Пәннің міндеттері:
- ақын өмірінен жан-жақты мәліметттер беру;
- М-Ж. Көпеевтің ел аузынан жинақтаған ауыз әдебиеті мұралары жайлы кең түсінік қалыптастыру;
- тарихи деректерге назар аударта отырып, тарихи оқиғаларға баға беруге үйрету;
- әр тақырып аясында жүйелі жұмыс жүргізу арқылы шығармашылық бағытта еңбек ету қабілеттерін нығайту
- ғылыми бағыттағы тапсырмалар ретін ұсыну арқылы оқушыларды ізденіске баулу;
- монографиялық еңбектерді оқыту арқылы ғылыми бағыт-бағдар қалыптастыру.
Студенттер білуі тиіс:
- М-Ж.Көпеев шығармаларының тілдік-стильдік ерекшеліктерін білуі тиіс;
- Ақынның тілдік ерекшеліктерін шығармаларын талдау барысында анықтай білуі керек;
- Ақын тіліндегі лексикалық топтар мен серияларды таңдап алып, талдай білулері тиіс;
- Ақынның лексикалық, фразеологиялық ерекшеліктерінен білімдері болуы тиіс; ақынның стилистикалық ерекшеліктерін білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |