Жұмыс оқу бағдарламасы мамандық “Жалпы тәжірибелі дәрігер” Пән Фтизиатрия Оқу сағатының көлемі 180 Шымкент 2013 ж


Интерн-терапевттердің бастапқы білімдерін бақылауға арналған тест сұрақтары



бет26/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#67971
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Ж мыс о у ба дарламасы маманды “Жалпы т жірибелі д рігер” П н Ф (1)

Интерн-терапевттердің бастапқы білімдерін бақылауға арналған тест сұрақтары

6 – вариант


1. Туберкулез инфекциясы резервуарының деңгейiн ... көрсеткiшi анықтайды.

  1. аурушаңдық

  2. өлiм-жiтiм

  3. жұққандық

  4. бактерия бөлушiлiк

  5. сырқаттық

2. Флюорография әдіспен өкпе патологиясы анықталғанда ... қайта тексеру жүргізілуі қажет.

    1. 10 күнде

    2. 3 күнде

    3. 20 күнде

    4. 1 айда

    5. 6 айда

3. Ересектерде 2 ТБ Манту сынамасының папула көлемi ...болғанда гиперергиялық
деп есептелінедi.

    1. 17 мм

    2. 12 мм

    3. 19 мм

    4. 21 мм

    5. 10 мм

4. БЦЖ вакцинасы- бұл ... .

      1. тiрi әлсiз туберкулез микобактериясының жануарлық түрi

      2. автоклавирлi сорпалы культурадағы туберкулез микобактериясы

      3. туберкулез микобактериясының тауық культурасындағы фильтраты

      4. автоклавирлi культурадағы фильтратты микобактерия түрi

      5. туберкулез микобактериясының өнiмдерi

5. Кеуде iшiлiк лимфа түйiндерiнiң туберкулезiн ... арқылы тексередi.

    1. бронхоскопия

    2. кең ауқымды рентгенограмма

    3. бүйiрлi және тура томограмма

    4. бүйiрлi рентгенограмма

    5. УДЗ

6. ДОТС бағдарламасы бойынша науқасты емдеу кезінде ТМБ қақырықты микроскопиялық зерттеу мониторингі ...

  1. емнің соңында

  2. әр ай сайын

  3. әр 15 кун сайын

  4. әр 3 ай сайын

  5. емнің бастапқы және соңғы екі фазасы

7. Егер науқас бір жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырса онда қай препаратты тағайындамау керек

    1. этамбутол

    2. изониазид

    3. рифампицин

    4. пиразинамид

    5. канамицин

Базисті білім анықтауға арналған тест сұрақтарының жауаптары







1 вариант

2 вариант

3 вариант

4 вариант

5 вариант

6-вариант

1

A

A

C

C

A

D

2

D

C

A

A

C

A

3

A

A

E

B

A

D

4

E

D

A

B

E

A

5

A

A

A

A

A

C

6

A

C

C

A

A

E

7

C

E

B

D

C

C

Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар – 50 сұрақ
1 вариант
1~ Туберкулезбен зақымданудың негiзгi жолы:
| аэрогендi +
| жатыр iшiлiк
| трансмиссивтi
| қатынас
| алиментарлы
2~ Халық арасындағы туберкулезге қатерлi топтардың арасынан өкпе туберкулезiмен жиi ауыратындар:
| бас бостандығынан айрылғандар +
| жұмыссыздар
| қашқындар
| жалғыз бастылар
| баспанасыздар
3~ Халық арасындағы туберкулез бойынша медициналық қатерлi топқа жатпайды:
| гипертония аурулары +
| туберкулезбен ауырғаннан кейiнгi қалдықты өзгерiстерi барлар
| қант диабетiмен ауыратын науқастар
| асқазан жаралы ауруы бар, асқазанға операция жасалғандар
| өкпенiң созылмалы бейспецификалық аурулары, шизофрения
4~ Туберкулез инфекциясы резервуарының деңгейiн анықтайтын эпидемиологиялық көрсеткiш:
| жұққандық +
| өлiм-жiтiм
| бактерия бөлушiлiк
| аурушаңдық
| сырқаттық
5 ~ Адамдардың туберкулезбен залалдануының негiзгi көзi:
| туберкулезбен ауырғандар +
| залалданғандар
| туберкулезбен ауырған жануарлар
| қан сорғыш жәндiктер
| туберкулездi науқаспен қатынаста болғандар
6 ~Өкпе туберкулезiн анықтаудағы негiзгi бактериологиялық әдiс:
| қақырықты егу мен бактериоскопия +
| қақырықты лабораторлық жануарларға жұқтыру
| қанды қоректi ортаға егу
| жалпы қан анализi
| зәрдің бактериоскопиясi
7~ Ересектердің өкпе туберкулезiнде жиi зақымдалатын сегменттер:
| 1, 2, 6 +
| 3, 4, 5
| 5, 6, 8
| 6, 7, 8
| 4, 5, 9
8 ~ Туберкулезді анықтаудағы негізгі алдын алу әдіс:
| спецификалық +
| социальді
| санитарлы
| химиопрофилактика
| санитарлы ағартушылық
9~ Біріншілік туберкулездің негізгі диагностикалық критерийі:
| туберкулинді сезімталдық « виражы» +
| интоксикация синдромы өкпе симптомдарымен бірге
| туберкулинді сезімталдықтың гипоергиялық сипаты
| керотоконъюктивит, фликтена
| оң анергия
10~ Балалар туберкулезінің ерте диагностикасында ең қолайлы әдіс:
| тері ішілік Манту сынамасы +
| өкпенің ауқымды рентгенографиясы
| полимеразды тізбекті реакция
| иммуноферментті анализ
| фибробронхоскопия
11~ Туберкулинді гранулема құрамына кірмейді:
| Березовский-Штернберг клеткалары +
| эпителиоидты клеткалар
| Пирогов-Лангханс клеткалары
| лимфоидты клеткалар
| казеозды некроз
12~ DOTS терминологиясына сәйкес туберкулез емінің нәтижесі:
| ем аяқталды +
| режим сақталмаған
| ыдырау қуысы жабылды
| қайталанған ауру
| үзілістен кейінгі ем
13~ Науқастың рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде I-II қабырға шамасында дөңгелек пішінді, мөлшері 4 х 4 см, жабық сақиналы көлеңке анықталады. Перикавитарлы аймақта аздаған ошақтар бар; өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта - өзгеріссіз.
Рентгенограмма бойынша қорытынды жасаңыз:
| кавернозды туберкулез +
| өкпе туберкулемасы
| фиброзды-кавернозды туберкулез.
| цирротикалық туберкулез
| инфильтративті туберкулез.
14~ Оң өкпенің жоғарғы бөлігі фиброз әсерінен көлемі кішірейген, пішіні дұрыс емес, тартылған формалы қуыс анықталады, өлшемі 5х6см, қабырғасы қалың. Қуыс айналасы – инфильтрация және ошақтар. Екі өкпенің төменгі бөліктерінде көп, кей жерлері біріккен сипатта, бронхогенді егілу ошақтары бар. Оң түбір деформацияланған, жоғары тартылған, сол түбір құрылымды. Көкірек аралық оңға жылжыған. Оң косто-диафрагмалық синус бүріскен. Рентгенограмма бойынша қорытынды жасаңыз:
| фиброзды-кавернозды туберкулез +
| кавернозды туберкулез
| туберкулема
| циррозды туберкулез
| инфилтратты туберкулез.
15~ 19 жасар жасөспірім. «Іш сүзегі» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне жолданды. 3 апта бойы ауырған. Өзін тұмаумен ауырдым деп ойлаған. 1 тәулік алдын жағдайы бірден нашарлаған. Бірден бас ауыру байқалған, интоксикация симптомдары айқын. Объективті: жағдайы ауыр, дене қызуы 390С. ТАЖ-42, пульсі -120. Азғана менингиальді белгілер бар. Өкпеде сырылдар естілмейді. Рентгенологиялық: барлық өкпеалаңында және екі өкпе аймақтарында біркелкі орналасқан 1-2мм өлшемді мономорфты ошақтар, интенсивтілігі аз, бір-біріне бірікпеген.
Сіздің диагнозыңыз:
| млиарлы туберкулез +
| диссеминирленген туберкулез, жеделдеу ағымы
| екі жақты ошақты туберкулез
| Ку қызбасы
| іш сүзекті пневмония
16~ № 36 пәтерде туберкулез қақырық жұғындысы оң нәтижелі науқас анықталды. Контакте ол науқаспен бірге 2 ересек, 3 бала және 15 жасар жасөспірім тұрады.
Учаскелік фтизиатрдің туберкулез ошағында жүргізетін шаралар тізімі:
| барлық шаралар дұрыс +
| науқасты ем қабылдау үшін стационарға госпитализациялау
| ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу
| балаларға және жосөспірімге Манту сынамасын жасау, жөтеліп жүргендерге үш реттік қақырығын МБ-ға тексеру
| инфицирленген балалар мен жасөспірімге химиопрофилактика жүргізу.
17~ 21 жасар науқас К, клиникалық диагнозы: сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезді ыдырау фазасы, 1-ші категория бойынша, туберкулезге қарсы 4 препараттармен 1,5 ай бойы ем алуда.
Науқастың стационарда ем алуы ұзақтығы:
| бактерия бөлінуінің тоқтауы +
| науқастың жалпы жағдайының жақсаруы
| өкпедегі инфилтрацияның тарқауы немесе сорылуы
| ыдырау қуысының жабылуы
| клиникалық сауығу
18~ Қабылдау бөліміне этиологиясы белгісіз менингитке күмәнді науқас келіп түсті. Жұлын сұйықтық анализінде келесі өзгерістер анықталды: цитоз 400, лимфоциттер 75%, нейтрофилдер 20%, белок 1,5, қант 1,9, хлоридтер 110 м/моль, фибринді пленка 24 сағаттан соң түсті, Панди реакциясы – (+++). Фтизиатр кеңесінен кейін туберкулзді менингит диагнозы қойылды.
Спецификалық химиотерапия схемасы:
| 4 (5) HRZE ( или S) и 7 HR +
| 2 HRZES/ 1 (2) HRZE и 5 HRZ
| 5 (6) HRZE (или S) и 2 HRZ
| 1 (4) HRZE и 2 HZ
| 2 HRZ и 5 HR
19 ~ Әлсіз интоксикация белгілері бар науқастың рентгенограммасында - өкпеде диаметрі 1,5см ыдырау қуысы бар фокус анықталған.
Cіздің болжамды диагнозыңыз:
| туберкулема +
| киста
| рак метастазы
| пневмония
| аспергиллема
20 ~ Науқастың рентгенограммасында: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде диаметрі 3 см, орташа интенсивті, жиегі анық емес, өкпе түбірімен байланысқан инфильтративті қараю анықталды. Төменгі бөліктік бронхтар тарылған.
Туберкулездің сәйкес келетін түрі:
| біріншілік туберкулезді комплекс +
| кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| бөлікаралық плеврит
| өкпе туберкуломасы
21~ Науқас 1категория МБТ теріс бойынша диспансерлік бақылауға алынған, қарқынды кезеңде емі 2 айға үзілген, қазір қақырықта МБТ оң.
Науқасты жүргізу тактикасы:
| үзілістен кейінгі ем +
| ем режимінің бұзылысы
| нашар нәтижелі
| ауыстырылған
| DOTS алынған
22 ~ Абсцесс пен деструктивті туберкулездің салыстырмалы диагностикасында жүргізілетін ем:
| кең спектрлі антибиотиктер +
| дезинтоксикациялық дәрілер
| саңырауқұлаққа қарсы препараттар
| туберкулезге қарсы препараттар
| жүрек гликозидтері
23 ~ Ересектерде 2 ТБ Манту сынамасының папула көлемi ...болғанда гиперергиялық деп есептелінедi.
| 21 мм +
| 17 мм
| 12 мм
| 19 мм
| 10 мм
24~ Алғаш анықталған, І категориялы, белсенді бациллобөлгіш өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың сүйемелдеуші ем фазасындағы химиотерапия ұзақтығы:
| 4 немесе 7 ай +
| 2-4 ай
| 3-5 ай
| 6-8 ай
| 8-10 ай
25~ Клинико-рентгенологиялық симптоматика: кеуде қуысындағы ауру сезімі, ентігу, цианоз, тахикардия, перкуторлы-тимпанит, рентгеноскопияда – тыныс алуда кеудеаралықтың сау бөлікке ығысуы.
Болжамды диагноз:
| қақпақшалық пневмоторакс+
| ателектаз
| жабық пневмоторакс
| кеудеаралық эмфизема
| кеуде қуысының жарақаты
26 ~ ППД-Л туберкулин препаратының құрамы:
| адам және бұқа микобактерия түрлерінің өмірсүру өнімдері+
| өлтірілген адам және бұқа микобактерия түрлері
| бұзылған микобактерияның қалдықты мөлшері
| адам және құс тірі микобактерия түрлері
| өлтірілген құс микобактерия түрлері
27~ IV-V қабырға деңгейінде дөңгелек пішінді, анық контурлы, ағару аймақты фокусы бар рентген суреттеме туберкулез түріне тән:
| туберкулема +
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, туморозды
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, плевритпен асқынған
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтративті
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, бронхитпен асқынған
28~ Науқас С., 25 жаста 1 ай бойы ауырады. Шағымдары: айқын интоксикация, өнімді және кезеңді жөтел. Қақырық анализінің екі порциясында ТМБ оң. Өкпе рентгенограммасында екі жақты жоғарғы-ортаңғы бөлімдерінде, торлы сурет фонында полиморфты ошақты көлеңкелер анықталады. «Штампты» қуысы бар.
Дұрыс диагноз қойыңыз:
| диссеминирленген өкпе туберкулезі +
| туберкулема
| инфильтративті өкпе туберкулезі
| фиброзды-кавернозды туберкулез
| біріншілік туберкулезді кешен
29~ Науқас Е, 35 жаста, оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, БК оң, жаңа жағдай, қақырық жағындысы оң диагнозымен ауруханасында стационарлы ем қабылдаған. І категориямен емделген. Соңғы 2 ай бойы емделмеген. ЖМЖ бригадасымен өкпеден қан кетумен жеткізілген. Қарағанда: науқас бозғылт, акроцианоз, ТАЖ 30 рет/мин, температура 37,5°С. Жөтел кезінде ауыздан алқызыл қан бөлінеді. Өан кету шамамен 1 сағат бұрын басталған. Осы уақыт аралығында 200,0 мл қан жоғалтқан. АҚҚ 80/50 мм.сн.бағ. Пульс 100 рет/мин.
Алдын-алу шаралары:
| гемостатик, витаминдер, жөтелге қарсы препараттар. Ем алуды ІІ категориядан бастау +
| гемостатик, антибиотик, муколитик. Ем алуды ІІ категориядан бастау
| гемостатик, антибиотик, жасанды пневмоторакс. Ем алуды І категорияны жалғастыру
| хирургиялық ем, антибактериальды ем, терапия. Индивидуальды емдеу схемасы.
| гемостатик, антибиотик, муколитик. Ем алуды І категорияны жалғастыру
30~ 32 жасар науқастың рентгенограммасында оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде орташа интенсивті, жиегі анық емес, диаметрі 3 см, өкпе түбірімен байланысқан инфилтративті қараю анықталды. Төменгі бөліктік бронхтар тарылған.
Туберкулездің сәйкес келетін түрі:
| біріншілік туберкулезді комплекс+
| кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| бөлік аралық плеврит
| өкпе туберкуломасы
31 ~ 25 жасар науқас өкпе туберкулезі мен ауырады, жүктілік мерзімі 6 ай.
Қолдануға болмайтын туберкулезге қарсы дәрі:
| стрептомицин +
| этамбутол
| пиразинамид
| изониазид
| рифампицин
32 ~ 22 жасар науқаста профилактикалық қарау кезінде, сол жақ өкпенің екінші сегментінде ыдыраусыз және бактерия бөлмейтін жедел ағымды ошақты туберкулез анықталды. Диагнозын және категориясын көрсетіңіз.
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс.
ІІІ категория +
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ
теріс. ІVкатегория
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс.
І категория
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің cіңірілу фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс. ІІІ
категория
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс.
ІІ категория
33~ ҚР ДСМ 2011ж. 24 сәуірде №218 бұйрыққа сәйкес туберкулезді инфекция ошағында химиопрофилактика жүргізіледі:
| қауіп тобындағы балалар мен жасөспірімдерге +
| барлық балалар мен жасөспірімдерге
| ТМБ + ошағындағы барлық балалар мен жасөспірімдерге
| ТМБ + ошағындағы тек инфицирленген балалар мен жасөспірімдерге
| барлық ВИЧ инфицирленгендерге
34~ Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің ажырату диагностикасын жүргізу қажет:
| барлық аталғандар +
| бейспецификалық лимфаденитпен
| лимфогранулематоз
| саркоидозбен
| орталық
35~ Асқынбаған біріншілік комплекс келесі рентгенологиялық белгілермен көрінеді:
| өкпе түбірінің кеңеюі және көлеңке құрамының өзгеруі +
| өкпе сегментін қамтитын гомогенді көлеңке және жиегі анық емес гомогенді қараю
| жиегі анық емес гомогенді көлеңке
| өкпенің бір сегментінде майда жұмсақ ошақтардың болуы
| өкпенің әртүрлі сегменттерінде майда ошақтардың болуы
36 ~ Біріншілік туберкулезді комплексті ажырату керек:
| жедел пневмониямен +
| өкпе рагы және оның өкпе лимфа түйіндеріне жайылуы
| өкпенің даму ақауы
| эозинофильды инфильтрат
| ателектаз
37~ Туберкулезді менингит кезінде емді бастау қажет:
| жұлын сұйықтығының анализінің нәтижесінен кейін +
| бірден бастау керек
| кеуде клеткасының рентгенограммасынан кейін
| дифференциальды диагностика жүргізгеннен кейін
| арнайы ем курсынан кейін
38~ Казеозды пневмония кезінде анықталатын клиникалық көріністер:
| көптеген «шапалақты» ылғалды сырылдар +
| жоғары дене қызуы
| субфебрильды температура
| құрғақ жөтел
| ылғалды жөтел
39~ Милиарлы туберкулездің рентгенологиялық белгісі:
| майда ұқсас ошақтар, өкпе суретінің азаюы +
| майда ошақтар және фокусты қараю
| майда ошақтар және ыдырау қуысы
| полиморфты ошақтар, фиброзды өзгерістер
| көптеген қосарланған ошақтар, өкпе суретінің күшеюі
40~ Кавернозды туберкулездің рентгенологиялық белгісі:
| сақина тәрізді ортасы ағарған көлеңке +
| өкпе түбірінің кеңеюі
| өкпе түбіріне жолдың болуы
| айналадағы тіндерде полиморфты ошақтар
| горизонтальды сұйықтық деңгейі
41~ Мектепте бірінші сынып оқушыларына туберкулезге қарсы екпе жүргізілді. БЦЖ вакцинациясынан кейінгі жиі асқынулар:
| суық абсцесс +
| региональды лимфаденит
| гематогенді жайылу
| келлоидты тыртық
| беткейлік жара.
42~ Науқас 29 жаста, жедел ауырды, ауруханаға мына белгілермен түсті: ентігу, басының ауыруы, құсу, дене қызуы 38,5°С, әлсіздік. Анамнезінде: балалық шағында омыртқа туберкулезімен ауырған. Өкпе рентгенограммасында: тотальды майда ошақты диаметрі 2-3 мм, жиегі анық емес, симметриялы, майда, интенсивтілігі аз ошақтар көрінеді. Қақырықта: ТБ анықталмаған. ЖҚА: лейкоцит 15х10*9, ЭТЖ 35 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығының анализі: цитоз – 1мл 229 жасуша, қабықша анықталды, ақуыз – 0,66 г/л.
Болжамды диагноз қойыңыз:
| инфильтрация фазасындағы милиарлы туберкулез +
| инфильтрация фазасындағы диссеминациялық туберкулез
| туберкулезді менингит. Базилярлы форма
| туберкулезді менингит. Спинальды түрі
| ошақты туберкулез, туберкулезді менингитпен асқынуы.
43 ~ 42 жасар өкпе туберкулезімен ауыратын науқаста қан қақыру пайда болды. Ем қабылдамаған жағдайдағы нәтижесі:
| аспирациялық пневмония+
| бронх туберкулезі
| плевра эмпиемасы
| гематогенді диссеминация
| амилоидоз
44~ 27 жасар науқас туберкулездің активті түрімен ауырады, туберкулезге қарсы препараттармен емдеуді бастады. Бір айдан кейін артралгия, есту қабілетінің төмендеуі, көру қабілетінің төмендеуі байқалды.
Себебін көрсетіңіз:
| пиразинамидке жағымсыз әсер +
| стрептомицинге жағымсыз әсер
| рифампицинге жағымсыз әсер
| этамбутолға жағымсыз әсер
| канамицинге жағымсыз әсер
45 ~ 35 жасар науқас соңғы екі жыл көлемінде өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрады. Кезекті рентгенологиялық тексеру кезінде оң жақ алтыншы сегментте деструкция қуысы анықталмады, бұрынғы каверна орнында дөңгелек пішінді фокусты көлеңке, интенсивтілігі орташа, жиегі анық, өкпе суреті күшейген. Қақырықта екі рет бактериоскопиялық әдіспен тексергенде ТМБ анықталған жоқ.
Диспансерлік есептің тобын көрсетіңіз:
| ІІ топ +
| І А топ
| І Б топ
| ІІІ топ
| І В топ
46 ~ 45 жасар науқаста оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінен ыдырау фазасындағы инфильтративті туберкулез, ТМБ оң анықталды. І категория. 5 ай көлемінде антибактериальды туберкулезге қарсы ем қабылдады. Нәтижесі: дезинтоксикация, инфильтраттың аздап сіңірілуі, бірақ ыдырау қуысы сақталған, қақырық жағындысында конверсия жоқ.
Ем жоспарын анықтаңыз:
| ем нәтижесіз болғандықтан науқасты ІІ категорияға ауыстырамыз +
| ем нәтижесіз болғандықтан науқасты ІІІ категорияға ауыстырамыз
| ем нәтижесіз болғандықтан науқасты ІV категорияға ауыстырамыз
| І категориядағы емді жалғастырамыз
| амбулаторлық емге ауыстырамыз
47~ Науқас 30 жаста. Жалпы тәжірибелі дәрігерге кеуде сарайының оң жағында қанжар сұққандай ауру белгісіне, мәжбүрлік қалыпқа шағымданып келді. Анамнезінде науқас диспансерлік тіркеуде кавернозды туберкулезбен есепте тұрады. Оперативтік емнен бас тартқан.
Науқасқа жедел жәрдем көрсету тактикасы:
| нейролептаналгезия, плеврадағы ауаны шығару +
| коллапсотерапия
| плевралды пункция жасау
| оттекті терапия
| өкпе резекциясы
48 ~ Науқас Н., 26 жаста. 4 ай бойы 1 категория бойынша емделген. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы сақталуда. Изониазид пен рифампицин дәрілеріне тұрақтылық анықталған. Категориясын анықтаныз:
| 4 категория +
| 1 категория
| 2 категория
| 3 категория
| 5 категория
49~ Кавернозды туберкулездің клиникалық көрінісі:
| айқын интоксикация белгілері +
| аурудың толқын тәрізді ағымы
| өкпе жүрек жетімсіздік симптомы
| айқын емес интоксикация белгілер
| бронхоспастикалық синдром
50 ~ Өкпенің туберкуломасын төменде аталған аурулармен ажыратамыз, мынадан басқа:
| өкпе рагы +
| саркоидоз
| рак метастазы
| қатерсіз ісікпен
| спецификалық емес пневмония




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет