1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
М-Ж.Көпеев шығармаларын зерттеушілерді, тарихи тұлғаларды, маңызды мәдени-тарихи жәдігерлерді және өлкетанушыларды облыс, республика мектептерінде кеңінен насихаттау.
Пәнді оқыту мақсаты:
Ақын, фольклоршы, публицист, ауыз әдебиетін жинаушы, ғалым Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өмірінен терең мағлұматтар ұсыну; Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын кеңінен насихаттау; студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, эстетикалық, философиялық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; М-Ж.Көпеев шығармаларының тілдік ерекшеліктерін меңгертуінде. М-Ж.Көпеев шығармаларының тілі, ақынның өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі, тілдік ерекщеліктері, сөздік құрамы мен грамматикасын таза лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, талдап шығу. Ақынның лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерінен мєлімет беру.
Достарыңызбен бөлісу: |