
5~ Казеозды пневмония кезінде анықталатын клиникалық көріністер:
| көптеген «шапалақты» ылғалды сырылдар +
| жоғары дене қызуы
| субфебрильды температура
| құрғақ жөтел
| ылғалды жөтел
6~ Милиарлы туберкулездің рентгенологиялық белгісі:
| майда ұқсас ошақтар, өкпе суретінің азаюы +
| майда ошақтар және фокусты қараю
| майда ошақтар және ыдырау қуысы
| полиморфты ошақтар, фиброзды өзгерістер
| көптеген қосарланған ошақтар, өкпе суретінің күшеюі
7~ Кавернозды туберкулездің рентгенологиялық белгісі:
| сақина тәрізді ортасы ағарған көлеңке +
| өкпе түбірінің кеңеюі
| өкпе түбіріне жолдың болуы
| айналадағы тіндерде полиморфты ошақтар
| горизонтальды сұйықтық деңгейі
8~ Мектепте бірінші сынып оқушыларына туберкулезге қарсы екпе жүргізілді. БЦЖ вакцинациясынан кейінгі жиі асқынулар:
| суық абсцесс +
| региональды лимфаденит
| гематогенді жайылу
| келлоидты тыртық
| беткейлік жара.
9~ Науқас 29 жаста, жедел ауырды, ауруханаға мына белгілермен түсті: ентігу, басының ауыруы, құсу, дене қызуы 38,5°С, әлсіздік. Анамнезінде: балалық шағында омыртқа туберкулезімен ауырған. Өкпе рентгенограммасында: тотальды майда ошақты диаметрі 2-3 мм, жиегі анық емес, симметриялы, майда, интенсивтілігі аз ошақтар көрінеді. Қақырықта: ТБ анықталмаған. ЖҚА: лейкоцит 15х10*9, ЭТЖ 35 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығының анализі: цитоз – 1мл 229 жасуша, қабықша анықталды, ақуыз – 0,66 г/л.
Болжамды диагноз қойыңыз:
| инфильтрация фазасындағы милиарлы туберкулез +
| инфильтрация фазасындағы диссеминациялық туберкулез
| туберкулезді менингит. Базилярлы форма
| туберкулезді менингит. Спинальды түрі
| ошақты туберкулез, туберкулезді менингитпен асқынуы.
10~ 42 жасар өкпе туберкулезімен ауыратын науқаста қан қақыру пайда болды. Ем қабылдамаған жағдайдағы нәтижесі:
| аспирациялық пневмония+
| бронх туберкулезі
| плевра эмпиемасы
| гематогенді диссеминация
| амилоидоз
11~ 27 жасар науқас туберкулездің активті түрімен ауырады, туберкулезге қарсы препараттармен емдеуді бастады. Бір айдан кейін артралгия, есту қабілетінің төмендеуі, көру қабілетінің төмендеуі байқалды.
Себебін көрсетіңіз:
| пиразинамидке жағымсыз әсер +
| стрептомицинге жағымсыз әсер
| рифампицинге жағымсыз әсер
| этамбутолға жағымсыз әсер
| канамицинге жағымсыз әсер
12~ 35 жасар науқас соңғы екі жыл көлемінде өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрады. Кезекті рентгенологиялық тексеру кезінде оң жақ алтыншы сегментте деструкция қуысы анықталмады, бұрынғы каверна орнында дөңгелек пішінді фокусты көлеңке, интенсивтілігі орташа, жиегі анық, өкпе суреті күшейген. Қақырықта екі рет бактериоскопиялық әдіспен тексергенде ТМБ анықталған жоқ.
Диспансерлік есептің тобын көрсетіңіз:
| ІІ топ +
| І А топ
| І Б топ
| ІІІ топ
| І В топ
13~ 45 жасар науқаста оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінен ыдырау фазасындағы инфильтративті туберкулез, ТМБ оң анықталды. І категория. 5 ай көлемінде антибактериальды туберкулезге қарсы ем қабылдады. Нәтижесі: дезинтоксикация, инфильтраттың аздап сіңірілуі, бірақ ыдырау қуысы сақталған, қақырық жағындысында конверсия жоқ.
Ем жоспарын анықтаңыз:
| ем нәтижесіз болғандықтан науқасты ІІ категорияға ауыстырамыз +
| ем нәтижесіз болғандықтан науқасты ІІІ категорияға ауыстырамыз
| ем нәтижесіз болғандықтан науқасты ІV категорияға ауыстырамыз
| І категориядағы емді жалғастырамыз
| амбулаторлық емге ауыстырамыз
14~ Науқас 30 жаста. Жалпы тәжірибелі дәрігерге кеуде сарайының оң жағында қанжар сұққандай ауру белгісіне, мәжбүрлік қалыпқа шағымданып келді. Анамнезінде науқас диспансерлік тіркеуде кавернозды туберкулезбен есепте тұрады. Оперативтік емнен бас тартқан.
Науқасқа жедел жәрдем көрсету тактикасы:
| нейролептаналгезия, плеврадағы ауаны шығару +
| коллапсотерапия
| плевралды пункция жасау
| оттекті терапия
| өкпе резекциясы
15~ Науқас Н., 26 жаста. 4 ай бойы 1 категория бойынша емделген. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы сақталуда. Изониазид пен рифампицин дәрілеріне тұрақтылық анықталған. Категориясын анықтаныз:
| 4 категория +
| 1 категория
| 2 категория
| 3 категория
| 5 категория
16~ Кавернозды туберкулездің клиникалық көрінісі:
| айқын интоксикация белгілері +
| аурудың толқын тәрізді ағымы
| өкпе жүрек жетімсіздік симптомы
| айқын емес интоксикация белгілер
| бронхоспастикалық синдром
17~ Өкпенің туберкуломасын төменде аталған аурулармен ажыратамыз, мынадан басқа:
| өкпе рагы +
| саркоидоз
| рак метастазы
| қатерсіз ісікпен
| спецификалық емес пневмония
18~ Кавернозды туберкулезге тән:
| жиегі анық дөңгелек қараю +
| ішкі және сыртқы қабырға жиектері де анық емес қуыстар
| гомогенді емес құрамды қараю
| iшкі және сыртқы жиектері анық, қабырғасы жіңішке дөңгелек қуыс
| формасы дұрыс емес, қабырғасы тегіс емес қуыстар
19 Ересектерде өкпе туберкулезін анықтаудағы негізгі әдіс:
| профилактикалық флюорография +
| диагностикалық флюорография
| туберкулинді диагностика
| бактерия бөлуішілікке микробиологиялық тексеру+
| рентгенография
20~ Өкпенің милиарлы туберкулезіне тән:
| бактерия бөлінбейді+
| аз бактерия бөлуі
| көлемді бактерия бөлуі
| кезеңдік бактерия бөліну
| барлық аталғандар
21~ Милиарлы туберкулез кезінде өкпеде ыдырау қуысы:
| мүлдем кездеспейді +
| жиі кездеседі
| үнемі кездеседі
| аз кездеседі
| барлық аталғандар
22~ Клиникалық белгілері аз, тек физикалық әдістер арқылы анықталатын туберкулез түрі:
| өкпенің ошақты туберкулезі +
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| өкпенің диссеминирленген туберкулезі
| өкпенің фиброзды – кавернозды туберкулезі
| өкпенің кавернозды туберкулезі
23~ Менингеалды синдромды анықтаудағы дәрігер-фтизиатрдың алғашқы әрекеті:
| люмбальды пункция +
| ЖҚА және ЖЗА
| туберкулинді әдіс
| электроэнцефолография
| ЭФГДС
24~ 25 жасар науқас туберкулез ошағында болған. Келесі шағымдармен стационарға келіп түсті: бас ауыру, құрғақ жөтел, дене қызуының 390С-қа жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі. Ауырғанына 1 апта болған. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, ентігу жоқ. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз-эластикалық консистенциялы. Өкпеде перкуторлы зерттегенде оң аймақта 2-3 қабырғааралықта өкпе дыбысының тұйықталуы байқалады. Аускультацияда осы жерде тынысы әлсіреген, тыныс шығаруы ұзарған, сырылдар жоқ. Гемограммада Л -9,1х109/л, т/я – 6, лимфациттер – 18, ЭТЖ-26 мм/сағ. Манту сынамасына реакциясы 2ТБ – папула 20 мм лимфангоитпен. Рентгенограммада: оң өкпеде ІІ сегмент аймағында интенсивтілігі ор
Сіздің диагнозыңыз:
| біріншілік туберкулезді комплекс, оң жақтық, инфильтрация фазасы, ТМБ теріс +
| біріншілік туберкулезді комплекс,сол жақтық, ыдырау фазасы, ТМБ оң
| кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, оң жақтық
| лимфогрануломатоз
| түбірлі пневмония
25~ Туберкулез ауруын стационарда емдеу курсының ұзақтығы анықталады:
| жургізілген емдік шаралардың нәтижелігімен +
| өкпедегі деструктивті өзгерістермен
| бактериобөлудің массивтілігімен
| туберкулездің клиникалық түрімен
| қосымша шаралармен
26~ Деструктивті туберкулез бен абсцестің салыстырмалы диагностикасында жүргізілетін дұрыс ем:
| пенициллинмен +
| рифампицинмен
| фторхинолонмен
| стрептомицинмен
| изониазидпен
27~ Цирроздық туберкулездің сипаттамасына жатпайды:
| туберкулезді үрдістің белсенділігінің жойылуы +
| өкпе және плевра функциясының бұзылуы
| өкпе және плеврада жайылмалы фиброзды өзгерістердің дамуы
| туберкулезді үрдістің белсенділігінің сақталуы
| кезеңдік бактериобөліну
28~ Науқас 35 жаста. Жалпы тәжірибелі дәрігерге кеуде сарайының оң жағында қанжар сұққандай ауру белгісіне, мәжбүрлік қалыпқа шағымданып келді. Анамнезінде науқас диспансерлік тіркеуде кавернозды туберкулезбен есепте тұрады. Оперативтік емнен бас тартқан.
Науқасқа жедел жәрдем көрсетіңіз:
| нейролептаналгезия, плеврадағы ауаны шығару +
| коллапсотерапия
| плевралды пункция жасау
| оттекті терапия
| өкпе резекциясы
29~ Науқаста интоксикация және бронх өкпелік симптомдар күшеюде. Аускультативті: шектелген аймақта әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Рентген суретінде: оң жақ жоғарғы бөлігінде қараю орнында сақина тәрізді көлеңке пайда болуда.
Осы жағдайдағы асқыну механизмін көрсетіңіз:
| казеозды некротикалық массаның өкпе аффектісі аймағынан ыдырап бөлінуі +
| бронх қабырғасының өзгерген кеуде ішілік лимфа түйіндерімен қысылуы
| казеозды некротикалық түйіннің кеуде аортасы кеңістігіне перфорациясы
| өкпе аффектісіне жататын бронхтардың қабыну үрдісіне қосылуы
| туберкулезді инфекцияның вицсералды плевраға жайылуы.
30~ 21 жасар науқас әйел өкпе туберкулезімен ауырады, жүктілік мерзімі алты апта.
Абсолютті қарсы көрсеткіш болып табылатын туберкулезге қарсы препарат:
| стрептомицин +
| пиразинамид
| этамбутол
| изониазид
| рифампицин
31~ Науқас А. Бірнеше ай көлемінде ауырады. Бірнеше рет тұмаулы жағдай бойынша өз бетімен емделген. Соңғы кездері тамағында ауырсыну пайда болған. Айқын интоксикация, ентігу, кеуделік синдром. Қақырық анализінде туберкулез микобактериясы оң. Рентгенограммада екі өкпесінде де әртүрлі интенсивті көптеген ошақты көлеңкелер, кей жерлерінде бір-біріне бірігіп кетеді, ақшылдану аймақтары да байқалады.
Дұрыс диагноз:
| өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі жайылу фазасында +
| өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі
| туберкулома
| фиброзды-кавернозды туберкулез
| кавернозды туберкулез
32~ Науқаста ауру жедел басталған, дене температурасы кенет 40º С-ға жоғарылаған, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар, ликвор жиі тамшымен ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди реакциясы оң. Тұрғанда фибринді жабын түзіледі. Қақырық анализінде 3 порциясында туберкулез микобактериясы теріс.
Дұрыс диагноз:
| туберкулезді менингит +
| вирусты менингит
| ірінді менингит
| серозды менингит
| менингококты менингит
33~ 43 жастағы науқас өкпеден қан кетуіне шағымданып келді. Обьективті: тері қабаттары бозғылт, тынысы 30 рет минутына, артериялық қан қысымы 80/50 мм сынап бағанасында, дене температурасы 37,5, жөтелгенде алқызыл қан бөледі. Гемоглобин 100 г/л. Анамнезінде тубдиспансерде емделген. Екінші айдың соңында жағдайының жақсаруына байланысты, рентгендік және қақырық анализдерін қайта тапсырмай өз еркімен кетіп қалған. Үйінде ем қабылдамаған. Тиімді ем:
| гемостатиктер, антибиотиктер, жөтелге қарсы препараттар +
| гемостатиктер, витаминдер, жөтелге қарсы препараттар
| гемостатиктер, антибиотиктер, гормональді препараттар
| гемостатиктер, антибиотиктер, муколитиктер
| гемостатиктер, хирургиялық ем, витаминдер
34~ 27 жастағы науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған. Жыл сайын жүргізілетін кезекті тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 3 см шеттері айқын гомогенді түзіліс анықталған. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы жоқ.
Тиімді ем:
| радикалды сегментэктомия +
| ІІІ категория бойынша ем
| сәулелі терапия
| І категория бойынша ем
| ІІ категория бойынша ем
35~ Аймақтық дәрігерге науқас бақылануға келген. Анамнезінде туберкулезге қарсы диспансердің хирургия бөлімшесінде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің 2 сегментінде орналасқан ыдырау сатысындағы туберкулемаға байланысты операция жасалынған. Дәрігердің диспансерлік есепке алатын диагнозы:
| туберкулемаға байланысты сегментэктомиядан кейінгі жағдай +
| ыдырау сатысындағы туберкулема
| туберкулема
| үдемелі туберкулема
| туберкулема жазылу сатысында
36~ Өкпенің ошақты туберкулезіне тән рентгенологиялық көрініс:
| 10 мм-ге дейінгі ошақты қараю +
| екі өкпенің ошақты қараюлары
| фокусты қараю
| көлемі 1 см-ден жоғары қараю
| инфильтратты қараю
37~ Алғаш анықталған, оң өкпенің S2 бөлігінің ошақты туберкулезімен ауыратын науқасқа қолдаушы фазадағы ем кестесін атаңыз:
| Изониазид, рифампицин +
| Изониазид, стрептомицин
| Изониазид, этамбутол
| Изониазид, циклосерин
| Изониазид, пиразинамид
38~ Науқас алғаш анықталған, өкпенің инфильтративті туберкулезіне байланысты толық ем курсын алды. Емнің нәтижесінде улану симптомдары жойылды, қақырықта ТМБ анықталмады. Рентгенограммада: инфильтраттың орнында айқын контурлы диаметрі 2 см шар тәрізді гомогенді көлеңке анықталды.
Сіздің диагнозыңыз:
| өкпе туберкулемасы +
| өкпенің диссеминирленген туберкулезі
| өкпенің ошақты туберкулезі
| өкпенің кавернозды туберкулезі
| өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
39~ Науқас ыдырау сатысындағы өкпенің диссеминирленген туберкулезіне байланысты 6 ай емделген, ТМБ+. Бактерия шығарушылық тоқтатылды, ошақтар жойылды және тығыздалды, оң жақтан 2 см диаметрлі қуыс пайда болды.
Сіздің диагнозыңыз:
| өкпенің кавернозды туберкулезі +
| өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
| ыдырау сатысындағы өкпенің ошақты туберкулезі
| өкпе туберкулемасы
| ыдырау сатысындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі
40~ Фиброзды-кавернозды туберкулездiң профилактикасы:
| профилактикалы флюорографиялы тексеру +
| “қауiптi” топтағыларға химиопрофилактика жүргiзу
| әлеуметтiк профилактика
| санитарлы профилактика
| туберкулезге қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау
41~ Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастардың қанына тән::
| Лимфопения +
| Лимфоцитоз
| Лимфоциттердің қалыпты саны
| Лимфоциттердің көлемін және түрінің өзгеруі
| Пролимфоциттердің пайда болуы
42~ Фиброзды-кавернозды туберкулезде негізгі өлім себебі:
| тыныс жетіспеушілігі мен созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі +
| туберкулезді интоксикация
| өкпеден қан кету
| амилоидоз
| туберкулездің өршуі
| 12 ай
43~ Қан түкіру себебі:
| өкпе тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы +
| өкпе тамырлары бүтіндігінің зақымдалуы
| аорта аневризмасының өкпеге жарылуы
| өкпе инфаркті
| бронх тамырлары аневризмасының жарылуы
44~ Науқасқа оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы диагнозы қойылған. І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкулеманың өлшемі 6 см диаметірінде. Наркоманиямен ауырады. Емдеу тактикасын таңдаңыз:
| үнемді резекция +
| антибактериальды терапияны жалғастыру
| эндотрахеальды дәрі құю
| жасанды пневмоторакс
| пневмоперитонеум
45~ Жаңадан анықталған науқастардың арасында инфильтратты туберкулездің көрсету % көрсеткіші:
| 66-75 % +
| 41-50 %
| 51-65 %
| 30 -40%
| 76-80%
46~ Оң өкпенің жоғарғы бөлімінің 6 сегментінде домалақ түзілім профилактикалық зерттеуде ер балада анықталған. Клиникалық зерттеуден кейін «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ+ » деген клиникалық диагноз қойылған.
Науқастың категориясы мен типіне байланысты туберкулеманың емі:
| емі 1 категория бойынша, «жаңадан анықталған» +
| емі 2 категория бойынша, «қайталану/рецидив»
| емі 3 категория бойынша, «сәтсіз ем аяқталу»
| емі 4 категория бойынша, «ем үзілген»
| жеке, резерв тобындағы препараттармен
47~ Науқас емханаға қақырықты жөтел, дене қызуы 38°С көтерілу шағымдарымен келді. Осы шағымдар 3 апта бойы мазалайды. Бұрын туберкулезбен аурмаған. Кеуденің аумақты рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 7,0х5,0 см өлшемді шеттері анық емес ыдырау қуыстары бар инфильтративті көлеңке анықталады, өкпенің төменгі бөлігінде көптеген бронхогенді шашранды ошақтар байқалады. 3 реттік бактериоскопиялық тексеруде туберкулез микобактериясы анықталмады.
Науқастың түрін және категориясын анықтаңыз:
| I категория. Алғаш рет анықталған+
| II категория. Сәтсіз ем
| II категория. Қайталану
| IV категория. Созылмалы
| 1-2 сегменте орналасқан көптеген ошақтар
48~ Өкпенің ошақты туберкулезін ің рентгендік сипатын көрсетіңіз:
| 1-2 сегменте орналасқан диаметрі 12 мм-ге дейінгі полиморфты ошақтар +
| 1-2 сегменте орналасқан көптеген ошақтар
| өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан бронхогенді ошақтар
| 1-2 сегментте орналасқан біртекті ошақтар
| 1-2 сегменте орналасқан диаметрі 2 см-ден астам полиморфты ошақтар
49~ Науқас 40 жаста, соңғы 2 жылда өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Рентгендік тексеруде: оң жақта 6 сегментте қуыстық деструкциялар анықталмайды, бұрынғы кавернаның орнында домалақ пішінді айқын шекарасы бар фокусты көлеңке анықталады. Қақырықтың 2 реттік бактериоскопиясында және егуде туберкулез микробактериясы анықталмады.
Сәйкес келетін диагноз:
| оң жақ өкпенің кавернозды туберкулезі, сорылу фазасы, ТМБ (-) +
| оң жақ өкпенің туберкулемасы, сорылу және тығыздалу фазасы, ТМБ (-)
| оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, ТМБ (-)
| оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, сорылу фазасы, ТМБ (-)
| оң жақ өкпенің кавернозды туберкулезі, ТМБ (-)
50~ Науқас 33 жаста « Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі ТМБ+, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған.
Спецификалық антибактериалды емі:
| 1категория +
| 2категория
| 3категория
| 4категория
| 5категория


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет